Ұлттық ұлан әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақат алды

13.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында болған.

5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған.

— Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған, — делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаздың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью