Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Үкімет жанынан Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Онда апта сайын бизнес тарапынан келіп түскен өтініштер қаралады.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бірінші кеңес өтті.
Мақсат - мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіріп, кәсіпкерлік қоғамдастықпен тұрақты байланыс орнату.
Жобалық кеңсенің бірінші отырысына «Атамекен» ҰКП басшылығы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Серік Жұманғарин Жобалық кеңсе бизнес мәселелерін жедел және жүйелі түрде шешу үшін құрылатынын жеткізді.
Жыл басынан бері елде 22 мың жаңа салық төлеуші тіркелді. Олардың 20 мыңнан астамы - жеке кәсіпкер.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі: - Біз жаңа Салық кодексін іске асырудың практикалық кезеңіне қадам бастық.