Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2025 жылдың аяғында Алматыда ТЖМ символикасы бар Tesla Cybertruck көзге түсті. Кейін бұл көлік бюджет қаражаты есебінен сатып алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылдың аяғында Алматыда ТЖМ символикасы бар Tesla Cybertruck көзге түсті. Кейін бұл көлік бюджет қаражаты есебінен сатып алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайыМемлекеттік сатып алулар порталында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Zharyq ЖШС-нен Tesla Cybertruck "жедел-қызмет көрсету көлігіне" тапсырыс берген келісімшарт жарияланды.
Келісімшарттың жалпы сомасы - 127,5 миллион теңге.
Құжатқа сәйкес, көліктің негізгі мақсаты – төтенше жағдай орнына жедел жету, бастапқы барлау жүргізу, құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру және оқиға орнында жедел әрекет ету.
Сурет: goszakup
Сондай-ақ Cybertruck:
басшылық пен мамандарды оқиға орнына жеткізуге, қолжетімі қиын аумақтарды тексеруге, құтқарушылар, өртсөндірушілер мен дәрігерлер жұмысын үйлестіруге, 1 тоннаға дейін жүк тасымалдауға, күрделі аймақтарда патруль жасауға пайдаланылады.Tesla Cybertruck жеткізушісі - Алматыда тіркелген, 30 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ТОО Zharyq. Компанияның негізгі қызмет бағыты – "сымсыз телекоммуникация".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться