Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарады

Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2025 жылы бюджеттің атқарылуы жаңа Бюджет кодексінің қолданысы жағдайында жүзеге асырылды. Үкімет есебін депутаттарға таныстырған Қаржы министрі Мәди Такиев өткен жылдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімі 6,5%-ды құрағанын, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1,5%-ға жоғары екенін айтты. Бюджет түсімдері жоспарға шаққанда 99%-ға атқарылып, 21,4 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде трансферттерді есептемегендегі меншікті кірістер 17,5%-дық өсіммен 15,3 трлн теңгені құрады. Бюджет шығыстары да 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте министр Үкіметтің әлеуметтік міндеттемелерді орындағанын атап өтті.

– Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді. Ұлттық жобалар шеңберінде 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 баспана сатып алынды. Үкімет үшін ең маңыздысы – бюджеттің атқарылуының тек игеру пайызы бойынша ғана бағаланбауы. Басты шарт – азаматтар мен бизнес және өңірлерде нақты қол жеткізілген нәтиже, – деп атап өтті Мәди Такиев.

Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ЖІӨ-ге қатысты болжамның 9 трлн теңгеге артық орындалғанына қарамастан, бюджетке 335 млрд теңге түспей қалғанын айтты. Оның айтуынша, бұл жоспарлаудың олқылықтары мен салықтық болжамдардың шамадан тыс оптимистік болуының салдары. Сонымен қатар бюджет тапшылығы әлі де айтарлықтай жоғары. Оны қысқарту жөніндегі жоспарлар қабылданды, алайда Жоғары аудиторлық палатаның бағалауынша, олардың ортамерзімді перспективада жүзеге асу ықтималдығы төмен. Бұған қоса, 2025 жылы бюджет процесіне бюджеттен тыс қорлар интеграциялан­ды, бірақ олардың нақты саны туралы толыққанды есеп пен мәлімет жоқ.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Еркін Әбіл 2025 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтап қалғанын атап өтті. Бұл ретте экономикаға өңдеу өнеркәсібі қосқан үлес алғаш рет тау-кен өндіру секторының үлесінен (11,9%) асып түсіп, 13%-ды құрады. Басқа да жетістіктер бар, алайда инфляциялық және өзге де елеулі сын-қатерлердің сақталуы тұрғындардың нақты табысының төмендеуіне әсер етуде. 

Талқылау барысында депутаттар Үкімет мүшелеріне азық-түлік тауарларының бағасын тежеу шаралары, қаржылық сын-қатерлердің алдын алу және мемлекеттік қарызға тәуелділікті төмендету бойынша жасалып жатқан қадамдар туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ депутаттар су шаруашылығын дамыту саласындағы жоспарланған көрсеткіштер мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері, фермерлер алдындағы субсидияға қатысты берешекті өтеу мерзімдері, сондай-ақ етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру үшін енгізу жоспарланып отырған тетіктер туралы сұрады.

Есептерге Мәжілістегі барлық саяси партия фракциялары өз бағаларын берді. «Ауыл», ҚХП, «Respublica», «Ақ жол» және «AMANAT» фракциялары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін депутаттардың айтқан ескертулерін назарға ала отырып бекітуді қолдады. ЖСДП фракциясы құжаттарды қолдамай, қарсы дауыс берді.

Жалпы алғанда, депутаттар Үкіметтің есебін қанағаттанарлық деңгейде бағалап, оны одан әрі қарау үшін Сенатқа жіберу туралы шешім қабылдады.

Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жалпы алғанда Үкімет тарапынан ауқымды жұмыс атқарылғанына назар аударды. Атап айтқанда, ел экономикасының дамуында тұрақтылық байқалады, ЖІӨ өсімі болжанған көрсеткіштен де, былтырғы деңгейден де асып түсті. Сонымен қатар бюджет саясаты мен заңнаманы жетілдіруге қатысты әлі де атқарылатын жұмыс көп.

– Былтыр даму бюджетінің үлесі 8,1-ден 6,4 пайызға дейін қысқарған. Әрбір бесінші инвестициялық жоба 2025 жылы аяқталмай қалған. Алайда елдің экономикалық өсіміне берік негіз қалайтын не? Ол – әрине, инфрақұрылымға, өндіріске, инновация мен адами капиталға салынған инвестиция. Ал біз осы бағыттағы даму бюджетінің тиісті деңгейде атқарылмай жатқанын көріп отырмыз. Бірінші кезекте ағымдағы мәселелерге емес, елді дамытуға арналған шығыстарға басымдық берілуге тиіс, – деді Мәжіліс Спикері.

Ерлан Қошанов сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа Бюджет кодексінде жазылған Парламенттің қатысуынсыз бюджетке 15% шегінде өз бетінше түзетулер енгізу мүмкіндігіне әуестеніп кеткенін баса айтты. Сегіз рет түзету жүргізілген, жекелеген салаларда шығыстар 59%-ға дейін өзгертілген, бұл бюджеттік бағдарламаларды бастапқы жоспарлаудың жеткілікті деңгейде ойластырыл­мағанын көрсетеді. Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Бюджет кодексіндегі осы норманы қайта қарап, бюджеттік түзетулердің нақты шегін бекітуді ұсынды.

Мәжіліс Төрағасы бюджет кірістерін объективті түрде болжау, сондай-ақ Ұлттық қор есебінен қаржылан­дырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қажеттігіне де тоқталды. Сөз соңында ол отырыс барысында айтылған депутаттардың ұсыныстары Үкімет тарапынан мұқият талданып, алдағы жылдардың бюджетінде көрініс табады деген сенім білдірді.

Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері Парламент палаталарының бірлескен отырысында түпкілікті қаралады.

Бұдан бөлек, Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске енгізілетін заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Әділ Жұбановтың келтірген дерегі бойынша, заң электрондық сауданы реттеу бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың жаңартылған талаптарына сәйкес әзірленген.

Құжат электрондық сауда тауарларын жеке санатқа бөлуді және «электрондық сауда операторы» ұғымын енгізуді көздейді. Мұндай операторлар интернет алаңдар арқылы сатып алынған тауарлардың логистикасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл кедендік декларациялау және тауарларды сақтау рәсімдерінің сақталуы мәселелері бойынша кеден органдарымен өзара іс-әрекетті жолға қоюға мүмкіндік береді.

Екінші оқылымда экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заң да қабылданды. Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Ажар Сағандықованың айтуынша, түзетулерді Парламент депутаттары көміртекті реттеу, қалдықтарды басқару, саланы цифрландыру, оны реттеу мен бақылау тетіктерін жетілдіру мақсатымен әзірлеген.

Атап айтқанда, тауар биржасы арқылы квота бөлудің аукциондық тетігін енгізу жоспарлануда, бұл нарықтық баға қалыптастыруды және жүйенің ашықтығын арттырады. Сондай-ақ көміртек бірліктеріне сұраныс пен ұсыныс арасындағы ықтимал теңгерімсіздіктерді реттеуге мүмкіндік беретін тұрақтандыру резервін құру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, жаңа нормалар гидрометеорология саласындағы ғылыми қызметті дамытуға, инвестициялық жобалар мен көмірсутектерді барлау жобалары үшін экологиялық рұқсаттар алу рәсімдерін жеңілдетуге, «Жасыл даму» акционерлік қоғамына тұрақты органика­лық ластаушылар мен иесіз қауіпті қалдықтарды жоюды қаржыландыру бойынша құзыреттер беруге және тағы басқаларына бағытталған.

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктердің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшілері резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана және Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялады. Оны депутат­тарға Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров таныстырды.

Құжаттың ережелеріне сәйкес, нысандар кейіннен ұзарту құқығымен 49 жыл мерзімге беріліп, екі елде алынатын салықтар мен алымдардың барлық түрінен босатылады. Сондай-ақ онда жер учаскелерін және жылжымайтын мүлік нысандарын беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Бүгінде Қазақстан 12 мемлекетпен осындай келісімдер жасасқан.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Самат Нұртаза келісімнің маңызды практикалық мәні бар екенін атап өтті. Жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға беру, жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алу мен пайдалануға байланысты шығындарды азайтуға жол ашады. Бұл ұзақмерзімді перспективада дипломатиялық өкілдіктердің тұрақты әрі тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржы­лан­дыруға арналған екінші қарыз») ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 04:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see162

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

24 Шілде 2026 21:05see157

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see156

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24 Шілде 2026 18:54see153

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

24 Шілде 2026 19:58see147

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

24 Шілде 2026 19:24see146

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

24 Шілде 2026 19:47see145

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

25 Шілде 2026 13:01see139

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

25 Шілде 2026 08:50see139

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

25 Шілде 2026 15:22see134

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

25 Шілде 2026 11:57see133

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

25 Шілде 2026 05:24see133

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

25 Шілде 2026 09:21see132

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

25 Шілде 2026 15:05see131

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

24 Шілде 2026 18:28see130

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

24 Шілде 2026 18:49see129

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

25 Шілде 2026 14:33see129

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

25 Шілде 2026 21:11see126

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

25 Шілде 2026 08:21see124

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

25 Шілде 2026 22:16see124
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары