Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақ жыраулары хандарға қалай әсер етті

Қазақ жыраулары хандарға қалай әсер етті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті Эльмира Телеуова жыраулар поэзиясын көшпелі өркениет жағдайындағы негізгі рухани тірек деп бағалайды. Оның айтуынша, жыраулар тек ақын емес, елдің рухани көсемі, ханның кеңесшісі, мемлекет идеологы, тарихи оқиғалардың куәгері әрі бағалаушысы болды.

Ғалым Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезеңінде жыраулардың рөлі ерекше артқанын айтады. Саяси тұрақсыздық, сыртқы қауіп-қатер күшейген тұста мемлекет тұтастығын сақтау, ел бірлігін нығайту, хан беделін арттыру — басты міндет болды.

Фото: Эльмира Телеуованың жеке мұрағатынан

— Осындай жағдайда жыраулар ханның кеңесшісі, ел ішіндегі саяси ахуалды саралаушы, мемлекеттік идеяны насихаттаушы, билеушінің идеологы қызметін атқарды, — дейді ол.

Жыраулар хан кеңесінде, халық жиындарында сөз сөйлеп, ел тағдырына қатысты мәселелерді көтерді. Шығармаларында мемлекетті нығайту, ел қорғанысын күшейту, жауынгерлік рухты көтеру негізгі тақырыпқа айналды.

Ал Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жарылқасын Жаппасов жырауды тек «ақын» деп атау жеткіліксіз дейді.

— Жырауды тек «ақын» деп шектеу дәстүрлі қоғамның билік пен қауым арасындағы байланыс тетігін тарылтып көрсетеді. Жырау — сөз өнерінің иесі ғана емес, хан ордасы мен елдің арасында жүретін, қоғамдық пікірді ұйыстыратын, биліктің әрекетін әдет-ғұрып өлшемімен таразылайтын тұлға, — дейді ол.

Оның айтуынша, хандық қоғамда биліктің заңдылығы тек күшпен емес, жұрт қабылдаған «жолмен» өлшенді. Сондықтан «жол» өлшемін тілге түсіретін, ханға да ашық айта алатын бедел иелерінің салмағы артты.

Жиембет пен Есім хан

Жиембет жырау мен Есім хан арасындағы байланыс — жыраулардың саяси ықпалының айқын көрінісі.

Эльмира Телеуованың айтуынша, Жиембет Есімді ақ киізге көтеріп, хан сайлағандардың қатарында болған. Ол Кіші жүздегі әмір қызметін атқарып, 1620 жылғы ойраттармен соғыста, 1627 жылы Тұрсын хан бүлігін басуда шешуші рөл атқарған.

Ал Жарылқасын Жаппасовтың сөзінше, Жиембет жырауды тек «өлең айтқан ақын» деңгейінде қалдыру — оның дәуірлік рөлін толық ашпайды.

Фото: Жарылқасын Жаппасовтың жеке мұрағатынан

— Дәстүрлі сипаттауларда да, кейінгі ғылыми пайымдарда да Жиембет жырау Есім хан ордасына жақын жүрген, ел ішінде сөзі өтетін, би ретінде танылатын, әскери ортаға да қатысы бар бедел иесі ретінде көрінеді. Бұл — сырттан телінген баға емес, ең алдымен жыраудың ханға қарата айтқан өз сөзінде бар айғақ, — дейді ол.

Жырау Есім ханға арналған толғауында өзін ханның маңындағы жай бір адам ретінде емес, нақты салмақ иесі ретінде таныстырады:

«Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл менің кеңесім.

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін».

Бұл жолдар Жиембеттің ордадағы мәртебесін бір-ақ ауызға сыйғызады. Ғалымның түсіндіруінше, «кеңесім», «сүйеніш», «демеу» тіркестері — жыраудың шешім маңындағы салмақ иесі екенін білдіреді.

— Жиембет ханға арналған екінші толғауында билікті «жол» өлшемімен таразылайды. Сол толғаудағы ең өткір, нақты түйін — «Хан ие, ісің жол емес» деген сөз. Бұл жерде «жол» — әдеттік құқықтың, дауды шешудің, билік жүргізудің қалыпты өлшемі, қоғам мойындаған әділет таразысы. Сондықтан жырау ханға «сенде билік бар» деп емес, «сол биліктің жүретін орны бар, одан ассаң жұрт қабылдамайды» деген жауапты ой айтады. Мұндай сөзді кез келген адам айта алмайды. оны айтуға бедел, бұрынғы қызметтің ізі, жұрт мойындаған салмақ керек, — дейді Жарылқасын Жаппасов.

Тарихшының пайымынша, Есім хан мен Жиембет жыраудың қатынасы жырау институтының тарихи табиғатын айқындайды, жырау — билікті дәріптеуші ғана емес, биліктің ел алдындағы өлшемін еске салатын, ханға тірек бола жүріп, ел бірлігін сақтаушы бедел иесі. Сол арқылы хандық билік пен халық арасындағы ішкі тепе-теңдік ұсталды.

Сын дәстүрі: Асан қайғыдан Махамбетке дейін

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт жырауларды «әуелі мемлекет қайраткерлері» деп бағалайды. Оның айтуына қарағанда, олар мемлекеттік билік сатысынан лайық орын алған.

Асан қайғының Жәнібек ханға қарата айтқан сөзі — соның дәлелі:

«Әй, Жәнібек хан!

Айтпасам білмейсің.

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Өзеуреп неге сөйлейсің?»

Мұқтар Әбілсейіттің пікірінше, жыраулар елдік, мемлекеттік мәселелерді көтерді. Асан қайғының ескертулерінің дұрыстығын кейінгі тарихи оқиғалар растады.

Сын айту дәстүрі Марғасқа жырау, Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы шығармаларында жалғасты.

— Махамбеттің «Хан емессің, Қасқырсың,

Қас албасты басқырсың…» деген жолдары — билікке ашық айтылған ащы шындықтың үлгісі, — дейді тарихшы.

Фото: Мұқтар Әбілсейіттің жеке мұрағатынан

Профессор бұл құбылысты халық даналығымен байланыстырады: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ».

Жыраулардың ықпалы

Жаппасовтың айтуынша, жыраулар хан шешімдерін формалды түрде бекітетін орган болмаған.

— Жырау хан билігін ресми түрде заңдастыратын орган емес, бірақ қоғамға ортақ әділет өлшемін жария ұстап, билікті сол өлшемге жақындататын сөз иесі болды, яғни ықпал екі деңгейде жүрген: моральдық-нормативтік және практикалық ықпал (ел ұстанымын жеткізу, келісімге келу мәдениетіне әсер ету), — дейді ол.

Эльмира Телеуова да жыраулардың кей жағдайда оппозициялық пікір білдіріп, хан қателігін ашық сынай алғанын атап өтеді. Бұл олардың беделі жоғары болғанын көрсетеді.

Дала тарихнамасы және философия

Мұқтар Әбілсейіт жырауларды «дала тарихнамасын сақтаушылар» деп атайды. Олардың жырларында тұлғалар шежіресі, көші-қон мекендері, жер-су атаулары, елдің ішкі-сыртқы жағдайы сақталған.

Фото: Мұқтар Әбілсейіттің жеке мұрағатынан

— Сонымен қатар жыраулар — «өз заманының ойшылы, көріпкел, «дала философтары». Мәселен, Шалкиіз жырау дүниенің өткіншілігін, тұрақсыздығын жырлаған. Ал Доспамбет жырау, Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет жырларында батырлық пен елдік мүдде тұтастықта көрінеді, — дейді ол.

Қорыта айтқанда, жыраулар мемлекет қайраткерлері деңгейіндегі бедел иесі, ханға кеңесші әрі қажет жерде сыншы, «жол» өлшемін ұстанған моральдық бақылаушы, ел бірлігін ұйыстырған сөз институты, дала тарихнамасының сақтаушысы болды. Жырау ханға тірек бола жүріп, хан әмірін қоғам мойындаған өлшеммен тексеріп отырды. Сол арқылы хандық билік пен халық арасындағы тепе-теңдік сақталды.

Еске салайық, бұған дейін қазақтар қыстан қалай шыққаны туралы жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Ақпан 2026 12:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары