Ақтауда қызметтік көлік мінген полицей бүлдіршінді қағып өлтірді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтаудағы аулалардың бірінде полиция қызметкері қызметтік көлікпен бір жарым жасар баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтаудағы аулалардың бірінде полиция қызметкері қызметтік көлікпен бір жарым жасар баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 13 мамырда 27-шағынауданда болған. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті қызметтік көлік тізгінінде құқық қорғау органының қызметкері болғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, тұрғын үй маңындағы жолда жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан бала оқиға орнында қаза болды.
"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ департамент қаза тапқан баланың отбасына көңіл айтып, ведомство басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.
Басылымға бейресми дереккөз берген мәлім бойынша, жүргізуші алкогольдік және наркологиялық куәландырудан өткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бойынан алкоголь немесе психотроптық заттарды тұтыну белгілері анықталмаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас қайғылы жағдай Астанада болған еді. Тұрғын үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып, бала мерт болды.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 11:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















