Ұлттық банк алаяқтықты ерте анықтау үшін жасанды интеллектіні енгізіп жатыр

04.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

 Антифрод-орталықтың жұмысы арқасында 2,8 млрд теңге дер кезінде бұғатталды, алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға жарты миллиардтан астам теңге қайтарылды.

Антифрод-орталықтың бірыңғай контуры аясында алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл процесінің негізгі қатысушылары, оның ішінде қаржы нарығының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен ұялы байланыс операторларының өзара іс-қимылы жолға қойылған.

2025 жылы Ұлттық банк Антифрод-орталықтың функционалын кеңейту және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Ол:

зардап шеккендерге бұғатталған ақшаны қайтару процедурасын жеңілдетуді; алаяқтыққа қатысы бар нөмірлерді анықтау үшін Антифрод-орталықты ұялы байланыстың абонент құрылғыларының сәйкестендіру коды дерекқорымен (IMEI-кодтар) және байланыс операторларының базаларымен интеграциялауды, сондай-ақ оларды бұғаттау талаптарын; басқа заңсыз операцияларға қарсы іс-қимыл жасау үшін қосымша мәліметтер базасын қосу арқылы Антифрод-орталықтың функционалдығын кеңейтуді (есірткі саудасы, заңсыз ойын бизнесі және басқалар саласында);

Антифрод-орталықтың дерекқорына енгізілген тұлғалардың қаржылық қызметінің шектеулі тізбесін алу мүмкіндігін (зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы және жалақы төлеу аясында әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қол жеткізуді) қамтиды.

Сонымен қатар, Антифрод-орталық платформасының өзара интеграциялық іс-қимылы едәуір кеңейтілді.

— 2025 жылғы тамызда Ұлттық банк пен Бас прокуратура Антифрод-орталықты «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» (Бірыңғай тізілім) ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың бірінші кезеңін аяқтады. Бұл құқық бұзушылықтарды тіркеу және құжаттау рәсімін жеңілдетті, Бас прокуратураның заңсыз операцияларды қадағалауын күшейтті, сондай-ақ оқиғаларға жауап беруді жеделдетті. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды (IMEI-кодтар) дерекқорымен интеграциялау жұмыстары да жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Банктер туралы жаңа заң мен ілеспе заң аясында қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған түзетулер қабылданды.

Атап айтқанда, Антифрод-орталыққа қатысушылар аясы кеңейтілді — кредиттік бюролар енгізілді. Олар үшін жеке тұлға бір сағат ішінде екі немесе одан да көп қаржы ұйымына тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит алуға өтініш берген жағдайлар туралы ақпаратты Антифрод-орталыққа жедел беру міндеті белгіленген.

Бұдан басқа, егер жәбірленушіге төлем немесе аударым жасалған жағдайда ақшаны өтеу міндетімен қаржы және төлем ұйымдарының келесідей жауапкершілігі енгізілді:

бенефициар Антифрод-орталықтың дерекқорында болған кезде оған төлем немесе ақша аудару; алаяқтық фактісі бойынша заңды күшіне енген сот актісі болған кезде ақша жөнелтушіні сәйкестендіру талаптарын бұзғанда.

Ұлттық банк Антифрод-орталықты одан әрі дамыту аясында клиенттің күдікті операцияларын ерте анықтау үшін платформаның аналитикалық әлеуетін дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Пилоттық жоба аясында мінез-құлықты талдау және алаяқтық қауіпті болжау үшін жасанды интеллект құралдары пайдаланылады. 

Айта кетелік антифрод жүйелері арқылы 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью