Ұлттық құрылтайдан кейінгі бетбұрыс: Президент ұсынған реформалар жаңа саяси жүйенің негіз…
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси құрылымын түбегейлі өзгертетін бірқатар ауқымды бастамалар ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент реформаларының мәні мен болашағы туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов әріптестеріне арнаған үндеуінде кеңінен тоқталды.
«Қадірлі әріптестер! Кеше біз Мемлекет басшысының тарихи бастамаларының куәсі болдық.
Бір топ әріптесімізбен бірге Ұлттық Құрылтай отырысына қатыстық. Бәріңіз Қасым-Жомарт Кемелұлының сөйлеген сөзімен таныстыңыздар.
Онда айтылған сөздердің барлығы мемлекеттігімізді бекемдеуге, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған.
Президенттің әр реформасы, әр бастамасы “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” деген қастерлі ұғымнан бастау алады», – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, өткен Құрылтайдың саяси әрі идеологиялық салмағы бұрынғыларымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды.
Читать полностью
Читать новость