Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Индерліктер АралТұз АҚ мен АралСода жобаларына тағы да қарсы шықты

Индерліктер АралТұз АҚ мен АралСода жобаларына тағы да қарсы шықты

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Индер ауданында тұзды көлді игеру жобаларына қатысты қоғамдық тыңдаулар тағы да шиеленісті жағдайда өтті.

Халық инвесторлардың келіп, жұмыс орындары ашылады деп қуантқанымен тұзды көлдің болашағы қатты алаңдатып отырғанын баса айтты. Тұрғындар экологиялық қауіп-қатерлерді алға тартып, көлдің табиғи тепе-теңдігіне зиян келуі мүмкін екенін айтты. 

Жұртшылықтың жеткілікті құлағдар болмауынан мәдениет үйінің залы тола болмағанымен біраз адам жиналды. Бұл жолы халық «Біздің көл – біздің байлығымыз», «Тұздыкөлді қорғайық», «Украдете соль – следствия оставите нам», «Инвесторлар кетеді, проблемалар қалады» деген лозунгілерді тағы да көтеріп шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуірде таңертең түске дейін «АралТұз» АҚ-ның, ал түстен кейін «АралСода» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауларының өту графигі белгіленген болатын. Алайда төраға, аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин түстен кейін өтетін «АралСода» ЖШС-нің қоғамдық тыңдауын өткізу қажет таппайтынын мәлімдеді. Бірақ енді тыңдаудың халыққа қашан өтетіні сол уақытта хабарланбады, кейін ғана 4 мамыр, 15.00-де аудандық мәдениет үйінде болатыны белгілі болды.

Ақпарат жеткіліксіз болғандықтан зал толық толмады, дегенмен қатысушылар саны жеткілікті болды. Артур Мурзин «АралСода» ЖШС-нің жобалары бойынша «Тұзды көл» кен орнындағы кен жұмыстарынан қоршаған ортаға әсерін бағалау мәселесі талқыланатынын, жұртшылықтың сақтауды, мәдениеттілік танытуды сұрады.

МАҚСАТТАРЫ – ТҰЗДЫ ӨНДІРУ МЕ, БАРЛАУ МА?


Жеке эколог Даулет Асанов «АралСода» ЖШС-нің басымен слайд арқылы таныстырды. «АралТұз» АҚ-ның қоғамдық тыңдауында айтылғандарды тағы да қайталаған баяндамашы Индер көлі – көл түріндегі ең ірі ас тұзы кен орны болып табылатынын, «АралТұз» АҚ мен «АралСода» ЖШС әрқайсысы 10, жалпы 20 гектарға жер алып жұмысын жүргізбекші екенін жеткізді.

«АралСода» ЖШС қазба жұмыстарын жүргізетін жер Жайық өзенінен 16 км, ал кенттен 15 км жерде қашықта орналасқан. Экология департаменті екінші санатты тұз өндіруге болады деп рұқсат беріпті.

ЖШС Индер көлінің бір бөлігінде №1251-EL КПК (қатты пайдалы қазбалар) барлау лицензиясының шеңберінде ас тұзын өндіру кезеңіне өтті деді баяндамашы.

2026–2035 жылдарға ерекше қорғалатын аймаққа кіріп тұратын іс-шараларын жоспар жасақталып, ауа сапасы, жерүсті сулары, топырақтың сапасын бақылап отыру мониторинг жүргізілетінімен баяндамасын аяқтады.

Баяндамашы тарапынан сұрақтар көп қойылды, халық компанияның не мақсатпен келетінін ашып айтуын талап етті.

– Біз қазір нақты қай технологиямен келетінімізді айта алмаймыз. Тек барлау жұмыстарының нәтижесінен кейін қандай зауыт немесе фабрика салынатыны белгілі болады. Сол кезде тағы да қоғамдық тыңдау өтеді. Біздің мақсатымыз – сапасы жоғары әрі қосымша құны бар тұз өндіру, – деп жауап берді Даулет Асанов.

Кейбір тұрғындар сұрақтарының жауабына қанағаттанбай, залдан тыныштық кетті. Ең бастысы «АралТұз» тұз шығарса, «АралСода» не өндіреді» деген сұраққа баяндамашы нақты жауап бере алмады.

Зейнеткер эколог Марат Мұқанов бұған дейін кездесу болып, сонда «АралТұз» тұз өндіреді, «АралСода» кальцийленген сода шығарады дегенін еске салып, ал бүгін тура жауаптан қашып отырғанын сыналды. 

Төраға баламаша халыққа жауапты дұрыс жеткізбей отырғанын ескертті.

Оның айтуынша, алдымен барлау үшін қазу жұмысы жүріп, сапасын анықтау үшін Қызылордаға жіберіледі, одан кейін сапасы анықталуына орай тұз, экспорттық ас тұзы, косметикалық тұз, көктайғаққа қарсы реагент, жем тұзын өндірілетінін екенін еске салды. 

«БІЗГЕ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ КЕРЕК»

Жиын тура екі сағатқа созылды. Бірлі-жарым жастар жұмыссыздықты жоюға осы компаниялар ықпал ететінін жеткізсе, ал көпшілігі көлді игеру аймақтың экожүйесін бұзып, тұзды желдермен ауаның ластануына жол беретінін, тіпті Жайық өзеніне қауіп төнетініне алаңдаушылығын білдірді.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жамбыл Дүйталиев жергілікті тұрғындардың ұсыныстары бұған дейін ескерілмей келгенін мәлімдеді.
– Бұдан бұрын кеңесте талқыланғанда ұсыныс берілді, бірақ олар орындалмай тұр. Біз көлдің ең шетінен, кенеттен қашықтау жерді алыңдар дедік, оған құлақаспай отырсыздар. Қазу кезінде земснарядты қолданыңдар дедік. Басында 10 гектар дедіңіздер, енді көлдің 68 пайызын барлауға алмастырыпсыздар екенін енді біліп отырмыз. Сіздер бұған дейін бізге айтқан жоқсыздар, жауаптарыңыз бір-біріне қайшы келіп халық түсінбеуде. Егер көлге залал келсе, бұл компаниялардың бізге керегі не? - деді ол.

Тұрғын Рафаэль Қапашев тәуелсіз мамандарды тартуды талап етті:

– Бізге көлді сақтап қалу керек. Бізге бұл компания мамандары емес, тәуелсіз эколог келіп жиналыс жасап түсіндіріп берсін, пайдасы мен зиянын көрсетіп. Халық әлі жеткілікті түсінбей отыр. 500 адамға жұмыс береді деп көлiмiздiң дел келмiзiден айырылыппыз. Ол бола ма, белгісіз ғой.

Ғазиз Ғабдуллин, қоғамдық белсенді, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы заң бұзушылықтар бар екенін мәлімдеді.

- Біріншіден, заңсыздыққа жол бергендерге прокуратура құқықтық баға беру керек, екіншіден заңсыз құжатты әкеліп отырған Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының кеңінен Индер ауданы халқын екіге жарып отыр, сол себептен басқарманың өзіне тексеріс керек. Осы жерде жұмыс жасап жатқан «Индертұз» мекемесі де сырт қалмайды. Жалпы бұл көлдің тынаудағы өтуі дұрыс емес. Сол себептен жүз жылдық тарихы бар «АралТұз» АҚ-ның жұмысымен танысу үшін ауданнан комиссия шығарып, Қызылордаға барып көрсін, қандай халыққа пайдасы тиіп жатқанын, - деді ол.

Тұрғын Айтөре экологиялық қауіпсіздікке беріліп отырған кепілдіктерге сенбейтінін мәлімдеді.

– Мен инвесторлардың келуіне қарсы емеспін, себебі жұмыссызбыз. 3 метр тереңдікте қазамыз дейді, біз білмейміз ғой қанша тереңдікте қазып жатқанын. Су бетке шығып кейін құрғайды,сосын тұзымыз ұшып ауаны ластап, жерімізді бүлдіреді. Экологиялық апат болмайтынына сіздер кепілдік бере алмай отырсыздар. Алдымен көлді айналдыра көгалдандырып беріңіздер де жұмысты бастаңыздар.

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ БОЛЫП ЖАТСА ҰРПАҒЫМЫЗ БЕТІМІЗГЕ ТҮКІРЕДІ»

Экожанашыры, Қызылқоға ауданы мәслихатының депутаты Есенбай Нұров көлге ерекше қорғалатын аймақ мәртебесін қайтаруды, лицензияларды кері қайтаруды, толыққанды тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізуді және халықтың келісімінсіз жобаны бастамауды талап етті.

Жиын соңында Артур Мурзин қоғамдық тыңдаудағы барлық ескертпе, ұсыныс, пікірлер барлығы хаттамаға енгізілетінін атап өтті.

Әкімнің орынбасары өз сөзінде тұрғындардың алаңдаушылығы орынды екенін мойындады.

– Сіз, баяндамашы, слайден судыратып айтып беріп отырсыз, халық түсінбей қалып жатыр. Алдымен «АралСода» ЖШС-нің тарихын, қаншалықты жұмыс атқарып жатқанын айту керек еді. Халықтың жан айқайын дұрыс түсініп отырмын. Егер бес-он жылдан кейін жеріміз сорға айналып, экологиялық апат болып жатса ұрпағымыз бетімізге түкіреді. Сіздер экологиялық апат болмайтынына кепілдік бере алмай отырсыздар. Бұл жерде қоршаған орта бүлінбеу керек. Ал экологиялық апат болып жатса ұрпағымыз бетімен түкірмеді. Сіздер экологиялық апат болмайтынына кепілдік бере алмай отырсыздар. Бұл жерде қоршаған орта бүлінбеу керек. Ал лицензия жөнінде прокуратура құқықтық баға беруі тиіс, - деді ол.

Индерліктер бұл қоғамдық тыңдаудан кейін Қызылордада екі компанияның жұмысымен танысып, пайдасы мен зиянын екшеу үшін арнайы адамдар бару ұйымдастырылып жатқанын айтты.

"АЖ" анықтамасы

«АралТұз» АҚ, «АралСода» ЖШС Алматы қаласында тіркелген «YASAI HOLDING» холдинг құрамында. «АралТұз» Қызылорда облысында, Арал ауданында тұз өндірумен айналысатын кәсіпорын. Жүзжылдық тарихы бар кәсіпорында мыңға жуық адам еңбек етеді. Йодталған тұз өндірумен айналысатын компания йодты Алматыдан алады. Халықаралық стандартпен жұмыс жасайтын кәсіпорын өнімдері ТМД еліне, Түркия еліне экспортталады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

Бүгін, 13:28

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 15:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары