Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Елордалық полиция тағы бір үй жағдайындағы есірткі плантациясын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елордалық полиция тағы бір үй жағдайындағы есірткі плантациясын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өзін тарологпын деп таныстырған Астананың 54 жастағы тұрғыны пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.
"Есірткі өсімдіктерін өсіру үшін әйел жатын бөлмесіндегі шкафты жасанды жарықтандыру шамдарымен және басқа да қажетті жабдықтармен жарақтандырған. Тінту барысында полицейлер марихуананың бірнеше түп өсімдігін, сондай-ақ оны күтіп-баптауға пайдаланылған жабдықтарды тауып, тәркіледі", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сонымен қатар, медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйелдің есірткіге мас күйде болғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам түрлі есірткі заттары алынып, бір есірткі зертханасы мен бес фитозертхананың қызметіне тосқауыл қойылды. Сонымен қатар құқық қорғаушылар 500-ге жуық есірткі құқық бұзушылығын, соның ішінде тыйым салынған заттарды өткізудің 161 дерегін анықтады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 12:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















