Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

V Құрылтай: Қазақстан жаңа саяси реформалар жолында

V Құрылтай: Қазақстан жаңа саяси реформалар жолында

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

V Құрылтайда Президент жаңа Парламенттің атауына қатысты өз ұстанымын білдірген еді.

— Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Парламент 145 депутаттан тұрады, төрағаның үш орынбасары болады және сегіз негізгі комитет жұмыс істейді.

Фото: видеодан алынған скрин

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ бір палаталы жүйенің артықшылықтарына тоқталды.

— Бір палаталы парламент арқылы заң шығару механизмі қоғамдағы қатынастарды реттейтін заңдардың қабылдануын оңтайландырады. Енді барлық заң бір алаңда талқыланып, сол жерде шешім қабылданады. Бұл жүйе заңдардың тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді және заң шығарушы органның бір ғана құрылымға біріктірілуіне мүмкіндік береді. Заң шығарудың оңтайландырылуы арқылы мемлекетке мәселелерді шешу жолын қысқартуға болады, — деді депутат.

Фото: видеодан алынған скрин

Ал ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина халықаралық тәжірибеге назар аударды.

— Соңғы жылдары Дания, Финляндия, Эстония және Швеция сияқты мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, олардың барлығы екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшкен. Он жылдағы тәжірибелер көрсеткендей, бұл заң қабылдау процесін айтарлықтай жеделдетеді. Заңдар тез қабылданады, процедуралар икемді әрі ықшам болады. Бұрынғыдай заңдарды келісу процесі ұзаққа созылмайды, комитеттердің жұмысы да тиімдірек ұйымдастырылады. Соның арқасында соңғы 10-15 жылдағы реформаларды ескере отырып, заң шығарушы органды ықшамдап, оның жұмысын жеделдету үшін бір палаталы парламентке көшу тиімді шешім болып отыр, — деді ол.

Фильмде Парламенттің кадрлық өкілеттіктерінің кеңеюі де көрсетіледі. Енді Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата мүшелері депутаттардың келісімімен тағайындалады. Сондай-ақ Жоғарғы сот судьяларын сайлау құқығы Парламентке беріледі.

Президент Құрылтайда депутаттарды сайлау жүйесіне қатысты ұстанымын да білдірді.

Оның айтуынша, депутаттар бұдан былай пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мемлекет басшысы мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтетінін атап өтті. Сонымен бірге аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтау қажет деп санайтынын жеткізді. Әрі өңірлерде жергілікті тұрғындардың дауысы мен пікірі анық естілуі тиіс екенін баса айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке өту межесін бес пайыз деңгейінде қалдыруды ұсынды.

Оның пікірінше, жаңа Парламент ешқандай квотаға немесе сыртқы қамқорлыққа мұқтаж болмауы керек. Мемлекет басшысы Президент квотасын сақтау туралы ұсыныстар болғанын атап өтіп, алайда жаңа Парламенттің дербес әрі тәуелсіз жұмыс істеуі маңызды.

Айта кетейік, жаңа Парламентте Президент пен Ассамблея квотасы болмайды, ал әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квота сақталады.

Фото: видеодан алынған скрин

Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов бұл реформаның маңызын атап өтті.

— Мен бұл реформаны Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды деп есептеймін. Ол саяси партиялардың деңгейін көтеруге, азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы өзгерістер арқылы біз көрші мемлекеттерге қарағанда ерекше, өзімізге тән модельге көше аламыз. Бұл модель Қазақстан экономикасы, әлеуметтік сала, қаржы жүйесі және басқа да негізгі салалардың дамуына елеулі үлес қосады, — деді ол.

Атап өтерлік тағы бір маңызды ерекшелік, енді депутаттар бес жылдық мерзімге сайланып, заң қабылдаудың үш сатылы жүйесіне көшеді.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тоқтатылып, оның орнына Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылды. Халық Кеңесі 126 мүшеден тұрады. Оның құрамына этномәдени орталықтардан, қоғамдық ұйымдардан және мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден тең санды өкілдер кіреді.

Фото: видеодан алынған скрин

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде қордалануы тиіс тағы да бірнеше мәселелерге тоқталды.

— Халықтың әл-ауқатын тез арттыру үшін мемлекет басқару жүйесін жаңарту қажет. Бұл тек Парламенттің ғана емес, үкіметтің де реформасын қарастырады. Кейбір министрліктерді қайта ұйымдастыру немесе қажетсіз деп есептелетіндерді қысқарту керек. Мысалы, геология саласын бөлек министрлік немесе агенттік ретінде қарастыру орынды, себебі Қазақстанда табиғи ресурстар мол. Қазіргі уақытта бұрын Қаныш Сәтбаев ашқан қорлардан күн көріп отырмыз, бірақ жаңа қорлар ашылмай жатыр. Сондықтан осы салаға ерекше көңіл бөлінуі қажет, — дейді ол.

Құрылтайда көтерілген ұсыныстар мен талқылаулар еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған. Депутаттарды сайлау жүйесінен бастап, бір палаталы парламентке көшу, кадрлық өкілеттіктерді кеңейту және министрліктердің құрылымын оңтайландыру сияқты өзгерістер нақты реформалық қадам болып отыр. Бұл бастамалар саяси институттардың тиімділігін арттыруға, заң шығару процесін жеделдетуге және азаматтардың белсенділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай елдегі реформалардың идеологиялық және ұйымдастырушылық негізін қалыптастырып, болашақтағы саяси трансформацияның бағыт-бағдарын айқындап отыр.

Фото: видеодан алынған скрин

Ал тарихи жиын туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров былай дейді:

— 2019 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық реформаларды іске асыра бастады. Сол кезеңнен бастап Ұлттық құрылтай еліміздегі саяси реформалардың негізгі іргетасы әрі идеялық бастаушысы болды. Осы құрылтай болашақтағы барлық саяси реформаның идеологиялық, ұйымдастырушылық негізін қалыптастырды деп сенімді айтуға болады.

Қазақстандағы реформалардың мән-маңызы мен елдің саяси жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы толығырақ «V Құрылтай: Саяси трансформация» деректі фильмінен көре аласыздар.

Айта кетейік, АҚШ-тағы The Atlantic Council’s Eurasia Center-дің штаттан тыс ғылыми қызметкері, Еуразия жөніндегі сарапшы Марк Темницкий Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы пікір білдірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 20:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары