Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Соғыс шыңдаған тағдырлар

Соғыс шыңдаған тағдырлар

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталған. Жаңа өндіріс орны 1945 жылдың 8 қыркүйегінде алғашқы жанармайын шығарған. Бұл – еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдейтін кәсіпорын.

«Аса құпия» қаулы

Кәсіпорынның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қара­ғанда, КСРО мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1943 жыл­дың 14 сәуірінде №3181 қаулысы қабылданған. Алайда бұл туралы көпшілікке жария етілмеген. Өйткені қаулыға «аса құпия» таңбасы қойылған. Бұл қаулыда төрт мұнай өңдеу зауытының құрылысы үшін алаң дайындау айтылған.

Соның бірі – бұрынғы Гурьев қаласындағы мұнай өңдеу зауыты. Жаңа өндіріс орны бастапқыда «№441 зауыт» деп аталды. Өндіріс орнының құрылысы үшін Жайық өзенінен екі жарым шақырым қашықтықтан алаң дайындалыпты.

Жаңа зауыттың техникалық жобасын америкалық «Баджер және ұлдары» компаниясы әзір­леген. Кейін шетелдік компа­нияның жобасына түзету енгізі­ліпті. Оны КСРО Мұнай өнеркәсібі халық комиссариатына қарайтын №1 трестің, ал жергілікті жағ­дай­ға ыңғайлау жұмысын «Ембімұ­найжоба» кәсіпорының мамандары атқарған. Мұнай өңдеу зауытының құрылысын жүргізу КСРО Ішкі істер халық комиссариаты Аэродромдық құрылыс бас басқармасының 3-құрылыс басқармасына жүктелген.

Жайық өзенінің жағалауын­дағы бой көтеретін жаңа зауыт құ­рылысын жүргізу үшін Гурьев­ке 1943 жылдың 18 мамырында алғашқы эшелон келген. Оның құрамында көлік техникасы мен Аэродромдық құрылыс бас басқармасының қызметкерлері болған. Ал құрылыс басқармасына жетекшілік ету инженер, подполковник Иван Романовскийге тапсырылыпты.

«Тақыр жердің тегіс бетінен жасыл түстінің бәрін өшіріп тастаған. Бұл өңірдегі табиғаттың ғұмырнамасынан мүлдем сызылып тасталғандай, шөп те, ағаш та жоқ. Күннің ыстығынан күйіп кеткен осы сор өңірге енді соғыс күндері зауыт пен жанына қала­шық салу керек. Бірақ мұнда үй са­луға қажетті тас жоқ. Тек шаң мен тұз ғана бар. Алайда зауытты салу және іске қосуды тез атқару керек. Басқа амал жоқ», деп естелік қал­дырыпты И.Романовский.

Соғыс өрті әлі басыла қоймаған 1944 жылы зауыт құрылысы қар­қынды жүргізіліп, шешуші кезеңге таяған. Сол кезде құрылыс жұмысына 10 мыңнан астам адам тартылыпты. Дәл осы жылы жылу электр орталығы, су бөгеті, су таратқыш, тазартқыш нысандар, кәріз және жылыту желілері, тұрғын үй қалашығы секілді нысандар құрылысы аяқталған.

«Технологиялық қондырғылар тұрғызылды. Желтоқсанның алғашқы күндерінен су бөгетінде, жылу-электр орталығында, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінде құрылғыны кешенді сынақтан өткізу, іске қосу, жөндеу жұмысы басталды. 1945 жылғы 1 қаңтарда зауыттың жылу-электр орталығы пайдалануға берілді. Осы жылы технологиялық қондырғылардың, тұрғын үйлердің, зауыттық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандардың құрылысы қарқын алды. Пешной аралындағы ны­сан­дардың, зауыт пен аталған аралға дейінгі мұнай құбырының, көмірсутекті шикізат қабылдауға арналған резервуарлық парктің құрылысы жеделдетілді. Техноло­гиялық қондырғыларды монтаждау, асхананы, өрт сөндіру депо­сын, басқарма ғимараты мен хи­миялық зертхананы салу қар­қынды жүргізілді. Жаңа қалашық­тың құрылысы 18 айда салынды», деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Алғашқы жанармай қашан алынған?

Зауыт іске қосылған соң мұнай өңдеу мәселесі жедел қолға алынды. Жаңа өндіріс орнында алғашқы жанармайдың шығарылған күні – 1945 жылғы 8 қыркүйек. Сол кезде №441 зауыттың өнім өңдеу қуаты 800 мың тоннаны құраған.

«Мемлекеттік комиссия 1945 жылдың 1 қазанынан 17 қарашаға дейін зауытты өнеркәсіптік қол­данысқа енгізу үшін қабылдау жүр­гізді. Зауыт құрамына 17 өнер­кәсіптік нысан, «Тұрғын үй қала­шығы» шағын ауданы кірді. Ал негізгі нысандар қатарына техно­логиялық құрылғылар енгізіл­ді. Бұл – термиялық крекинг және мұнайды тікелей айдау блок­тері­мен құрамдастырылған, ката­ли­тикалық крекинг және таза­лау, газофракциялық және күкіртті қышқылды алкилдеу қондырғылары. Сол кезде осы нысандармен бірге орталық зертхана жұмысын бастады», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Мәселен, каталитикалық крекинг және тазалау қондырғысын іске қосу үшін 30 сорғы жабды­ғы сынақтан өткізіліпті. Турбоком­прессорда сынақ, 9 реакторда катализатор жүргізілген. Атал­ған қондырғы 1946 жылдың басында толық іске қосылып, техно­логиялық режімге шығарылған екен. Қондырғыдан өнім алу үшін жеткізілген шикізат жылына 346 мың тоннаны құраған. Бастапқыда қондырғыға шикізат Бакуден әкелінген. Кейін жергілікті мұнайдан жасалған дистиллятқа ауыстырылған.

1946 жылы тағы бір қондыр­ғы іске қосылған. Бұл – газофрак­циялық қондырғы. Оған бір жылда 325 мың тонна шикізат жеткізілген. Сөйтіп, одан жылына 83,8 мың тонна авиациялық компонент, 52,6 мың бутан-бутилен фракциясы, 6,8 мың тонна изобутан, құрғақ отын газы өндірілген.

Сол жылы қолданысқа беріл­ген күкіртті қышқылды алкилдеу қондырғысынан бірнеше өнім шы­ғарылған. Тарқатып айтқанда, жылына 34,3 мың тонна авиациялық алкилжанармайы, 3,8 мың тонна автожанармай компоненті, 12,7 мың тонна пайдаланылған бутан-бутилен фракциясы, 0,68 мың тонна пропан алынған. Бұл өнімдерді алу үшін жылына 52,4 мың тонна шикізат қажет болған.

«Зауыт 1960 жылдан бастап Атырау облысындағы кен орындарынан өндірілген ауыр шайырлы мұнайды өңдеуді арттырды. Сол кезеңде жергілікті мұнайдың үлесі қайта өңдеу көлемінің 35–40 пайызын құрады. Мәселен, 1961 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытында өңделген шикізаттың 36 пайызы Ембі кен орындарынан өндірілді. Шығыс кен орындарындағы «қара алтынның» 36 пайызы, Түркімен кен орындарынан жеткізілген мұнайдың 28 пайызы өңделді», деді баспасөз қызметінен.

Тұңғыш мұнай өңдеуші қазақ әйелі

Атырау мұнай өңдеу зауыты­ның архивінде 20 мыңға жуық адамның жеке іс қағазы сақталып тұр. Соның бірі – еңбек жолын электр дәнекерлеуші болып баста­ған Зәуре Құмарованың дерегі.

Ол 1928 жылы бұрынғы Бақ­сай, қазіргі Махамбет ауда­нын­­дағы Таңдай ауылында дү­­ниеге келген. Өзі жазып қал­дыр­ған өмірбаянындағы дерекке қарағанда, ел-жұртты үрей­лендірген 1937 жылы әкесі, одан соң шешесі қайтыс болған. Туысқандары болмағандықтан, 1943 жылға дейін балалар үйіне тәрбиеленіпті. Сол жылы Бақсай ауданындағы Жамбыл атындағы мектептің 5-сыныбын бітірген.

Кейін Гурьев қаласындағы №9 училищеде 1945 жылға дейін білім алған. Ал 1945 жылғы 29 қарашада сол кездегі №441, қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмысқа қабылданыпты. Зауыттағы еңбек жолын электрмен дәнекерлеуші болып бастаған. Бір айдан соң №1 цехқа оператордың көмекшісі қызметіне ауыстырылған.

«1943 жылы Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі атандым. 1948 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым – Бердіхан Күзембаев, 1926 жылы туған. Ол – майдангер, 2-топ мүгедегі. Ұлым Асқар 1949 жылы, қызым Ботакөз 1951 жылы дүниеге келді. 1946 жылы 30 минут жұмыста болмағаным үшін мемлекет пайдасына 3 ай бойы жалақымнан ақы ұстап қалу туралы шешім шығарылды. 1951 жылы 14 маусымда Жоғарғы Кеңестің жарлы­ғымен соттылығым алынып тасталды. Жолдасым №8 цехта машинист болып қызмет атқарады», деп жазба қалдырыпты З.Құмарова.

Зәуре Құмарова – тұңғыш мұнай өңдеуші қазақ әйелі. Өйткені ол жұмыс істеген Атырау мұнай өңдеу зауыты еліміздегі ең алғашқы өндіріс орны екені даусыз. Ол бұл кәсіпорында табан аудармай, 30 жыл жұмыс істеді. Ал 1947 жылдан оператор қызметін атқарды. Ал 1959 жылы 5 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Сол кезде Жоғарғы Кеңестегі жалғыз қазақ қызы болған.

Күйеуі Бердіхан Күзембаевпен бірге өмірге 4 бала әкеліп, тәрбиеледі. Қазір қызы Гуля Бердіханқызы ата-анасының мекен-жайында тұрады.

«Шешем «Өндіріске бала ке­зімізден араластық. Аяғымыздың астына орындық қойып, 16 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істедік. Бізді ешкім аямайтын. №1 цехта жұмыс істеген кезімізде аптап ыстықтан дем алу мүмкін болмайтын еді. Соған қарамастан, елге қызмет ету біздің міндетіміз еді» дейтін еді. Бос уақытында қолғап тоқып, өзге де киімдерді тігіп, майданға жіберіп отырған. Көрген фильмдер мен оқыған кітаптарын әңгімелегенді жақсы көретін», дейді Г.Бердіханқызы.

Қызының айтуына қарағанда, әке-шешесі балаларының есі­мін оқыған кітаптарындағы кейіпкерлердің атымен атаған. Ұлдарының аты – Асқар, Амантай, қызының бірі – Ботагөз.

«Бала кезімде «Менің есімім неге Гуля?» деп ренжігенім бар. Сонда «Сенің есіміңді кино актрисасы, майданда ұшқыш болған Гуля Королеваның құрметіне қойдық» дейтін. Шешемді халық­тың тұрмыстық жағдайы көп алаңдататын. Екі ағайынды еді. Інісі де балалар үйінде тәрбиеленіп, кейін ауырып көз жұмған», дейді Г.Бердіханқызы.

Оның үлкен ағасы Асқар Башқұртстандағы қазақ диаспорасына басшылық етіпті. Ол сол елдегі қазақтардың тату болғанын қалаған.

Қазір Зәуре Құмарованың немересі Қаламқас Әубәкірова Атырау мұнай өңдеу зауытының орталық зертханасында жұмыс істеп жүр. Мамандығы – химиялық талдау лаборанты.

«Мен әжемнің зауыттағы еңбек жолын жалғастырып келемін. Әжемнің еңбексүйгіштігін, өз ісіне адалдығын үлгі тұтамыз. Зауыт­та әжем туралы жылы есте­­лік­тер әлі де айтылады. Ол көп­те­ген жұмысшының баспана алуына, қызметке орналасуына көмектескен ғой», дейді Қ.Әубәкірова.

Еліміздің мұнай өңдеу саласына еңбек сіңірген тұңғыш қазақ қызы Зәуре Құмарова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Алайда оған 1974 жылы денсаулығына байланысты ауыр жұмысты атқаруға тыйым салыныпты. Соған байланысты 1975 жылы II топ мүгедегі ретінде зейнетке шығып, 2008 жылы 80 жасында өмірден өтті.

Атырау облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see161

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see160

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see158

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see153

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see151

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see149

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see143

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see143

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see142

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see135

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see132

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see128

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see120

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see117

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see116

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see116

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see113

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары