Түркістан облысында Шако ұсталды полиция креативті мемлекеттік нөмірді құптамады
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Түркістан облысында бейнебақылау камерасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған KIA маркалы автокөлікті тіркеді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қызметкерлер камера жазбасын қарау кезінде автокөліктің мемлекеттік нөмірінің орнына "Шако" деген лақап ат жазылған тақтайша орнатылғанын байқаған. Жүргізуші Шымкенттен Түркістанға бағытталған тасжол бойында ұсталды.
Жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Рөлде Түркістан қаласының 32 жастағы тұрғыны болғаны анықталды.
"Полицейлер жүргізушіге көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз пайдалануға тыйым салынғанын түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды", - деп атап өтті полиция.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Еске сала кетейік, бұл Түркістан облысындағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін полиция мемлекеттік нөмір орнына "НЕТУ" деген тақтайша таққан автокөлікті тоқтатқан болатын..
Жалған мемлекеттік нөмір үшін қандай жаза қарастырылған?Жалған мемлекеттік нөмірлерді орнатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері – 4 325 теңге):
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жалған нөмір таққан жүргізушілерді түрмеге жабу ұсынылды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 10:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















