Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеу­меттік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйтқы болуымен қолға алынған өзгерістер мемлекеттік басқарудың әділ, орнықты әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кең көлемді реформалар пакетінің басты ережелерінің бірі ретінде бір палаталы Парламенттің құрылуын тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде институттардың жауап­кершілігін күшейтіп, заңна­малық үдерісті жеделдете түсетінін айтты.

«Жарты жыл бойы жүргізілген кешенді жұмыс нәтижесінде жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Бұл ретте құжат­тың құндылық өзегін айқын­дайтын Преамбуланың маңызы айрықша.Жаңа мәтінде алғаш рет адам құқықтары мен бостан­дықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде нақтыланды.Мемлекеттіліктің іргетасы ретінде бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім бекітілді.Егемендік пен Тәуел­сіз­дік, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде айқындалды. Сонымен қатар Әділдік, Заң мен тәртіп қағидаттары, таби­ғатқа жанашырлықпен қарау прин­циптері ерекше атап көрсетілді.Сондай-ақ «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақстан халқы» деген демократияның негізгі қағидаты конституциялық деңгейде бекі­тілді», деп атап өтті Аида Балаева.

Реформалардың тағы бір маңызды қыры – адам капиталына басымдық беру. Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны дамытуға ерекше мән берілуі де уақыт талабы.

Мәжіліс депутаты Болат Керім­бек жаңа жобаның әлеуметтік және құндылық тұрғысындағы маңызы­на тоқталды. Оның айтуынша, адамдар Конституцияны қауіпсіз­дік пен әділдіктің іс жүзіндегі кепілдігі ретінде сезінуге тиіс.

«Референдумда таңдау жасау – өз тағдырың мен мемлекет болашағына бейжай қарамау деген сөз. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының да қорғаны», деп атап өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын еске салды.

Жаңа жобаны талқылау жиынына Мәжіліс депутаты Никита Шаталов, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ыс­қақова, Жетісу облыстық мәсли­­хаты­ның төрағасы Гүлнар Тойлы­баева, Жетісу облысы Арда­гер­лер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты.

Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің басқарма төр­ағасы – ректоры Болат Тілеп жаңа Конс­титуцияның маңызы мен мазмұны туралы ойымен бөлісті.

«Жаңа Ата заңның мазмұнында «Әділетті Қазақстан» идеясының арман-мұраты, мүмкіндіктері мен жауапкершілігі, сауалдары мен жауаптары көрініс тапқан. Ұсынылып отырған өзгерістердің терең мағынасы мен тарихи маңызын мен осыдан көремін», деп атап өтті ол.

«Қазақстан қоғамдық даму инс­титуты» КеАҚ басқарма төр­ағасы Жұлдызай Ысқақова неке институтын конституциялық тұрғыда нығайту мәселесін көтеріп, мемлекеттің құқықтық және қоғамдық негіздерін нығайтудағы аталған нормалардың маңызын тілге тиек етті.

«Некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конс­титуциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан қолдау тауып отырған неке моделін жоғары заңдық күші бар норма ретінде бекітуге, мемлекеттік орган­дардың құқық қолдану және про­фи­лак­тикалық қызметі үшін бірың­ғай бағдар қалыптастыруға, некеге мәжбүрлеудің кез кел­ген формасына қатысты нөлдік төзімді­лікті қам­тамасыз етуге, отбасы инс­титутын ұзақмерзімді орнықты қазақ­стандық қоғамның негізі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Ж.Ысқақова.

Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Парламент атауының Құрылтай болып өзгеруі жа­йын­дағы бастаманың маңызы туралы айта келе, оның тарихи әрі рухани терең мәніне назар аударды.

«Біз де Парламенттің Құрылтай деп аталуы туралы бастаманы жай ғана формасын ауыстыру емес, тари­хи та­мырымызға қайту әрі ұлттық бір­е­гей­лікті бекіту ретінде қарай­мыз. Бұл – біздің мемлекеттілік дәстүр­лер­іміздің жаңғыруы мен дамуы», деді ол.

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңар­­ған Ата заңның басты ере­же­л­еріне қатысты ойын білдіріп, мем­­ле­кет­тің құндылық бағдар­ла­рын нығайту мәселесіне ден қойды.

«Әділдік, Заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау Конс­титуция деңгейінде тұңғыш рет бекітіліп отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы екені айқын жазылды. Басты идея – білімнің, ғылымның, мәдениет пен инновацияның, сондай-ақ адам капиталының дамуына басымдықтың берілуі», деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Аида Балаева жаңа Конституция жоба­сының түпкі мәні – әр азаматтың қадір-қасиетін қорғау мен елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Жаңа Преамбулада адам құқық­тары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалуы – осы бағыттағы түбегейлі бетбұрыстың айғағы.

Сонымен бірге бірлік пен өзара сыйластық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мем­лекеттілігінің берік негізі ретін­де бекітіліп отыр. Бұл қағидат­тар көпэтносты, көпконфессиялы қоғамда тұрақтылық пен сенімді дамудың басты шарты екені анық. Егемендік пен Тәуелсіздік, елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін, мызғымас құндылықтар ретінде белгіленуі – мемлекеттің берік­тігіне берілген нақты құқықтық кепіл. Қандай жағдайда да бұл ұстанымдар мемлекет дамуының бұлжымас тірегі болмақ.Жаңа Ата заңда әділдік, Заң мен тәртіп, таби­ғатқа жауапкершілікпен қарау секілді құндылықтардың конс­титу­циялық деңгейде бекітілуі қоғам­да жауапкершілік мәдениетін қалып­тастыруға бағытталған. Бұл тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақ алдындағы міндетті де айқындайды», деді Аида Балаева.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмысы бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың референдумға қатысуының маңы­зын атап өтті.

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, боран және аяз: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:34

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:24

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

Денсаулық • Бүгін, 09:13

Көпбалалы отбасыларға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:05

Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық

Кәсіпкер • Бүгін, 09:00

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары