Түркістанда бір отбасы көмір түтініне уланып қалған

26.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оқиға Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылы, Мәңгілік көшесінде болған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқиғаға жылыту пешінің ақауы себеп болған. Салдарынан түтін үй ішіне тарап, тұрғындардың денсаулығына зиян келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Зардап шеккен жеті адамды дәрігерлер тексеріп, жағдайлары тұрақталғаннан кейін үйлеріне жіберілген. Ал, үй йесі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы жылыту маусымында пештер мен түтін құбырларын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады. Ақау байқалса, өз бетінше жөндеуге тырыспай, міндетті түрде мамандарға жүгіну қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью