Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Элунду Лазар: Алтын Орда мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

Қазақстанда көліктің әдемі нөмірлер тізімі кеңейді

Неймар Бразилияның Әлем чемпионатындағы құрамына енді

Премьер министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Қазақстанда болашақтың қытайлық аэротаксиі сыналды желіде видео қызу талқылануда

Димаш Құдайбергеннің Көкжиектен асқан үн жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады (видео)

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

Трамп АҚШ тың Иранға шабуылын екі үш күнге шегергенін мәлімдеді

Талдықорғанда футбол матчынан кейін жанжал шығып, 20 жастағы студент қаза тапты

Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе жектен қағылды

Жаңа курорт және тағы бір Қытай қаласы қазақстандықтар қайда ұша алады

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады премьер тапсырма берді

“Ешқандай тарихшы күмән келтірмейді“ Тоқаев Алтын Орданың рөлі туралы айтты

Конституциялық реформа саяси жүйенің жаңғыруы

Конституциялық реформа саяси жүйенің жаңғыруы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұрын Конституция жобасын жалпы қолдаймыз деген басым пікірлер болса, қазір қоғамда жаңа Конституция жобасының әр бабын жіктеп-жіліктеп, өз көзқарастарын білдірушілер әлеуметтік желіде ашық талқылауда.

Жаңа Конституция жобасының бұ­рынғы Конституциялардан басты айыр­машылығы – преамбуласының жаңғыр­уында. Қазақстан халқының біртұтастығы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттікті нығайта отырып, Ұлы даланың мыңжылдық тарихын сақтап, мемлекеттің унитарлық сипатын айта келіп,  Әділетті Қазақстан идеясы және «Заң мен тәртіп» дей келе, азаматтардың құқықтары мен бостандық­тары мүлтіксіз сақталатыны мәлімдеген. Мүлтіксіз деген сөз ешбір Конститу­ция­мызда көрініс бермеген, демек қағидаттар шегеленіп, құндылықтарға таразылап барып, мақсатымызды айқындап, 11-бөлімде тарқатылады. 

Қолданыстағы Конституцияның 1-ба­бында ҚР өзін демократиялық, зай­ыр­лы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады десе, Жаңа Консти­туция жобасында Қазақстан Республика­сы – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп алыстан орағытпай нүкте қояды. Жаңа Конституция жобасын­да 3-бап адам капиталын, білімді, ғылымды, инновациялық дамуды стратегиялық ба­ғыт деп таниды. Ал 4-бап мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақстан халқы делінген, яғни Қазақстан халқын Егемендік иесі деп нақ­тылайды. 

Сондай-ақ Жаңа Конституция жоба­сының 7-бабының 1-тармағында дін мемлекеттен бөлек деп көрсетілген. 12-ба­бының 3-тармағында Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейтіні жазылды. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына негіз болады деп кесіп айтыл­ған. Қолданыстағы Конституцияда бұл норма айқындалмаған болатын. Жаңа Кон­ституцияның жобасында 19-баптың 1-тармағында заңды күшіне енген сот үкімімен адамды кінәлі деп танымайынша, ол жасалған қылмыстық құқықбұзу­шы­лыққа кінәлі емес деп саналады. Бұл да бұрын көрсетілмеген норма. 21-баптың 1, 2, 3-тармақтарындағы азаматтардың дербес деректерінің құпиялығына заңмен кепілдік берілуі – өте қажет дүние. Сон­дай-ақ 23-баптағы зияткерлік меншіктің заңмен  қорғалуы, сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық ер­кін­дігіне кепілдік берілуі де қуантады.

Елдің көкейінде жүрген неке және отбасындағы одақты тіркеу жөнінде жаңа жобада 30-баптың 2-тармағында неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы деп нақтылау қолданыстағы Конституцияда бол­маған еді. Бұл – дәстүрлі отбасыны сақ­тауға ұлт тәрбиесі үшін аса құнды дүние.

Жаңа Конституция жобасындағы елді елең еткізген заң нормасы – 46-баптың 2-тармағы. Онда «Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті депутаттардың жал­пы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-президентін та­ғайындайды, лауазымынан босатады, өкілеттігін айқындайды» деп жазылған. 

Сонымен қатар Құрылтай Вице-пре­зидентті тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады десе, 46-баптың 8-тармағында депутаттардың санының көпшілік дауысымен Конституциялық Соттың 10 судьясын 8 жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін 5 жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін 5 жыл мерзімге тағайындайды және олар­ды лауазымынан босататыны көрсетілген.

Жаңа жобаның 86-бабында адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қор­ға­лу құқығын және заң көмегін алуын, адвокаттар қызметін жүзеге асыру тәртібін және адвокаттар құқықтары мен міндеттері, жауаптылығы айқындалған. Қолданыстағы заң нормасында адвокаттар рөлі сот пен прокуратура сияқты айқындалмаған бо­ла­тын. Бұрын адвокаттарға тергеу изоля­торындағылармен кездесуге шектеу қой­ы­лып, қылмыстық іспен танысу қиын­дық тудыратын. Енді адвокаттардың рөлі Конституцияда айқындалса, қоғамда адвокаттардың кәсібилігі арқылы әділ ше­шім шығаруға және заң үстемдігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік туады.

Жаңа Конституция жобасындағы қазіргі Парламенттің Құрылтай аталуы халық арасында айрықша қолдауға ие. Бұл жаңа жобаның Құрылтай деп аталатын IV бөлімін қамтиды. Конституция жоба­сының VI бөлімінде халықтың құлағына жағымды естілгені – Қазақстан Халық Кеңесі деп аталатын 70 және 71-баптар. Құлаққа жағымды дейтін себебім, халық әр кезде билікке ойын жеткізгісі келеді, мә­селенің шешілуін қалайды, биліктен кері байланыс күтеді. Сондықтан бұл ор­ган ұтымды саналады. Халықтық Кеңес – шетелдік тәжірибе көрсеткен тиімді институт. Францияның «Азаматтық конвенциялар» жүйесі арқылы жинақталған ұсыныстары мемлекеттік шешімдерге негіз болды, Германияда қоғаммен кең­есу – міндетті процесс. Швеция, Норвегия, Финляндияда мемлекеттік реформалар міндетті түрде қоғамдық талқылаудан өте­ді, ал Ұлыбританияда ірі реформа пікір­таластағы ұсыныстардан жинақталады.

Құрамы 126 адамнан құралатын Халық Кеңесі, этномәдени бірлестіктерден, мәслихаттар мен қоғамдық кеңес арқылы қоғамдық ұйымдардан тұрады. Ал құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттілігі, қыз­меті­нің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады. Халықтық Кеңес мемлекеттің ішкі саясатының негізгі ба­­ғыт­тары – қоғамдық келісім, жал­пыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар Құрылтайға заң жобаларын енгізеді, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Халық Кеңесі – халықтың сөзін ең бірінші еститін, билікке, заң шығарушы органға нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ашық алаң. Бұл құрылым қағаз жүзінде емес, шынайы халықпен қоян-қолтық пікірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Халық Кеңесі құзіретіне Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясының міндеттері өтетін болады. Кеңес өңірлерден түскен ұсыныстар мен пікірлерді жинақтап қана қоймай, сараптап, басты бағыт-басымдықтарымызды, негізгі жалпыұлттық құндылықтарымызды би­лік­ке жеткізіп, мемлекеттік саясаттың қалыптасуына оң ықпал етеді.

Жалпы айтқанда, Конституцияның жаңа жобасы бойынша, Кеңестің құры­л­уы – Қазақстанның жаңа басқару мә­дениетіне қадам басқанының белгісі. Халық Кеңесі батыл, нақты ой орталығына айналған тұста саяси жүйе күшейе түсетін болады. Сонымен қатар Кеңес маңызды идеологиялық құжаттарды түсіндірумен, насихаттаумен айналысады. Енді тағы бір айта кететін мәселе, жүйелі түрде Халық Кеңесінің жақсы жұмыс істеуі – Кеңес құрамының салмақтылығына байланысты. Халық Кеңесі – ел азамат­тарынының үмітін үкілейтін, билікке жет­кізетін, шешімін табуға ықпал ететін құрылым. Әділетті Қазақстанды құрудағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеологиясының тамыздығы.

Жаңа Конституция бойынша дұрыс шешім қабылдау – азаматтық парызымыз. Мен балаларымның болашағы мен тын­ыш­тығы үшін Әділетті Қазақстанның кірпішін қалаушы азаматтардың  бірі және ана ретінде азаматтардың  құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталады деп кепілдік берілуін қалаймын. Ел қарқындап дамуы үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын, Әділетті Қазақстан идеясын ұстанып, тарихи сабақтастықты сақтайтын, құн­дылықтарымызды арқау еткен, халық­тың барлық топтарының мүддесін қор­ғайтын жаңа Конституция жобасының халық ішінде талқылануы мемлекеттің демократиялық үдерісін көрсетеді.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,

«AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық

филиалы атқарушы хатшысының орынбасары,

Түркістан облыстық мәслихат депутаты,

Әйелдер қанатының облыстық жетекшісі 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 04:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Элунду Лазар: Алтын Орда мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

19 Мамыр 2026 16:50see115

Астана маңызды халықаралық алаңға айналып келеді көрме комиссары Ольга Риго

19 Мамыр 2026 00:09see114

Қазақстанда көліктің әдемі нөмірлер тізімі кеңейді

19 Мамыр 2026 11:01see114

Неймар Бразилияның Әлем чемпионатындағы құрамына енді

19 Мамыр 2026 08:31see113

Премьер министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды

19 Мамыр 2026 13:00see112

Қазақстанда болашақтың қытайлық аэротаксиі сыналды желіде видео қызу талқылануда

19 Мамыр 2026 12:21see111

Димаш Құдайбергеннің Көкжиектен асқан үн жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады

20 Мамыр 2026 11:06see111

Зейнатақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

19 Мамыр 2026 23:16see110

Қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырды

19 Мамыр 2026 10:08see109

ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты

20 Мамыр 2026 11:19see109

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады (видео)

19 Мамыр 2026 00:09see109

Түркістан халықаралық бастамалардың жаңа алаңы

19 Мамыр 2026 07:04see109

Трамп АҚШ тың Иранға шабуылын екі үш күнге шегергенін мәлімдеді

19 Мамыр 2026 08:35see108

Талдықорғанда футбол матчынан кейін жанжал шығып, 20 жастағы студент қаза тапты

19 Мамыр 2026 18:16see106

Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

19 Мамыр 2026 10:07see105

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе жектен қағылды

19 Мамыр 2026 00:08see105

Жаңа курорт және тағы бір Қытай қаласы қазақстандықтар қайда ұша алады

19 Мамыр 2026 12:42see105

Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

19 Мамыр 2026 16:49see104

Еуропаның ірі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады премьер тапсырма берді

19 Мамыр 2026 13:02see104

“Ешқандай тарихшы күмән келтірмейді“ Тоқаев Алтын Орданың рөлі туралы айтты

19 Мамыр 2026 16:43see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары