Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жаңа Конституцияның 28-бабы туралы желіде тараған қауесеттер шындыққа сай емес. Бұл норма ең алдымен тұрғын үйдің меншік иесінің құқықтарын қорғауға арналған. Бұл туралы сарапшы Данияр Әшімбаев өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, соңғы кездері жаңа Конституцияның 28-бабы туралы желіде түрлі мифтер мен аңыздар тарап жатыр. Адамдар кейбір нормаларды өте тура мағынасында қабылдап, адвокаттармен кеңеспей немесе интернеттен тереңірек ақпарат іздемей, оны қайта-қайта таратқан.
Бұл бап «тұрғындарды ешкім шығара алмайды» деген норманы қарастырады. Кейбір желі сарапшылары жалға алушылар төлемесе де, ешкім оларды шығара алмайды деп түсініп, осы жалған ақпаратты желіде тарата бастаған.
«Шындығында, көптеген конституциялық нормалар жалпы принциптерді белгілейді, ал нақты құқықтық жағдайлар «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда, Азаматтық кодексте және басқа да заңдарда егжей-тегжейлі реттеледі. Тұрғын үй туралы норма, жаңа Конституцияда жазылғандай, іс жүзінде 1997 жылдан бері заңдарда бар», деп түсіндірді Данияр Әшімбаев.
Әділет министрлігінің түсіндірмесі бойынша:
«Тұрғын үйдің иесі өз меншігін басқаруға, соның ішінде оны босатуды талап етуге толық құқылы. Мысалы, егер жалға алушы келісім шартты бұзса – жалдау ақысын төлемесе, төлем мерзімін кешіктірсе немесе мүлікті бүлдірсе – меншік иесі келісімді бұзып, тұрғын үйді босатуды талап ете алады. Заң меншік иесіне артықшылық береді: ол келісімшартта шығару себептерін көрсете алады. Заң сот арқылы мәжбүрлі шығару механизмін де қамтамасыз етеді. Сондықтан келісімшарт шарттарына мұқият қарау маңызды».
Данияр Әшімбаевтың айтуынша, «шығару» нормасы екі жақты қорғайды:
Меншік иесін – құрылысшылардың, жергілікті билік пен сот орындаушылардың заңсыз әрекеттерінен; Жалдаушыны – меншік иесінің әділетсіз әрекеттерінен.Бұл норма тегін немесе жауапсыз тұру құқығын бермейді, керісінше азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімін қамтамасыз етеді. Конституция мен мемлекеттік саясат мүлік құқығын қорғауға және иждивенчествомен күреске бағытталған.
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Яғни, желідегі қауесеттерге қарамастан, жаңа Конституция ең алдымен жеке меншік иесінің құқықтарын, соның ішінде қоғам үшін маңызды тұрғын үй құқығын қорғайды.
Жаңа Конституция – жастардың ел дамуына нақты ықпал ету кезеңін бастайды
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды
Оқиға • Бүгін, 19:46
15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды
Футбол • Бүгін, 19:28
2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 18:48
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды
Оқиға • Бүгін, 18:28
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Көрме • Бүгін, 18:05
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қоғам • Бүгін, 17:54
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
Елорда • Бүгін, 17:45
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
Оқиға • Бүгін, 17:40
Алматыда жаңа №130 автобус маршруты іске қосылады
Алматы • Бүгін, 17:35
Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?
Банк • Бүгін, 17:22
Күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Спорт • Бүгін, 17:16
Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Заң • Бүгін, 17:10
Еңбек кітапшасы кімдерге қажет? Министрлік түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 17:06
Енді Алматыда көшеде қараусыз қалған электросамокаттар тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 17:04
Астанада бұрынғы әйелін жылдар бойы аңдып, мазасын алған ер адам жауапқа тартылды
Заң • Бүгін, 16:55