Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Ұлттық құрылтайдан кейінгі бетбұрыс: Президент ұсынған реформалар жаңа саяси жүйенің негізін қалап жатыр

Ұлттық құрылтайдан кейінгі бетбұрыс: Президент ұсынған реформалар жаңа саяси жүйенің негізін қалап жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси құрылымын түбегейлі өзгертетін бірқатар ауқымды бастамалар ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент реформаларының мәні мен болашағы туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов әріптестеріне арнаған үндеуінде кеңінен тоқталды.

«Қадірлі әріптестер! Кеше біз Мемлекет басшысының тарихи бастамаларының куәсі болдық. Бір топ әріптесімізбен бірге Ұлттық Құрылтай отырысына қатыстық. Бәріңіз Қасым-Жомарт Кемелұлының сөйлеген сөзімен таныстыңыздар. Онда айтылған сөздердің барлығы мемлекеттігімізді бекемдеуге, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған. Президенттің әр реформасы, әр бастамасы “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” деген қастерлі ұғымнан бастау алады», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, өткен Құрылтайдың саяси әрі идеологиялық салмағы бұрынғыларымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Бұл жиында ұсынылған бастамалар елдің институционалдық құрылымын жаңғыртуды көздейді.

«Бұл шын мәнінде, тарихи жиын болды. Әр Құрылтайдың ел шежіресіндегі орны да, жөні де бөлек екені сөзсіз. Дегенмен кешегі отырыстың идеологиялық мазмұны терең, саяси салмағы әлдеқайда басым. Құрылтайда Президентіміз ел тағдырына тікелей қатысты жаңа, ауқымды әрі бетбұрысты реформалар жиынтығын ұсынды», – деді ол.

Е. Қошанов бұл реформаларды ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы деп бағалады. Оның сөзінше, мемлекеттік басқару концепциясы кешенді түрде өзгеріп, билік архитектурасы жаңарады.

«Бұл қадамдарды “Президент Тоқаевтың әділет жолы” деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі реформалардың заңды жалғасы», – деді Мәжіліс төрағасы.

Парламент реформасы мен бір палаталы жүйе

Ерлан Қошанов Президент бастамаларының маңызды бөлігі Парламенттің болашағына қатысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттары бұл процестің бел ортасында жүр.

«Барлық фракция жетекшілері, бірқатар әріптесіміз жұмыс тобының қызметіне белсене атсалысты. Жарты жыл бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен құзыреті төңірегінде нақты нормалар әзірленді. Әр партияның саяси ұстанымы Президенттің позициясымен үндесті», – деді ол.

Мәжіліс төрағасының пікірінше, бір палаталы Парламент құру – ел болашағы үшін тағдыршешті шешім.

«Бұл – саяси жауапкершілікті нақтылау, партиялардың институционалдық рөлін күшейту, заң шығару процесін кәсібилендіру деген сөз. Біздің мақсатымыз – мүлдем жаңа сипаттағы ықпалды заң шығарушы орган құру», – деді Қошанов.

Квоталардан бас тарту және дербес Парламент

Қошанов Мемлекет басшысының президенттік және Ассамблея квоталарынан бас тартуын Парламентке толық дербестік беру деп бағалады.

«Бұл либералды бастаманы халықаралық саяси ұйымдар да қолдайтыны анық. Ол әлемдік тәжірибеге, жаһандық конвенцияларға толық сәйкес келеді», – деді ол.

Болашақ Парламент – Құрылтай

Мәжіліс төрағасы Президенттің болашақ Парламентті Құрылтай деп атау ұсынысын да ерекше атап өтті.

«Бұл – тарихи тұрғыдан да, қазіргі заман тұрғысынан да Парламенттің табиғатын ашатын өте ұтымды атау. Құрылтай – дала демократиясының негізі болған, ұлт тағдырын айқындаған институт», – деді Қошанов.

Халық кеңесі және жаңа саяси коммуникация

Президент ұсынған тағы бір бастама – Халық кеңесін құру. Ерлан Қошанов бұл институттың Парламентке балама емес екенін нақтылады.

«Бұл – мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір. Халық кеңесі – елдегі ең жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады», – деді ол.

Конституциялық өзгерістер

Қошановтың айтуынша, ұсынылған реформалар жаңа конституциялық түзетулерді талап етеді.

«Бұл – жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар тарихи қадам. Президент “Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде көздейміз” деген қағидатты Ата заңға шегелеуді ұсынды», – деді Мәжіліс төрағасы.

Сөз соңында ол Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – бүкіл Парламентке жүктелген ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 17:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары