Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Мәйіттік донорға мұқтаждар көп

Мәйіттік донорға мұқтаждар көп

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Сандар сөйлесін

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда білікті дәрігерлер жұмыс істеп жүр. Барлық 7 трансплант-орталықтар медициналық жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Яғни, жоғары технологиялық оталар осы 7 трансплант-орталықта жасалады. Олар: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр трансплантациясы және көздің мөлдір қабаты (роговица) трансплантациясы.

Жылдан-жылға кезекте тұрған пациенттердің саны артып келе жатыр. Қазіргі уақытта 4 500-ден аса мұқтаж пациенттер бар. Ал осы көрсеткіш осыдан 2021 жылы 3 000-ға жуық болған.

Қазақстанда адам тірі күнінде eGov арқылы өзі қайтыс болғаннан кейін органдарын басқа адамға донор ретінде ұсынуға келісім бере алады. Алайда, заң бойынша үйлестіру орталықтары ол кісі қайтыс болғаннан кейін «ол мәйіттік донор болуға келісім берген» деп, зайыбынан, туған-туыстарынан келісім сұрайды. Яғни, көзі тірісінде келісім берсе де, жақындарынан рұқсат сұралады.

Осы тұста айта кетейік, исламда және басқа діндерде де «бір адамның өмірін құтқару бүкіл адамзатты құтқарумен бірдей» деп айтылады. Сондықтан барлық дін мұндай істі құптайды. Білуімізше, трансплантацияға мұқтаждық болса әрі өз еркімен және көзі тірісінде рұқсат етілген болса, дін жағынан ешбір қайшылығы жоқ деген мүфтияттың пәтуалары бар.

  Жансақтау бөліміне түскендердің барлығы донор бола алмайды

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының (ҰҒОО) хирург-трансплантологы Мэлс Асықбаевтың айтуынша, «жансақтау бөліміне түскен кез келген науқас – донор болады» деген қағида жоқ, ми өлімі тіркелген жағдайда ғана мәйіттік донор болады.

«Мәйіттік донор болу үшін ми өлімі тіркелу керек. Сол орайда невропатологтар мен нейрохирургтардан құралған комиссия құрылады. Мысалы, басқа бір қалада пациент инсульт болып немесе бас жарақатымен ауыр халде жансақтау бөлімшесіне түссе, оған арнайы медициналық тексерулер жүргізіледі. Тексерулер бойынша теріс сынамалары болса ғана бас миының өлімі тіркеледі. Егер есі анық, медициналық тексеру кезінде барлығы дұрыс болса, донор ретінде қарастырылмайды», дейді М. Асықбаев.

Мэлс Нұрсейітұлының сөзінше, медициналық тұрғыда зерттелген әрі тұжырымдалған қағида бойынша бас миы өлгеннен кейін, қайтадан қалпына келмейді.

«Клиникалық өлім дегеніміз – жүрек тоқтап, қайта қалпына келтірілген жағдай. Ал биологиялық өлім – жүректің толық тоқтауы. Осы тұста айта кетейік, көбі ойлайды «жүрек тоқтағаннан кейін мәйітханада органдары алынады екен» деп. Бұл қате пікір. Ағза алынбайды. Өйткені адамның жүрегі тоқтағаннан кейін ешбір ағза жарамды болмай қалады.

Ағза ми өлімі тіркелсе ғана алынады. Бас миының өлімі тіркелгеннен кейін, ағзалары арнайы аппараттармен ғана жұмыс істеп тұрады. Ал одан кейін қанша уақыт өмір сүре алатыны – әр пациенттің жарақатының ауырлығына байланысты. Мысалға, пациенттің ми өлімі тіркелгеннен кейін 1 сағатта жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда 1 тәуліктен соң жүрегі тоқтауы ықтимал. Максималды межені нақты білмеймін. Көп жағдайда ұзаққа созылмайды, өміршеңдігі 1 тәулік қана. Өзімнің тәжірибемде – 5 күннен кейін аппараттың ешбір көмегі тимей, жүрегі тоқтап қалған жағдай болды», деді М. Нұрсейітұлы.

Мәйіт донорлығына келісім бергендер саны 3 есе артты

 
Ағза алмастыруын күткен адамдар неге бірнеше рет шақырылады?

Ағзасын алмастырған бір азаматтың айтуынша, бірнеше жылда төрт рет шақырту болған. Бастапқы екі шақырту кезінде туыстары рұқсат бермеген, үшінші-төртінші жағдайда басқа науқастардың ағзасы алмастырылған. Бесінші мәрте шақырылған кезде ғана ота жасалыпты.  

Мэлс Асықбаев атап өткендей, арнайы TRIS бағдарламасы (медициналық ақпараттық жүйе) бар. Аталған жүйеде күту парағында тұрған пациенттердің барлығы тізімде тұрады. Мәйіттік донор пайда болған кезде, қанына анализ жасап, сол бағдарламаға салады. Ал бағдарлама автоматты жүйе бойынша кімге сәйкес келетінін анықтайды. Мысалы, ми өлімі тіркелген донор 1-қан тобында болатын болса, бағдарлама сол топтағы пациенттерді іздейді.

«Бағдарлама кем дегенде 3 немесе орташа есеппен 10 пациентке дейін таңдайды. Сол таңдалған пациенттерге трансплант-үйлестіруші телефон соғып, ота жасалатын орталыққа шақырады. Орталыққа келгеннен кейін пациенттер медициналық толық тексеруден өткізіледі. Тексеру барысында қарсы көрсеткіштер анықталып қалуы мүмкін. Асқазанның жарасы болса, дене қызуының көтерілуі немесе тұмаумен ауырып қалған жағдайлар болса, бұл дегеніміз – мысалы, жедел бүйрек трансплантациясын жасауға қарсы көрсеткіш болып саналады. Тексеру бойынша қарсы көрсеткіші жоқ, сынамаларының сәйкестігі ең жоғары науқас ота жасауға жіберіледі», дейді М. Асықбаев.

Ал отаға кімнің келетінін дәрігерлер алдын ала білмейді. Өйткені сәйкес пациенттерді АҚШ-тағы UNOS бағдарламасы сияқты, Қазақстанда TRIS бағдарламасы таңдайды. Яғни, бұл тұста адами фактор толық шектелген.

Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды

Барлық елде туыстардан рұқсат сұрала ма?

Деректерге сүйенсек, ТМД елдерінің ішінде Беларусь реципиенттердің мәселесі шешілген бірден-бір ел. Аталған елдің күту парағында 2008 жылға дейін 3 500 адам тұрса, қазір кезекте бүйрекке мұқтаж 250 ғана адам. Оларда ми өлімінен кейін туысқандарынан рұқсат сұралмайды екен.

Еуропалық дамыған елдерде марқұм көзі тірісінде рұқсатын берсе, ми өлімі тіркелгеннен кейін ешбір туысқанынан рұқсат сұралмайды, «донор болуға келісім берген» деп ағзаларын алады екен.

Ал Қазақстанда туыстарынан рұқсат сұралады. Осы тұста айта кетейік, марқұмның жақындарын мазалау қазақтың табиғатында болмағандықтан, қайғырып отырған адамнан барып рұқсат сұрау – оңай емес. Оның үстіне кез келген туыс үшін ондай хабарды есту – ауыр соққы. Туыстары «кезінде келісім берген екен» деген хабарды алғаш рет естіп, сенбеуі де мүмкін.

«Заңғар» заңгерлік компаниясының директоры Айнұр Рахымжанованың айтуынша, марқұм тірі күнінде донор болуды қалағанымен, туыстары келісім бермесе, донор бола алмайды. Соңғы сөз айналып келіп, туыстарының келісіміне тіреледі.

«Адам әдетте, өзі ауырып денсаулығы нашарламай, жалпы медицинада не болып жатқанын, оның ішінде трансплантация туралы ойлана қоймайтыны анық. Дін рұқсат берсе де, қоғамда көптеген адамдар «12 мүшемен тудық, сол 12 мүшемен қайтамыз» деген көзқарасты ұстанады, сондықтан осындай пікірге сүйенген марқұмның жақындарының көбі «жоқ» деп келісімдерін бермейді», дейді А. Рахымжанова.

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Айта кетейік, мәйіттік донорлықты айтпағанда, туыстық донорлық Қазақстанда толығымен рұқсат етілген. Туыстық донор арқылы аман-есен жүрген қаншама адамдар бар. 

«Мәйіттік донор тірі кезінде келісім бергеннен кейін өзінің үйіне келіп, жұбайына, балаларына, туған-туыстарына: «Келісім бердім. Күндердің күнінде осындай жағдай болған кезде менің органдарымды басқа бір адамның өмірін сақтау үшін беруге рұқсат беріңдер, менің шешімімді қабылдаңдар» деген секілді әңгімелерді айту керек, eGov-та келісімін беріп қойып, тып-тыныш жүре бермей, жақындарына айтқаны жөн деп ойлаймын», дейді А. Рахымжанова.

 

Мамандар егер науқас көзі тірісінде келісім беріп кетсе, туыстардан рұқсат сұралмаса, яғни, заңға өзгеріс енгізілсе деген ойды айтады.

«Заңға өзгеріс енгізуге болады... Бірақ қоғам соған дайын ба? Қоғам арасында жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп және сауалнама алып, «Қазақстан азаматтарының қанша пайызы осыған дайын?» деген мәселені анықтау керек шығар. Осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана заңға мүмкін өзгеріс енгізуге болатын шығар», деп түйіндеді «Заңғар» заңгерлік компаниясының директоры Айнұр Рахымжанова.

Мәйіттік донорлықты дамытуға не кедергі

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 18:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03 Тамыз 2026 09:37see133

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see117

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

03 Тамыз 2026 08:36see117

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03 Тамыз 2026 11:33see116

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

03 Тамыз 2026 11:48see115

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

03 Тамыз 2026 09:18see114

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

03 Тамыз 2026 15:00see113

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see111

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03 Тамыз 2026 15:45see111

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see109

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

03 Тамыз 2026 13:06see109

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

03 Тамыз 2026 12:48see109

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

03 Тамыз 2026 08:57see108

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see107

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see107

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

03 Тамыз 2026 11:11see106

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see106

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see106

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

03 Тамыз 2026 13:00see106

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары