Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қарағандыда 162 пәтердің тұрғындары үйлерінің жанындағы құрылысты тоқтатуды талап етіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, осыдан 50 жылдан аса уақыт бұрын салынған тоғыз қабатты үйде қада қағу жұмыстары басталғалы бері жарықтар пайда болып, жиһаздар мен қабырғалар дірілдейтін болған. Осыдан үш жыл бұрын бұл учаскедегі құрылыс тоқтатылған еді. Енді мұнда қайтадан қада қағу техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.
Поделиться
Карбышев көшесіндегі № 2 үйдің тұрғындары тоғыз қабатты үйден бірнеше ондаған метр жерде "Арғын-3" тұрғын үй кешенінің құрылысы басталғанын айтады. Олардың сөзінше, қада қағу басталғалы бері үйдің қабырғалары теңселіп, кейбір кіреберістер мен жертөлелерде жарықтар пайда болған.
Фото Tengrinews.kz
"Үй теңселіп тұр. Жиһаз, қабырға, аспашам - бәрі дірілдейді. Қада қағатын көлік соға бастағанда пәтерде жайбарақат отыру мүмкін емес. Бұл жай ғана гүрсіл емес, бұл - қатты діріл. Ол тек еденде емес, барлық жерде сезіледі. Бұл нағыз азап", - дейді сегізінші қабаттың тұрғыны Ольга Мальцева.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Ольга Мальцеваның айтуынша, құрылыс жұмыстары үзілістермен жалғасып жатыр, ал техника таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Тұрғындар құрылыс компаниясының өкілдері зақымданған жерлерді қарап, жарықтарды тіркеуге уәде бергенін, бірақ тексеру нәтижелері туралы толыққанды құжатты әлі күнге дейін алмағанын алға тартады.
Осыдан үш жыл бұрын құрылыс тоқтатылған болатын"Бізге жарықтарды сылап тастайтынын айтты. Бірақ жарықты сылау оның пайда болу себебін жою дегенді білдірмейді. Ертең үйге ештеңе болмайтынына кім кепілдік береді?" - деп кейиді әйел.
Жер учаскесінің тарихы тұрғындарды қатты таңғалдырады. Олардың айтуынша, бұл жерде бұрын саз карьері болған, кейін ол құрылыс қоқыстарымен және толтырылған топырақпен көмілген. Бұл аумақта ағаштар өсіп тұрған, ал қала құрылысы құжаттарына сәйкес, жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұнда сквер жасау жоспарланған болатын.
Тұрғындар бұл учаскеге үй салу әрекеттері бұрын да бірнеше рет жасалғанын айтады. Осыдан үш жыл бұрын қалалық мәслихат депутаттарына жүгініп, қадағалау органдарына сұрау салғаннан кейін құрылысты тоқтату мүмкін болған еді.
Фото Tengrinews.kz
"Үш жыл бойы мұнда ештеңе болған жоқ. Сосын бірнеше күннің ішінде көрші құрылысты бұзып, қазаншұңқыр қазып, құрылыс қайта басталды. Бұрын тыйым салынған нәрсеге қалайша қазір рұқсат берілді? Тұрғын үйлерге күн сәулесінің түсуін реттейтін белгілі бір ҚНжЕ-лер бар емес пе? Неге бұған бәрі көз жұма қарайды?" - дейді 1980 жылдан бері осы үйде тұратын 77 жастағы Анна Ярославцева.
Тұрғындардың сөзінше, үйден қазаншұңқырлардың біріне дейінгі қашықтық шамамен 20 метрді, ал тереңірек қазылған жерге дейін шамамен 25 метрді құрайды. Адамдар топырақ қазу мен қада қағу жұмыстары ескі ғимаратқа әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді.
Фото Tengrinews.kz
Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясының өкілдері кездесуде ұзындығы 10–12 метр болатын 800-ге жуық қада қағу жоспарланғанын хабарлаған. Дәл осы соқпалы әдіспен орнату тәсілі адамдардың үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр.
"Мемлекеттік органдар құрылыс салушының бес қабатты ғимарат салуға рұқсаты бар екенін айтады. Сонымен қатар нысанның паспортында біз 12 қабатты тұрғын үй кешенінің суретін көріп отырмыз. Бірақ бұл екеуі екі бөлек нәрсе ғой. Бұл біздің қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Санитарлық нормалар бойынша мұндай қабатты үйлерді соншалықты жақын салуға болмайды. Үнемі гүрсілден үйіміздің бәрі дірілдеп, өзіміз де үнемі қорқынышпен отырамыз. Қандай да бір жағдай бола қалса, қашуға дайын болу үшін құжаттарымызды жинап қойдық", – дейді тұрғындар наразылық білдіріп.
Қарағанды облысының МСҚБ Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы тіркелген хабарлама негізінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сөз тұрғын емес жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы болып отыр.
Қалалық құрылыс адамдарға қауіп төндірмеуі керек"Хабарламаға аккредиттелген сараптамалық ұйым – "Prof Expert Group" ЖШС берген оң сараптамалық қорытынды қоса берілген. Соған қарамастан, құрылыс салушы – "Дом на Карбышева" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Материалдар Бас прокуратураның Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаментіне тіркеуге жіберілді", – деп хабарлады ведомство.
Нүктелі құрылыс мәселесіне қатысты Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрлан Әубәкіров пікір білдірді. Ол бұл жағдай әкімдіктің, МСҚБ-ның және құрылыс салушының тікелей назарын талап етеді деп есептейді.
"Мұнда осы тоғыз қабатты үйде тұратын 162 отбасының қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Бұл қауіптерді елеусіз қалдыруға болмайды. Құрылыстан зардап шегіп жатқан үйге тәуелсіз кешенді техникалық тексеру жүргізу, жүк көтергіш конструкциялардың жай-күйіне аспаптық мониторинг ұйымдастыру және ең қауіпті жұмыстарды - ең алдымен қада қағу мен қазаншұңқыр қазуды жалғастырудың жол берілетіндігіне қатысты принципті баға беру қажет", - дейді Нұрлан Әубәкіров.
Ол газ қауіпсіздігіне де назар аударды: үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған, сондықтан инженерлік коммуникациялардың жай-күйі тексерудің жеке нысаны болуы тиіс. Қоғам белсендісі бұл мәселені қоғамдық кеңестің бейінді комиссиясының отырысында көтеруге ниетті.
"Мен қаланың құрылысы мен дамуына қарсы емеспін. Бірақ бұл даму адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру есебінен жүруіне қарсымын", - деп атап өтті ол.
Фото Tengrinews.kz
Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ширин Әмірғалиева Карбышев көшесі, 2-үйдің тұрғындарына бейінді мамандарға жүгініп, ғимаратқа техникалық тексеру жүргізуге тапсырыс беруді ұсынды. Оның айтуынша, Қарағандыда іргетасты, жүк көтергіш конструкцияларды және үйдің жалпы жай-күйін тексеріп, ықтимал заң бұзушылықтарды анықтай алатын және қорытынды дайындап беретін ұйымдар бар.
Егер тексеру нәтижесі ғимараттың жай-күйі нашарлағанын көрсетсе, тұрғындар әкімдікке жүгініп, өтінішке мамандардың қорытындысын қоса алады.
"Осы құжаттардың негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар ғимараттың нақты жағдайы мен ықтимал зақымдану себептерін анықтау үшін қосымша тексерулер мен сараптамалар ұйымдастыра алады", – деді Ширин Әмірғалиева.
Бұл ретте жауапкершілік анықталған жағдайларға байланысты құрылыс салушыға да, мемлекеттік органдарға да жүктелуі мүмкін, деп толықтырды адвокат. Егер құрылыс жұмыстары талаптарды бұза отырып жүргізілгені және дәл осы жағдай көрші үйдің зақымдануына әкеп соқтырғаны дәлелденсе, құрылыс салушы жауапқа тартылуы мүмкін.
Тұрғындардың қаупі расталса, кім жауап береді?"Егер құрылыс салдарынан үй апатты деп танылса, шығынды өтеу және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі заңда белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс. Мән-жайлар мен қолданыстағы құқықтық нормаларға байланысты залалды өтеу, басқа тұрғын үй сатып алу үшін қаражат төлеу немесе айырылған баспананың орнына жаңасын беру нұсқалары қарастырылуы мүмкін. Қазіргі ең басты мәселе - тербеліс себептері туралы болжамдармен шектелмей, тәуелсіз техникалық тексеру жүргізіп, үйдің жай-күйін тіркеу", – деп атап өтті адвокат.
Карбышев, 2 мекенжайының тұрғындары құрылысты тоқтата тұруды, рұқсат құжаттарын тексеруді және тұрғын үй құрылысына жер телімін беру туралы шешімді қайта қарауды талап етіп жатыр. Олар сотқа жүгінуге ниетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tengrinews.kz редакциясы құрылыс салушы өкілдеріне телефон арқылы хабарласқанымен, материал жарияланған сәтте жауап алынған жоқ.
Қарағанды әкімдігі қазіргі уақытта нысандағы құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады.
"Жағдай Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ) уәкілетті органының назарына жеткізілді. Аталған нысан бойынша заңнама талаптары мен құрылыс нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр", – деп хабарлады қала әкімдігі Tengrinews.kz-ке.
Еске сала кетейік, 2024 жылы премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерді қала тұрғындарына құлақ асуға шақырып, тығыз құрылысқа қатысты ұстанымын білдірген болатын. Сол кезде үкімет басшысы биліктің тұрғындардың тығыз құрылысқа, тарихи аудандардың тығыздалуына және ағаштардың кесілуіне көңілі толмайтынын білетінін мәлімдеген. Оның айтуынша, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет, өйткені мұндай мәселелер еліміздің әртүрлі қалаларында жиі көтеріледі. Ол мұндай жағдайлар әкімдіктердің жоспарлау және құрылыс бойынша шешімдерді қоғамдық талқылаусыз қабылдайтынын көрсететінін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу