Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қоқыс, аулалар, тұрақтар мен иттер Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа ережелер енгізіледі

Қоқыс, аулалар, тұрақтар мен иттер Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа ережелер енгізіледі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда қалалар мен елді мекендер аумағын абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидалары бекітілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз күшіне енеді. Құжатта аулада, көшеде, үй маңында, құрылыс алаңдарында, дүкендер маңында және басқа да нысандарда кімдер не үшін жауапты екені егжей-тегжейлі жазылған. Tengri Home қарапайым тұрғындарға қатысты ең маңызды тармақтарды іріктеп алды.

Поделиться

Жаңа ережелер әкімдіктер мен коммуналдық қызметтерге ғана қатысты емес. Құжатта үй, ғимарат, бизнес, құрылыс компаниялары иелеріне, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен үй жануарлары иелеріне қойылатын талаптар көрсетілген.

Тұрғындар үшін ең маңызды тұстарға тоқталайық.

Жеке үй иелері не істеуі керек?

Жеке тұрғын үй иелері қасбет, қақпа мен қоршаудың жай-күйін бақылап, оларды уақтылы жөндеп, сырлап тұруы тиіс.

Сондай-ақ жеке үй иелерінің міндеттері:

үйде нөмірлік белгінің болуын және оның дұрыс күйде сақталуын қадағалау; учаскесін ретте ұстау; іргелес аумақтағы қоқысты тазалау; арамшөп пен карантиндік өсімдіктерді шауып тастау; өз учаскесі шегіндегі жасыл желектерді күтіп-баптау; іргелес аумақты қалдыққа толтырмау.

Іргелес аумаққа құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыштар, көң және басқа да заттарды жинап қоюға тыйым салынатыны бөлек жазылған. Сондай-ақ ол жерде автокөліктерді, тіркемелер мен арбаларды сақтауға болмайды.

Қоқыс пен жөндеу мәселесі

Ережелер қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастауға тыйым салады. Қоқысты белгіленбеген жерде қалдырған адам оны өз есебінен тазалап, қажет болған жағдайда учаскені қалпына келтіруі керек.

Жөндеу жұмыстарынан кейінгі қалдықтарды контейнер алаңдарына тастауға болмайды. Оларды жөндеу жүргізген адамдардың өзі арнайы бөлінген орындарға шығаруы тиіс.

Сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарда қоқыс жағуға тыйым салынады. Жазғы кезеңде от жағуға және қоқыс, жапырақ, ыдыс-аяқ пен басқа да қалдықтарды өртеуге ерекше тыйым салынады.

Іргелес аумақ деген не?

Ережеде "іргелес аумақ" ұғымы бөлек көрсетілген. Бұл - ғимаратқа, құрылысқа, қоршауға, құрылыс алаңына, сауда, жарнама нысандарына және басқа да нысандарға периметрі бойынша 5 метр шегінде іргелес жатқан аумақ.

Ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылыстардың, уақытша нысандардың, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері немесе жалдаушылары іргелес аумақты өз бетінше таза ұстауы немесе өз қаражаты есебінен арнайы ұйымдарды тартуы керек.

Қарапайым тілмен айтқанда, ғимарат немесе нысан айналасындағы тазалық енді оның иесінің немесе пайдаланушысының тікелей жауапкершілік аймағы ретінде бекітілді.

Қоқыс жәшіктері, дәретханалар және бұқаралық іс-шаралар

Алаңдар, көшелер, гүлзарлар, саябақтар, стадиондар, вокзалдар, базарлар, аялдамалар, сауда нысандары, кинотеатрлар, дүңгіршектер және басқа да нысандар маңында қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс.

Оларды толуына қарай, ал адамдар көп жүретін жерлерде тәулігіне кемінде бір рет тазалап тұру қажет. Қоқыс жәшіктерінің толып кетуіне жол берілмейді.

Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін жерді, іргелес аумақтарды жинауды қамтамасыз етуге және бұзылған абаттандыруды қалпына келтіруге міндетті.

Базарлар, зираттар, құрылыс алаңдары, маусымдық дәмханалар, қоғамдық тамақтану нысандары, жанармай құю бекеттері, автожуу орындары, техникалық қызмет көрсету орталықтары, демалыс аймақтары, жағажайлар, саябақтар, қоғамдық көліктің соңғы аялдамалары және басқа да бірқатар нысанға қатысты стационарлық дәретханамен қамтамасыз ету, ал кәріз болмаған жағдайда қызметкерлер мен келушілер үшін биодәретханалар орнату талабы жазылған. Мұндай нысандарда шұңқыр қазуға жол берілмейді.

Ит иелері үй жануарларының артын тазалауы керек

Елді мекендерде үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы аумақтар бөлінуі тиіс. Олар тақтайшалармен белгіленеді.

Үй жануарларының иелері өз жануарларының нәжісін жинап алуға міндетті.

Ауладағы тұрақ

Ережеде көлік тұрақтары мен аула аумақтарына қойылатын талаптар бөлек көрсетілген.

Аула мен ортақ пайдаланылатын орындарды жоспарлау кезінде автокөліктердің көгалға шығуына жол бермейтін физикалық кедергілер қарастырылуы тиіс.

Орам ішіндегі және аула ішіндегі өту жолдарында темірбетон блоктарды, бағаналарды, қоршауларды және басқа да құрылыстарды өз бетінше орнатуға болмайды.

Үй маңындағы аумақтарда көліктерді тоқтатуға және қоюға жол берілмейтін орындар:

тұраққа арналмаған жерлер; тротуарлар; балалар алаңқайлары; жасыл желектері бар учаскелер; контейнер алаңдары мен олардың маңы.

Сондай-ақ бөлшектелген автокөліктерді қоюға тыйым салынады.

Балалар және спорт алаңдары

Балалар және спорт алаңдары жүйелі түрде жиналып, қыста қардан тазартылуы, техникалық жарамды күйде ұсталуы және сырлануы тиіс.

Мұндай алаңдардағы қоршаулар мен құрылыстарды сырлау жұмыстары жылына кемінде бір рет жүргізілуі керек.

Алаңдарды жөндеу кезінде жарақат алу қаупі бар элементтерді: шығып тұрған тамырларды, төмен салбыраған бұтақтарды, ескі жабдық қалдықтарын, көмілмеген металл аралықтарды және басқа да қауіпті құрылымдарды алып тастау қажет.

Қар мен көктайғақ

Қысқы кезеңде жолдар мен тротуарлар ауа райы жағдайына қарамастан көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтамайтындай етіп жиналуы тиіс.

Жолдың жүру бөлігіндегі қар тазалау жұмыстары қар жауа бастаған сәттен дереу басталуы керек. Көшелер, жолдар мен тротуарлар қар жауып басылғаннан кейін 48 сағат ішінде қардан және көктайғақтан толық тазартылуы тиіс.

Қар жауып, көктайғақ болған кезде тротуарлар мен басқа да жаяу жүргіншілер аймақтары тазартылып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңделуі тиіс. Тротуарлардың бүкіл аумағын өңдеуге қар жауа бастағаннан кейін алты сағаттан аспайтын уақыт беріледі.

Жолдардан, көшелерден және өтпе жолдардан қар ең алдымен аялдамалардан, жаяу жүргіншілер өткелдерінен, көпірлерден, жол өтпелерінен, адамдар көп жиналатын орындардан, медициналық мекемелерге кіреберістерден және басқа да әлеуметтік нысандардан шығарылуы тиіс.

Шатырлар мен мұз

Ғимараттардың шатырлары мен қалқалары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет қар мен мұздан тазартылуы тиіс.

Егер ернеулердегі, шатырлардағы, қалқалардағы, балкондардағы және ағын су өтетін құбырлардағы қар мен мұз қабаты адамдарға немесе ғимараттарға қауіп төндірсе, олар дер кезінде жойылуы тиіс.

Ғимараттар мен құрылыстардың иелері шатырды тазалаудан 24 сағат бұрын тұрғындарды немесе үй-жай иелерін БАҚ, әлеуметтік желілер немесе мобильді байланыс арқылы ескертуі тиіс.

Люктер, нөсер кәріздері және жарықтандыру

Бақылау және жаңбыр суын қабылдау құдықтары, люктер, торлар және арық жүйесі жабық әрі жарамды күйде болуы тиіс.

Ашық немесе зақымдалған құдықтарды желі иелері бір сағат ішінде қоршап, ескерту белгілерін қоюы керек. Бұзылған қақпақтар мен торлар бес сағаттан аспайтын мерзімде ауыстырылуы тиіс.

Көшелерді, жолдарды, алаңдарды, аулаларды, саябақтарды, сөрелерді, жол белгілері мен көрсеткіштерді сыртқы жарықтандыру тәуліктің қараңғы уақытында істеп тұруы керек.

Көшелердегі және ортақ пайдалану орындарындағы істен шыққан шамдар саны жалпы санының 10 пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте істемейтін шамдардың қатар орналасуына жол берілмейді.

Құрылыс нысандары қалдықтарын жинауы тиіс

Құрылыс алаңдары таза ұсталуы керек. Қоршаулар жарамды, суретсіз, жазусыз, сызатсыз, майысқан жерлері мен басқа да зақымдалған беттерсіз болуы тиіс.

Құрылыс алаңынан асфальтталған жолға дейінгі кірме жолдардың қатты жабыны болуы керек.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылыс кезінде зақымдалған жолдарды, тротуарларды және абаттандыру элементтерін қалпына келтіруі тиіс.

Топырақты, қоқысты, шашылатын материалдарды, жапырақтарды, шөпті немесе кесілген ағаштарды жолды ластауы мүмкін болса, брезент немесе басқа материалмен жаппай тасымалдауға болмайды.

Тағы не маңызды?

Сондай-ақ ережелерде жаяу жүргіншілердің, қоғамдық және велосипед көлігінің, арық жүйелерінің басымдығы, жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолжетімділік және қалалық ортаның қауіпсіздігі бекітілген.

Бұл ретте құжатта айыппұл тізімі көрсетілмеген. Ол аумақтарды абаттандыруға, ұстауға және жинауға қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді. Жергілікті жерлердегі нақты ережелер елді мекеннің табиғи, климаттық, геологиялық, сейсмикалық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып әзірленуі тиіс.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

абаттандыру ережелер тұрақ көше

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 20:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары