Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Мамандар біліктілігін шыңдаған байқау

Мамандар біліктілігін шыңдаған байқау

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Таяуда Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде «Chocolatine Kazakhstan-2025» атты халықаралық байқауы өтті. Оған еліміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Наубайхана ісі» мамандығының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен де үміткерлер келіп қатысты.

Екі күндік іс-шарада алыс-жақыннан келген қонақтар байқау барысымен шектелмей, колледждің оқу ғимараты мен өндірістік базасын аралап, оқу орнымен тереңірек танысты. Алдымен колледждің төрт қабатты бас ғимаратын аралаған қонақтар ондағы жаңашылдық пен үйлесімділікті көрді.

Иә, есіктен кіргеннен-ақ мұнда мұн­таз­дай тазалық байқалады. Ғимарат­тың төрт қабаты түгелімен күрделі жөндеуден өтіп, әрбір қабаты тақырыпқа сай стендтермен жасақталып, безендіру жұ­мыстары жүргізілген. Екінші қабат­тағы мұражай алыс­тан көз тартады. Онда оқу корпустарының макеті жасалып, ішіне жарықшамдар орнатылған. Оқу ғи­маратының үшінші қабатын безендірген студенттердің ұшқыр қиялынан туған әсем көрініс көздің жауын алады. «Қазіргі ақпараттық, цифрлы дәуірде жастар бір-бірімен араласып, тығыз байланыс орната да білу керек. Колледж ұстаздарының жобасы аясында оқу­лықтар мен көркем әдебиеттердің  QR  коды жасалынды. Сол QR код арқылы студенттер кітаптарды оқиды. Мұнда интернет желісі де жақсы жұмыс істейді», дейді колледж директоры Наржан Әліпбаев.

Оқу ордасының  өндірістік базасына барған қонақтарды директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Асылбек Асқар күтіп алып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Сенімгерлік басқаруға алған серіктестік сенімімізді ақтады, – деп сөз бастады ол. Аталған компанияның атқарушы директоры Қайрат Айтбаевтың бастамасымен базаны толық жасақтап алдық. Мұнда студенттердің ауыл шаруашылығы саласын меңгеріп шығуларына толық мүмкіндік бар. Алма, жүзім, анар өсірудің қыр-сырын үйреніп, балық өсіруді де жан-жақты меңгеріп шығады», деді А.Асқар.

Колледжді сенімгерлік басқаруға алған «Dala-Fruіt.kz» ЖШС өңірдегі жұмыс берушілердің жағдайын және  жиі орын алып жатқан төтенше жағдайлар мен өрт апаттарын ескере отырып,  «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайда қорғау» мамандықтарын ашқан екен. Болашақ өрт сөндірушілер арнайы техниканы басқарып үйренуі үшін өрт сөндіру көлігі  сатып алынған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  осы жылды  «Жұмысшы маман­дық­тары жылы» деп жариялады. Бұл негізінен осы саланың мамандарын даярлайтын арнау­лы оқу орындарының жұмысын жандандырып, ілкімді істерді қолға алуға түрткі болды десек, қателес­пейміз. Аталған  байқау аталған оқу орны мен Францияның «Coupe du monde de la chocolatine» халықаралық қауымдастығы арасында түзілген екі­жақты ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асып отыр. Тағы бір ерекше тоқ­тала кеткіміз келетіні, бұл байқаудан үз­дік шыққан үміткер келесі жылы нау­рыз айында Францияның Тулуза қала­сын­да өтетін Шоколатин және «Pain au Chocolat» деп аталатын әлем чемпионатына қатысуға жолдама алады.

Колледжді сенімгерлік басқаруға алған серіктестіктің атқарушы директоры Қайрат Айтбаев өз сөзінде бұл байқау өңірімізде кондитерлік саланы дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және еліміз бен Орталық Азияның бай гастрономиялық мұрасын әлемге кеңінен таныстыруға жол ашатынын айтса, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Абай Балажан байқау барынша әділ өтіп, жүзден жүйрік шыққан талапкер ғана алда өтетін әлем чемпионатына барып, онда да топ жарып, жұлдызы жарқырай көрінуіне тілектестік білдірді.

Байқауға өз елімізден бөлек, Қырғыз­стан, Өзбекстан мемлекеттерінен «Юниор» – жас­тар және «Профессионал» – кәсіби мамандар санаттары бо­йынша 22 үміткер қатысты. Франция резиденциясының бас әкімшісі, Орталық Азия бойынша «Шоколатин» чемпионатының ұйымдастырушысы Карлос Марсала, «Le Dessert» наубай­хана­сының бренд-шефі, ұйымдастырушы ассистент Әйгерім Бекова, Францияның Қазақстандағы елшілігінің ынты­мақ­тастық және мәдениет жөніндегі кеңесшісі Себастьен де Куртуа, Еуразиялық кубоктің президенті Ержан Пазилов, Еуразиялық кубоктің вице-президенті Гүлмира Күлпеисова, «The Ritz-Carlton» қонақ­үйінің шеф-кондитері Нариман Әбдіғаппаров, «Le Dessert» наубайханасының бренд-шефі Александр Пако, «Tian Shan Grand Hotel» қонақ­үйінің бренд шефі Айдын Серік­ұлы, «Эскофье ізбасарлары» Қазақстан делегациясының қазынашысы Томас Мюллер, Халықаралық аспаздық білім беру саласының сарапшысы, «Эскофье ізбасарлары» институтының (IDE) директоры Бертран Геррье, «Гурман және табысты мейрамхана» мейрамханасының басқарушысы Александр Удебин сынды қазылар алқасының шешімімен  байқаудың  бас жүлдесі – әлем чемпионатына берілген жолдаманы Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің студенті Пернен Мұхаммедәлі жеңіп алды. Ал Шымкент қаласындағы тамақтандыру индустрия­сы және сервис колледжінің студенті Гүлден Нұралықызы, Кәсіби наубайхана колледжінің (Бішкек қаласы) студенті Ажар Кенешова, Янгиюль агротехнологиялық техникумының (Ташкент қаласы) студенті Асилбек Рахманов І орын – алтын жүлде иегері деп танылса, Кәсіби наубайхана колледжінің (Бішкек қаласы) студенті Дилноз Инаятова, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің студенті Бексұлтан Қарабай ІІ орын – күміс жүлдеге қол жеткізді. ІІІ орын – қола жүлдеге Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің (Астана қаласы) студенті Жүніс Бегәлі, Кәсіби наубайхана колледжінің (Бішкек қаласы) білім алушысы Фарида Болотканова лайық деп танылды. Бұл жастар, яғни «Юниор» санаты арасындағы байқаудың жеңімпаздары болса, «Профессионал» – кәсіби мамандар санаты бойынша бас жүлде – әлемдік чемпионатқа жолдама қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің (Астана қаласы) арнайы пән оқытушысы Еркебұлан Махмұтқа берілді. Бұл санаттағы алтын жүлде иегерлері ретінде тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің оқытушысы (Шымкент қаласы) арнайы пән оқытушысы Хабибулла Усманов, кәсіби наубайхана лицейінің (Бішкек қаласы) арнайы пән оқытушысы Жәмила Жұматаева, Янгиюль агротехнологиялық техникумының оқытушысы (Ташкент қаласы) Адолат Темирова танылды. Ал, «Nanmai bakery» наубайханасының (Астана қаласы) наубайшысы АидаТөсекбаева қола жүлдеге қол жет­кізді.

Ауқымды іс-шараға облыстық білім беру басқармасының өкілдері, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, арнайы пән оқытушыларымен бірге Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге, елшіліктің ынтымақтастық және мәдениет жөніндегі кеңесшілері Себастьен Де Куртуа, Мадам Од Кристоф, аталған елшіліктің ауыл шаруашылығы жөнін­дегі сарапшысы Венсан Бержеза, Францияның Алматы қаласындағы бас консулы Максим Жеренже және Шымкент қаласындағы құрметті консулы Игорь Копайылов қатысты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see155

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see147

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see145

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see143

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see141

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see125

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see125

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see125

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see124

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see123

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see122

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see117

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see115

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see115

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see114

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see113

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары