Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді

Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Абай облысында 114 адам бүйрек, 4 адам бауыр трансплантациясына мұқтаж.

Алайда еліміз бойынша донор тапшы. Сондықтан мәйіттік донор мәселесі жиі көтеріліп жүр. Дәрігерлердің айтуынша, өңірде өзгенің өмірін құтқаруға ықтияр азаматтардың қатары көбейді. еGov мобильді қосымшасы арқылы 3 мыңға жуық тұрғын өмірден өткеннен кейін, мәйіттік донор болуға келісімін берген.

40 жастағы Алексей Воронцов бала кезінен созылмалы гломерулонефрит дертімен күресіп келеді. 2023 жылы денсаулығы нашарлап ауыр халде реанимацияға түседі. Оған созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Қазір аптасына 2-3 рет гемодиализбен қанын тазалайды. Әр процедура 3,5 сағатқа созылады.  Ол бүйрек трансплантациясын күтіп жүр.

Алексей Воронцов, қала тұрғыны:

- Мұндай жағдайды өз басынан өткермеген адам қарсы болуы мүмкін. Ал мен бұл тақырыппен бетпе-бет келгендіктен әрине қолдаймын. Өйткені мұның қаншалықты қажет екенін бастан өткерген адам ғана түсінеді.

Семейде жалғыз бүйрек орталығы жұмыс істейді. Қазір гемодиализ бөлімінде 309 науқас ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша жыл өткен сайын гемодиализге мұқтаж адам саны артып келеді. Мәселен, 2023 жылы бұл көрсеткіш 249 адам болса, бүгінде  300-ден асты.

Венера Оралтаева, Бүйрек орталығының нефрология бөлімінің меңгерушісі:

- Ақсуат, Аягөз, Үржар және Көкпекті аудандарында филиалдарымыз жұмыс істейді. Облыс бойынша 80 гемодиализ аппараты бар. Науқастарды диализге қабылдаған сәттен бастап, біз бүйрек трансплантациясын қарастырамыз. Себебі, адамның өмір бойы гемодиализге тәуелді болмауы маңызды. Қазір күту тізімінде 109 адам бар.

Астана, Алматы және Шымкентте трансплантация орталығы бар. Операцияға мұқтаж жандар кезегін күтеді. Дәрігерлер науқастың бас миының қызметі тоқтағанын растаған жағдайда ғана, мәйіттік донорлық туралы айтуға болады. Яғни биологиялық өлім тіркелгеннен кейін жүзеге асады.

Ғалия Әлібаева, Трансплантация бойынша өңірлік үйлестіруші:

- Бір адамның қайтыс болуы жаңа өмірдің бастауы болуы мүмкін. Өйткені бір донор жеті адамның өмірін сақтап қала алады. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам адам трансплантация бойына кезекте тұр. Олардың 120-дан астамы балалар. Абай облысында 114 адам бүйрекке, 4-еуі бауырға мұқтаж.

Дін өкілдері де қайтыс болғаннан кейін, басқа адамға өмір сыйлау сауапты іс екенін айтады. Бірақ оның да бірнеше шарты бар.

Құттыбек Түменбай, Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің наиб имамы:

- Қайтыс болайын деп жатқан кезде ақыл есі сау бола тұра өсиет етіп жататын болса, «менің осы мүшемді басқа адамдарға рұқсатымды беремін» деген секілді шарттар болуы қажет. Осы кезде ол жүзеге асады. Бұл ұрпақ тарататын мүше болмауы керек. Тірі адамда да, өлі адамда да.

Дегенмен кез келген адам донор бола бермейді. Қант диабеті, жүректің ишемиялық аурулары бар немесе онкологияға шалдыққан науқастар жарамайды. Қазір елімізде 130 мыңнан астам адам донорлыққа ниет білдірген, олардың шамамен 3 мыңы Абай облысының тұрғындары.

Бүгінде еліміз бойынша 4 мыңға жуық адам трансплантацияға мұқтаж. Донорлық орган олардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қайтыс болғаннан кейін донор болуға ниет білдіру үшін eGov мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, заңға сәйкес, шешімді қайтыс болған адамның жақындары қабылдайды.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары