Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Үй теңселіп тұр : Қарағандыдағы 162 отбасы баспанасы үшін қауіптенеді

Үй теңселіп тұр : Қарағандыдағы 162 отбасы баспанасы үшін қауіптенеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қарағандыда 162 пәтердің тұрғындары үйлерінің жанындағы құрылысты тоқтатуды талап етіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, осыдан 50 жылдан аса уақыт бұрын салынған тоғыз қабатты үйде қада қағу жұмыстары басталғалы бері жарықтар пайда болып, жиһаздар мен қабырғалар дірілдейтін болған. Осыдан үш жыл бұрын бұл учаскедегі құрылыс тоқтатылған еді. Енді мұнда қайтадан қада қағу техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.

Поделиться

Карбышев көшесіндегі № 2 үйдің тұрғындары тоғыз қабатты үйден бірнеше ондаған метр жерде "Арғын-3" тұрғын үй кешенінің құрылысы басталғанын айтады. Олардың сөзінше, қада қағу басталғалы бері үйдің қабырғалары теңселіп, кейбір кіреберістер мен жертөлелерде жарықтар пайда болған.


Фото Tengrinews.kz

"Үй теңселіп тұр. Жиһаз, қабырға, аспашам - бәрі дірілдейді. Қада қағатын көлік соға бастағанда пәтерде жайбарақат отыру мүмкін емес. Бұл жай ғана гүрсіл емес, бұл - қатты діріл. Ол тек еденде емес, барлық жерде сезіледі. Бұл нағыз азап", - дейді сегізінші қабаттың тұрғыны Ольга Мальцева.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал

Ольга Мальцеваның айтуынша, құрылыс жұмыстары үзілістермен жалғасып жатыр, ал техника таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Тұрғындар құрылыс компаниясының өкілдері зақымданған жерлерді қарап, жарықтарды тіркеуге уәде бергенін, бірақ тексеру нәтижелері туралы толыққанды құжатты әлі күнге дейін алмағанын алға тартады.

"Бізге жарықтарды сылап тастайтынын айтты. Бірақ жарықты сылау оның пайда болу себебін жою дегенді білдірмейді. Ертең үйге ештеңе болмайтынына кім кепілдік береді?" - деп кейиді әйел.

Осыдан үш жыл бұрын құрылыс тоқтатылған болатын

Жер учаскесінің тарихы тұрғындарды қатты таңғалдырады. Олардың айтуынша, бұл жерде бұрын саз карьері болған, кейін ол құрылыс қоқыстарымен және толтырылған топырақпен көмілген. Бұл аумақта ағаштар өсіп тұрған, ал қала құрылысы құжаттарына сәйкес, жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұнда сквер жасау жоспарланған болатын.

Тұрғындар бұл учаскеге үй салу әрекеттері бұрын да бірнеше рет жасалғанын айтады. Осыдан үш жыл бұрын қалалық мәслихат депутаттарына жүгініп, қадағалау органдарына сұрау салғаннан кейін құрылысты тоқтату мүмкін болған еді.

Фото Tengrinews.kz

"Үш жыл бойы мұнда ештеңе болған жоқ. Сосын бірнеше күннің ішінде көрші құрылысты бұзып, қазаншұңқыр қазып, құрылыс қайта басталды. Бұрын тыйым салынған нәрсеге қалайша қазір рұқсат берілді? Тұрғын үйлерге күн сәулесінің түсуін реттейтін белгілі бір ҚНжЕ-лер бар емес пе? Неге бұған бәрі көз жұма қарайды?" - дейді 1980 жылдан бері осы үйде тұратын 77 жастағы Анна Ярославцева.

Тұрғындардың сөзінше, үйден қазаншұңқырлардың біріне дейінгі қашықтық шамамен 20 метрді, ал тереңірек қазылған жерге дейін шамамен 25 метрді құрайды. Адамдар топырақ қазу мен қада қағу жұмыстары ескі ғимаратқа әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді.


Фото Tengrinews.kz

800 қада және жобаға қатысты сұрақтар

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясының өкілдері кездесуде ұзындығы 10–12 метр болатын 800-ге жуық қада қағу жоспарланғанын хабарлаған. Дәл осы соқпалы әдіспен орнату тәсілі адамдардың үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр.

"Мемлекеттік органдар құрылыс салушының бес қабатты ғимарат салуға рұқсаты бар екенін айтады. Сонымен қатар нысанның паспортында біз 12 қабатты тұрғын үй кешенінің суретін көріп отырмыз. Бірақ бұл екеуі екі бөлек нәрсе ғой. Бұл біздің қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Санитарлық нормалар бойынша мұндай қабатты үйлерді соншалықты жақын салуға болмайды. Үнемі гүрсілден үйіміздің бәрі дірілдеп, өзіміз де үнемі қорқынышпен отырамыз. Қандай да бір жағдай бола қалса, қашуға дайын болу үшін құжаттарымызды жинап қойдық", – дейді тұрғындар наразылық білдіріп.

Қарағанды облысының МСҚБ Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы тіркелген хабарлама негізінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сөз тұрғын емес жайлары мен паркингтері бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы болып отыр.

"Хабарламаға аккредиттелген сараптамалық ұйым – "Prof Expert Group" ЖШС берген оң сараптамалық қорытынды қоса берілген. Соған қарамастан, құрылыс салушы – "Дом на Карбышева" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Материалдар Бас прокуратураның Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің департаментіне тіркеуге жіберілді", – деп хабарлады ведомство.

Қалалық құрылыс адамдарға қауіп төндірмеуі керек

Нүктелі құрылыс мәселесіне қатысты Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрлан Әубәкіров пікір білдірді. Ол бұл жағдай әкімдіктің, МСҚБ-ның және құрылыс салушының тікелей назарын талап етеді деп есептейді.

"Мұнда осы тоғыз қабатты үйде тұратын 162 отбасының қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Бұл қауіптерді елеусіз қалдыруға болмайды. Құрылыстан зардап шегіп жатқан үйге тәуелсіз кешенді техникалық тексеру жүргізу, жүк көтергіш конструкциялардың жай-күйіне аспаптық мониторинг ұйымдастыру және ең қауіпті жұмыстарды - ең алдымен қада қағу мен қазаншұңқыр қазуды жалғастырудың жол берілетіндігіне қатысты принципті баға беру қажет", - дейді Нұрлан Әубәкіров.

Ол газ қауіпсіздігіне де назар аударды: үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған, сондықтан инженерлік коммуникациялардың жай-күйі тексерудің жеке нысаны болуы тиіс. Қоғам белсендісі бұл мәселені қоғамдық кеңестің бейінді комиссиясының отырысында көтеруге ниетті.

"Мен қаланың құрылысы мен дамуына қарсы емеспін. Бірақ бұл даму адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру есебінен жүруіне қарсымын", - деп атап өтті ол.

Фото Tengrinews.kz

Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ширин Әмірғалиева Карбышев көшесі, 2-үйдің тұрғындарына бейінді мамандарға жүгініп, ғимаратқа техникалық тексеру жүргізуге тапсырыс беруді ұсынды. Оның айтуынша, Қарағандыда іргетасты, жүк көтергіш конструкцияларды және үйдің жалпы жай-күйін тексеріп, ықтимал заң бұзушылықтарды анықтай алатын және қорытынды дайындап беретін ұйымдар бар.

Егер тексеру нәтижесі ғимараттың жай-күйі нашарлағанын көрсетсе, тұрғындар әкімдікке жүгініп, өтінішке мамандардың қорытындысын қоса алады.

"Осы құжаттардың негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар ғимараттың нақты жағдайы мен ықтимал зақымдану себептерін анықтау үшін қосымша тексерулер мен сараптамалар ұйымдастыра алады", – деді Ширин Әмірғалиева.

Бұл ретте жауапкершілік анықталған жағдайларға байланысты құрылыс салушыға да, мемлекеттік органдарға да жүктелуі мүмкін, деп толықтырды адвокат. Егер құрылыс жұмыстары талаптарды бұза отырып жүргізілгені және дәл осы жағдай көрші үйдің зақымдануына әкеп соқтырғаны дәлелденсе, құрылыс салушы жауапқа тартылуы мүмкін.

"Егер құрылыс салдарынан үй апатты деп танылса, шығынды өтеу және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі заңда белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс. Мән-жайлар мен қолданыстағы құқықтық нормаларға байланысты залалды өтеу, басқа тұрғын үй сатып алу үшін қаражат төлеу немесе айырылған баспананың орнына жаңасын беру нұсқалары қарастырылуы мүмкін. Қазіргі ең басты мәселе - тербеліс себептері туралы болжамдармен шектелмей, тәуелсіз техникалық тексеру жүргізіп, үйдің жай-күйін тіркеу", – деп атап өтті адвокат.

Тұрғындардың қаупі расталса, кім жауап береді?

Карбышев, 2 мекенжайының тұрғындары құрылысты тоқтата тұруды, рұқсат құжаттарын тексеруді және тұрғын үй құрылысына жер телімін беру туралы шешімді қайта қарауды талап етіп жатыр. Олар сотқа жүгінуге ниетті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал

Tengrinews.kz редакциясы құрылыс салушы өкілдеріне телефон арқылы хабарласқанымен, материал жарияланған сәтте жауап алынған жоқ.

Қарағанды әкімдігі қазіргі уақытта нысандағы құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады.

"Жағдай Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ) уәкілетті органының назарына жеткізілді. Аталған нысан бойынша заңнама талаптары мен құрылыс нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр", – деп хабарлады қала әкімдігі Tengrinews.kz-ке.

Еске сала кетейік, 2024 жылы премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерді қала тұрғындарына құлақ асуға шақырып, тығыз құрылысқа қатысты ұстанымын білдірген болатын. Сол кезде үкімет басшысы биліктің тұрғындардың тығыз құрылысқа, тарихи аудандардың тығыздалуына және ағаштардың кесілуіне көңілі толмайтынын білетінін мәлімдеген. Оның айтуынша, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет, өйткені мұндай мәселелер еліміздің әртүрлі қалаларында жиі көтеріледі. Ол мұндай жағдайлар әкімдіктердің жоспарлау және құрылыс бойынша шешімдерді қоғамдық талқылаусыз қабылдайтынын көрсететінін атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қарағанды облысы баспана ғимарат тұрғын үй тұрғындар шағым

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:48
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары