ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жалған ақпарат тарату, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған бұзақылық фактілері бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қарауындағы қылмыстық іс бойынша сот отырысы сотталушылар Қасенов пен Қаппарованың келмеуіне байланысты 2026 жылғы 15 маусымға кейінге қалдырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сотталушылардың сот талқылауына қатысуы – олардың процестік міндеті. Дәлелді себептерсіз сотқа келмеу істі қарауға кедергі келтіріп, сот талқылауының созылуына әкеледі.
– Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес, сотталушылар дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда сот олардың сот отырысына міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде күштеп әкелуді қолдануға құқылы, – деп мәлімдеді Алматы қалалық соты.
Сондай-ақ қамауда ұстаудан өзге бұлтартпау шарасы қолданылған сотталушылардың дәлелді себептерсіз келмеуі оларға қатысты бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгертуге негіз болуы мүмкін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 16:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















