Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Астанада SARAP эксперттік клубының жылдық жұмысы қорытындыланды

Астанада SARAP эксперттік клубының жылдық жұмысы қорытындыланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Sarap Reflection: жыл қорытындысы» тақырыбындағы отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Жиында SARAP-тың биылғы атқарған жұмысына қорытынды жасалып, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Ұлттық құрылтай аясында әзірлеген талдау баяндамалары, қайырымдылық және отбасының жаңа үлгісіне қатысты әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ішкі саясатының бекітілген негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары және адам құқықтары мәселелері талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың және ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Жиынға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы Жұлдызай Ысқақова модератор болды. Ол «SARAP» эксперттік клубының биылғы жұмысын қорытындылап, онда жыл бойы көтерілген қоғамдық маңызы бар мәселелерге шолу жасады. Жұлдызай Ысқақованың айтуынша, эксперттік клуб 2021 жылы құрылған, содан бері 62 талқылау отырысын өткізіп, оған 2500-ден астам азамат қатысқан.

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары туралы құжаттың мән-маңызына тоқталды. Ал ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл жаңа тұжырымдаманың басым бағыттарының бірі ретінде жауапты ата-ана идеясын дәріптеу міндеті қойылғанын ерекше атап өтті.

«Саналы ата-ана болу – Қазақстан азаматтары үшін басты құндылықтардың бірі. Зерттеуге сүйенсек, респонденттердің 61,4%-ы ата-ана рөлін өміріндегі ең басты құндылық деп бағаласа, 29,2%-ы аса маңызды аспектілердің бірі деп санайды. Одан бөлек, балалар отбасының басты құндылықтары арасында үшінші орында (38,7%) тұр. Бұл көрсеткіштер ата-ана болудың қоғамда жоғары мәртебеге ие екенін және отбасын қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатты одан әрі дамыту қажет екенін көрсетеді», – деді спикер.

Іс-шара аясында қайырымдылық туралы да зерттеу нәтижелері жарияланды. ҚҚДИ Әлеуметтанулық зерттеулер орталығының сарапшысы Гүлсайран Нұртайдың айтуынша, Қазақстан азаматтарының қайырымдылық қорларына деген сенім деңгейі әркелкі.  

«Қазақстан азаматтарының шамамен 25%-ы қайырымдылық қорларына мүлдем сенбейтінін айтқан, яғни шартты түрде әр төртінші азамат сенімсіздік білдірді. Қызығы, қайырымдылық қорларына шүбәсіз сенетіндер үлесі де осы шамада – 26,4%. Ал респонденттердің 45%-дан астамы қайырымдылық қорларына ішінара сенеді, атап айтсақ, олардың 29,6%-ы тек кейбір қайырымдылық қорларына сенім білдірсе, 15,8%-ы қорларға емес, қайырымдылықпен жеке айналысатындарға сенетінін айтқан», – деді сарапшы.  

Іс-шара аясында қатысушылар адам құқықтарын қорғау, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы өзекті мәселелерді де талқыға салды.

Жиын соңында өзге де баяндамалар мен жобалар көпшілік назарына ұсынылып, ашық пікір алмасу болды. Қатысушылар ғылыми зерттеулер мен сарапшылар талқылауының мемлекет саясатын жетілдірудегі маңызына тоқталып, қоғамның дамуына тың серпін беретінін де атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары