Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ерлан Қошанов Қоғамдық палата ауқымды саяси өзгерістер бастау алып, азаматтық қоғамның рөлі күшейген кезеңде құрылғанына тоқталды.

Сол тұста Мемлекет басшысы көшелермен алаңдардағы пікірталас Парламент қабырғасына өтуі керек деген болатын. Мәжіліс жанында Қоғамдық палатаның құрылуы осыған жауап болды. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыс мазмұнды, қоғам сұранысына сай әрі нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. Қоғамдық палата еліміздің жаңа саяси жүйесінделайықты орынды иеленді, деді Мәжіліс төрағасы.

Спикер Қоғамдық палата еліміздің дамуындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір айтылатын ашық алаңға айналғанына назар аударды. Бұл ретте, палата мүшелері тек бақылаушы ғана емес, заң шығару процесінің толыққанды қатысушысы болғанын айтты. Олар заң жобаларына қатысты жүздеген тұжырымдамалық ұсыныс жолдап, соның біразы жұмысқа қабылданды.

Сонымен қатар Қоғамдық палата мүшелері қоғамдағы ең күрделі әрі өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді атсалысып, мемлекет пен азаматтардың арасында ашық диалогты қамтамасыз етті. Алматы тұрғындарымен Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелері кооперативтерінің проблемалары бойынша кездесулер өткізді, Бурабайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың орындалу мәселелерін талқылады, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың проблемаларын көтерді.

Мәжіліс спикері атап өткендей, Қоғамдық палата отырыстарында жеңіл тақырып болған жоқ. Олардың қатарында заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң, жаңа Салық кодексінің нормалары, масс-медиа туралы заң бар. Бұдан бөлек, Құрылыс пен Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы заң, жергілікті өзін-өзі басқару, лудомания, есірткі қолдану мен тарату және басқа мәселелер кеңінен талқыланды.

Ерлан Қошанов Қоғамдық палатаның әр мүшесіне табандылығы мен принциптілігі, жоғары белсенділігі мен үлкен жауапкершілігі үшін ризашылығын білдірді. Депутаттармен бірге заң шығару қызметінде де олардың елеулі әрі маңызды із қалдырғанына мән берді.

Мәжіліс төрағасы биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетінін еске салды. Оның нормаларына сәйкес, күзде Қазақстан Республикасының бір палаталы Құрылтайы құрылады. Спикер Қоғамдық палатаның мол тәжірибесі мен дәстүрлері Құрылтай жұмысында да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қоғамдық палатаның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сегізінші сайланым барысында палатаның 30 отырысы, соның ішінде 10 көшпелі отырыс өткенін айтты. Осы жиындардың қорытындысы бойынша Мәжілістің салалық комитеттері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыным жолданды.

Ол Қоғамдық палата мүшелері Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына, Конституциялық комиссияға және «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық жұмысына белсенді қатысқанына тоқталды.

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова Қоғамдық палатаның құрылуы соңғы жылдардағы ең маңызды институционалдық шешімдердің бірі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде Қоғамдық палата Парламенттің, азаматтық қоғамның, сарапшылар қоғамдастығының, бизнес пен кәсіби бірлестіктердің бірлескен іс-әрекетінің маңызды алаңына айналды. Бұл ретте Зәуреш Батталова институционалдық жадыны сақтап, жинақталған нәтижелерді сарапшылар қауымының келесі құрамына берудің маңызды екенін айтты.

Еуразиялық тұтынушылар одағының басқарма басшысы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романовская жасанды интеллект технологияларын пайдаланып коммерциялық емес ұйымдардың тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң құру туралы ұсыныс білдірді. Ал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата сияқты алаң Парламентке ғана емес, сарапшылардың өздеріне де қажет екеніне тоқталды. Ол сондай-ақ Мәжілістің өткен сегізінші сайланымы пікір алуандығы мен ерекшеленетінін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәжіліс төрағасы Қоғамдық Палата мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 21:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары