Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысы қарсаңында қоғамдық көзқарас қақ жарылып, сыңаржақ пікірлер ұлы мұратты көздеген тарихи құрылымға «Күлтөбенің басындағы күндегі жиынның бірі» деп баға берген еді. Алайда Ұлттық құрылтай өзінің өміршең ұстаным, ұтымды ұсыныстарымен ел сенімін серпілтіп, халық асыға күтіп, әр отырысынан таудай үміт күтетін тарихи алқаға айналды.
Осы Құрылтайға дейінгі бір жылдық кезеңде көтерілген мәселе, ұсынылған ұсыныстар жерде қалмай, түпкі шешіміне дейін қадағаланды.
Биылғы бесінші отырысы Алаштың анасы Сыр елінде, еліміздің рухани астаналарының бірі Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай бес жылда өзінің тарихи миссиясын жүйелі атқарып, Қазақ елінің руханиятына ғана емес, экономикасының өркендеуіне де көп-көрім үлесін қосты. 2022 жылы ұлт бесігі Ұлытаудан бастау алған ұлы мұрат жолы 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, өткен жылы Бурабайда жалғасқаны белгілі. Әр Құрылтайдың көтерген мәселесі бір-бірімен сабақтасып, жүйелі түрде шешімін тауып отырды. Мәселен, Құрылтай бастамалары негізінде 26 заң қабылданыпты. Бір ғана Бурабайдағы Құрылтайдан кейін 16 заң жобасы әзірленіп, оның алтауы қабылданып үлгерген.
Ұлытау құрылтайы нәтижесінде 25 қазан – Республика күні ретінде қайта оралып, 2023 жылдан бері ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Ал Түркістан құрылтайы қаламгер қауымды «Қазақстанның Халық жазушысы» атағымен қайта қауыштырды. Сондай-ақ әр Құрылтайда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген идеологиялық тұжырымдар қабылданып, еліміздің ономастика, масс-медиа, кинематография, ғылым мен білім салаларын жаңғырту, жүйелеу мүмкіндіктеріне қол жеткіздік.
«Әділетті Қазақстан» құру жолында қабылданған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Еңбек адамы», «Кітап оқитын ұлт», «Жаңа қоғамдық этика» жобалары да – Құрылтай жұмысының жемісті нәтижелері.
Ал Қызылордадағы Құрылтай не берді? Пленарлық отырыстан бір күн бұрын Құрылтайдың төрт секцияға жүйеленген бағыттары бойынша былтырғы Бурабай Құрылтайының қорытындылары шығарылып, жаңа ұсыныстар талқыланды. Төрт секция бойынша 200-ден астам ұсыныс қабылданды. Мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жетекшілік еткен «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының жұмысына қатыстым. Аты айтып тұрғандай, бұл секция негізінен еліміздің идеологиялық даму бағыттарын екшеді. Өткен жылдың қараша айында қабылданған «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағытын бекіту туралы» құжаттың құндылығы сарапталып, рухани салаға қатысты өткір пікір, ұтқыр ұсыныстар ортаға салынды.
Бүгінгі Қазақстан әлем назарын аударып қана қоймай, алты құрлықтың ерекше қызығушылығын тудырған саяси-экономикалық реформалар дәуірінде өмір сүріп жатыр. Ал реформа – ескіні жоққа шығару емес, халық игілігі жолындағы ізгі істі жүйелі түрде жалғастыру. Еліміздің тарихи сапары дұрыс жолды таңдап, игілікті меже бағытын ұстанғанына Ұлттық құрылтайдың осы отырысында тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Құрылтай отырысына төр ұсынған Сыр елінің даму көрсеткіштеріне шолу жасап, кіші Арал проблемасынан бастап, алдымыздағы конституциялық реформа болжамына дейін тоқталған Қасым-Жомарт Кемелұлының әр сөзі тарихи ақиқат негізінде өрілді. Сондай-ақ Құрылтайда көтерілген әр ұсыныстың ескерусіз қалмайтынына көзіміз анық жетті.
Рухани саладан бастап, өндірістік сала мүмкіндіктері, әр азаматтың талап-тілегі егжей-тегжейлі сараланды. Мемлекет басшысының «Қазақстан – жауапкершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, мемлект жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің басшысы ретінде мен үшін тәуелсіздік – бәрінен қымбат! Бұл – мерейтой кезіндегі ұран емес, қазіргі дүрбелеңге толы заманда ұлттық стратегиямыздың негізгі қағидасы. Мен «Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім» екенін үнемі айтып жүрмін», деген тебіреніске толы сөзі Құрылтай түйініндей әсер қалдырды.
Президент еліміздің логистикалық мүмкіндіктеріне тоқтала келіп, «Қарағанды – Жезқазған» бағытындағы жолдың құрылысы басталатынын жеткізген кезде қуаныштан жүрегім жарылардай күй кештім. Өйткені бұл жоба Қарағанды өңірінің экономикасын еңселендіруде жетекші рөл атқаратын күретамыр екені бесенеден белгілі еді.
Айтып-айтпай не керек, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы берекелі байлам, байыпты бастамалармен дараланды, Елімізде реформалар жалғасын табады. Әр азаматтың құқығы заң шеңберінде қорғалады. Конституциямызға енгізілмек өзгерістер тәуелсіздігіміздің кепіліне айналмақ. Ішкі саясатымызда іркіліс, сыртқы саясатымызда сын-қатер болмайды. Бесінші мәрте тарихымызды да, бүгінгі-ертеңгі тағдырымызды да таразылаған Ұлттық құрылтай түйіні осындай игілікті межені игеруге деген ұмтылысымен ерекшеленді.
Бұл ұмтылыс – ұлы мұраттың жолы. Біз оны Қызылорда құрылтайында тағы бір мәрте пысықтап алдық.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
«Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше