Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Көлік мінген қарызға тұтыла ма?

Көлік мінген қарызға тұтыла ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алғашқы жарнасы аз, төлем мерзімі бес-жеті жылға созылады. Жарна­мада көліктің толық құны емес, «айына небәрі 150 мың теңге» деген сома көрсе­тіледі. Осылайша темір тұлпар бұрынғыдан қолжетімді көріне бастады. Бірақ ай сайынғы төлемнің тасасында ұзақ жылға созылатын үлкен міндеттеме тұрғанын көбіміз елей бермейміз.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеде елдегі автонесие портфелі 4,2 трлн теңгеге жеткен. 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш шамамен 1 трлн теңге болған. Демек, үш жарым жылдың ішінде автонесие нарығы төрт еседен астам ұлғайған. 2023 жылы өсім 77 пайызды, 2024 жылы 53,8 пайызды, ал 2025 жылы 42,1 пайызды құрады. Ұлттық банк халыққа берілген несиелердің ішінде автокөлік сатып алуға арналған қарыздарды жеке санат ретінде есептей бастады. Мұ­ның өзі осы нарықтың банк жүйесінде қанша­лықты салмақты орын алғанын аңғартады. 

Нарықтың жылдам өсуімен бірге төлемі қиындаған несиелер де көбейді. Ұлттық банк деректеріне сүйенген Банктік омбуд­с­манның мәліметінше, проблемалық автоне­сиелер көлемі 2023 жылы 93,8 млрд теңге болса, 2024 жылы 179,4 млрд теңгеге, 2025 жылы 211,5 млрд теңгеге жеткен. Ал 2026 жылғы 1 шілдеде 238,6 млрд теңгені құрады. Яғни үш жарым жылға жетпейтін уақыт­та проблемалық берешек 2,5 есе артқан. Бұл жай ғана құрғақ сан емес. Оның артында ай сайынғы төлемін кешіктіріп жүрген, табысы азайған немесе несиесін басқа қарызбен жауып отырған мыңдаған отбасы тұр.

Несие сапасын көрсететін тағы бір маңызды өлшем бар. Ол – үшінші сатыдағы, яғни құнсыздану немесе дефолт белгісі байқалған қарыздардың үлесі. 2025 жылы мұндай автонесиелердің үлесі 5,3 пайыз болса, 2026 жылғы 1 шілдеде 5,6 пайызға жеткен. Салыстыру үшін айтсақ, ипотекадағы осындай қарыздардың үлесі небәрі 1,3 пайыз. Демек, автонесиедегі тәуекел ипотекамен салыстырғанда төрт еседен де жоғары. 

Банктік омбудсман не дейді?

Бұл көрсеткіштер әзірге бүкіл нарық дағдарысқа түсті деген сөз емес. Бірақ көлікті несиеге алудың қалыпты тұрмыстық әдетке айналуы қарыз қаупін көмескі­лендіріп жібергенін көрсетеді.

Омбудсманның мәлімдеуінше, көп адам көлік аларда оның түпкі бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін сұрайды. Мәселенің түйіні де осында.

Айына 150 мың теңге төлей алатын адам дәл осы сомаға сай несие таңдауы мүмкін. Бірақ көлікке жұмсалатын шығын банк төлемімен бітпейді. Жанармай, міндетті сақтандыру, кейде КАСКО, май мен сүзгі ауыстыру, жөндеу, қысқы және жазғы шина, салық, тұрақ пен көлік жуу секілді шығындар қосылады. Жүрілген көлік болса, күтпеген жөндеуге қомақты қаражат қажет болуы ықтимал. Сөйтіп, банкке төленетін 150 мың теңге іс жүзінде отба­сы қалтасынан ай сайын 220-250 мың теңге шығаруы мүмкін. Бірақ несие мақұлданар кезде осы қосымша шығын­дардың бәрі бірдей есепке алынбайды.

Үй мен көліктің айырмасы да осында. Үйдің бағасы ұзақ мерзімде өсуі мүмкін. Ал көлік салоннан шыққан күннен бастап арзандай бастайды. Сондықтан оның кепілде тұрғаны отбасы бюджетін қауіптен толық қорғамайды.

Қазақстанда азаматтардың шамадан тыс қарыз алуын тежеу үшін борыш жүк­те­месінің коэффициенті қолданылады. Ол адамның барлық несие бойынша ай сайынғы төлемін оның табысымен салыстырады. Шекті деңгейі – 50 пайыз. Мысалы, айлық табыс 500 мың теңге болса, барлық қарыз төлемі, жалпы ереже бойынша, 250 мың теңгеден аспауға тиіс. Алайда 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылдың соңына дейін кейбір автонесие­лерге осы талапты қолданбау жөнінде уақытша жеңілдік енгізілді. Ол кепілдегі жаңа көлікке, сондай-ақ алғашқы жарнасы белгілі бір деңгейден жоғары кейбір жүрілген көліктерге қатысты. Реттеуші мұны автокөліктің несие кепілі болуымен түсіндірген. 

Бірақ кепіл банктің тәуекелін азайт­қаны­мен, қарыз алушының күнделікті шығынын кемітпейді. Адам жұмысынан айырылса, машинасының кепілде тұрғаны азық-түлік пен коммуналдық төлемге ақша тауып бермейді.

Қарызды қайта құрылымдау тәртібі⁠ қандай? 

Сондықтан 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер автонесие беру кезінде борыш жүктемесінің коэффициентін қайта есепке алады. Бұған қоса, азаматтың жалпы қарызын оның жылдық табысымен салыстыратын жаңа көрсеткіш енгізілмек. Агенттіктің түсіндіруінше, жиынтық борыштың жылдық табысқа қатынасы шамадан тыс қарызды несие берілмей тұрып анықтауға мүмкіндік береді. 

Бұл – автонесиеге тыйым салу емес. Несиені адамның төлеу қабілетіне жақындату әрекеті. Өйткені банктің «мақұлданды» деген хабарламасы «бұл қарыз сізге қауіпсіз» деген кепілдік емес.

Қарызды қарызбен жабудың соңы

Төлем қиындағанда жасалатын ең қатерлі қадам – автонесиені жабу үшін тұтынушылық несие немесе шағын несие алу. Бір айдың мәселесі шешілгендей көрінеді. Бірақ келесі айда екі қарыздың төлемі қатар келеді. Осылайша жаңа несие ескі қарызды асырайтын тұйық айналым басталады.

Қарыз алушының ең үлкен қателігі – жағдай түзелер деп күтіп, бірнеше ай үндемей жүру. Қазақстанда төлем жасау қиындаған азамат банкке несие шарттарын өзгерту туралы ресми өтініш беруге құқылы. Мерзімді ұзарту, ай сайынғы төлемді азайту, уақытша шегеру, төлем кестесін өзгерту, өсімпұлдың бір бөлігін есептен шығару немесе кепілдегі көлікті өз бетінше сату секілді жолдар қарас­тырылуы мүмкін. Өтінішті қарағаны үшін банк ақы ала алмайды. Бұл тәртіптің барлық банктер мен микроқаржы ұйымдарына қолданы­латынын Агенттік те түсіндірген. 

Банкпен мәмілеге келу мүмкін болмаса, Банктік омбудсманға жүгінуге болады. Бірақ оған дейін банкке берілген өтініш пен жауапты, несие шартын, төлем кестесін және табыстың төмендегенін растайтын құжаттарды сақтаған дұрыс.

Автокредит елдегі көлік паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Көп адамға жұмысына қатынауға, отбасын тасымалдауға, кәсіппен айналысуға жағдай жасады. Сондықтан автонесиені тұтасымен жаман құрал деу дұрыс емес. Мәселе – оны қалай және қандай есеппен алуда.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қыркүйек 2026 06:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see117

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары