Ұлттық ұлан әскери қызметшісі атыс қаруынан жарақат алды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында болған.
5571 әскери бөлімнің оқу полигонында жоспарлы жаттығу аясында атыс өткізілген кезде 2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы Г. қауіпсіздік ережесін бұзып, АК-74 атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жаралаған.
— Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған, — делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаздың қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 19:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















