Түркістан облысында Шако ұсталды полиция креативті мемлекеттік нөмірді құптамады

06.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Түркістан облысында бейнебақылау камерасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған KIA маркалы автокөлікті тіркеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Қызметкерлер камера жазбасын қарау кезінде автокөліктің мемлекеттік нөмірінің орнына "Шако" деген лақап ат жазылған тақтайша орнатылғанын байқаған. Жүргізуші Шымкенттен Түркістанға бағытталған тасжол бойында ұсталды.

Жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Рөлде Түркістан қаласының 32 жастағы тұрғыны болғаны анықталды.

"Полицейлер жүргізушіге көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз пайдалануға тыйым салынғанын түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды", - деп атап өтті полиция.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Еске сала кетейік, бұл Түркістан облысындағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін полиция мемлекеттік нөмір орнына "НЕТУ" деген тақтайша таққан автокөлікті тоқтатқан болатын..

Жалған мемлекеттік нөмір үшін қандай жаза қарастырылған?

Жалған мемлекеттік нөмірлерді орнатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері – 4 325 теңге):

оқылмайтын немесе талаптарды бұза отырып орнатылған нөмірлер үшін – 5 АЕК (21 625 теңге) айыппұл. мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару (сондай-ақ бірқатар жағдайларда – тыйым салынған кезде пайдалану немесе тіркелмеген көлікті басқару) – 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл. (бір жыл ішінде қайталап бұзу): 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл немесе 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру (сот шешімімен қолданылады). көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді орнату – жеке тұлғалар үшін 15 АЕК (64 875 теңге) айыппұл (лауазымды тұлғалар мен бизнес үшін бұдан да жоғары санкциялар қарастырылған). көрінеу жалған/қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлермен, сондай-ақ нөмірді анықтауға кедергі келтіретін немесе оны жасыруға/бұрмалауға мүмкіндік беретін материалдармен/құрылғылармен жабдықталған нөмірлермен көлік басқару – 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру (сот шешімімен).

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жалған нөмір таққан жүргізушілерді түрмеге жабу ұсынылды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью