Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлытаудан басталған ұлы мұрат

Ұлытаудан басталған ұлы мұрат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысы қарсаңында қоғамдық көзқарас қақ жарылып, сыңар­жақ пікірлер ұлы мұратты көздеген тарихи құрылымға «Күлтөбенің басындағы күндегі жиынның бірі» деп баға берген еді. Алайда Ұлттық құрылтай өзінің өміршең ұстаным, ұтымды ұсыныстарымен ел сенімін серпілтіп, халық асыға күтіп, әр отырысынан таудай үміт күтетін тарихи алқаға айналды.

Осы Құрылтайға дейінгі бір жылдық кезеңде кө­те­ріл­­ген мәселе, ұсынылған ұсы­ныс­тар жерде қалмай, түпкі ше­шіміне дейін қадағаланды.

Биылғы бесінші отырысы Алаштың анасы Сыр елінде, елі­міздің рухани астаналарының бірі Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай бес жылда өзінің тарихи миссиясын жүйелі атқарып, Қазақ елінің руханиятына ғана емес, экономикасының өркендеуіне де көп-көрім үлесін қосты. 2022 жылы ұлт бесігі Ұлытаудан бас­тау алған ұлы мұрат жолы 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, өткен жылы Бура­байда жалғасқаны белгілі. Әр Құрылтайдың көтерген мәселесі бір-бірімен сабақтасып, жүйелі түрде шешімін тауып отырды. Мәселен, Құрылтай баста­малары негізінде 26 заң қабыл­даныпты. Бір ғана Бурабай­дағы Құрылтайдан кейін 16 заң жобасы әзірленіп, оның алтауы қабылданып үлгерген.

Ұлытау құрылтайы нәтиже­сінде 25 қазан – Республика күні ретінде қайта оралып, 2023 жыл­­дан бері ұлттық мереке ре­тін­де тойлана бастады. Ал Түр­кіс­тан құрылтайы қаламгер қауым­ды «Қазақстанның Ха­лық жа­зушысы» атағымен қай­та қауыштырды. Сондай-ақ әр Құрылтайда еліміздің әлеу­­меттік-экономикалық да­муына серпін берген идеология­лық тұ­жырымдар қабылданып, еліміз­дің ономастика, масс-медиа, кинематография, ғылым мен білім салаларын жаңғырту, жүйелеу мүмкіндіктеріне қол жеткіздік.

«Әділетті Қазақстан» құру жолында қабылданған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Еңбек ада­мы», «Кітап оқитын ұлт», «Жаңа қоғамдық этика» жобалары да – Құрылтай жұмысының жемісті нәтижелері.

Ал Қызылордадағы Құрыл­тай не берді? Пленарлық отырыс­тан бір күн бұрын Құрылтай­дың төрт секцияға жүйеленген бағыттары бойынша былтырғы Бурабай Құрылтайының қорытындылары шығарылып, жаңа ұсыныстар талқыланды. Төрт секция бо­йынша 200-ден астам ұсыныс қабылданды. Мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәде­ниет және ақпарат министрі Аида Балаева жетекшілік еткен «Әлеуметтік-мәдени даму» сек­циясының жұмысына қатыс­тым. Аты айтып тұрғандай, бұл секция негізінен еліміздің идео­логиялық даму бағыттарын ек­шеді. Өткен жылдың қара­ша айында қабылданған «Қазақ­стан Республикасы ішкі саясаты­ның негізгі қағидаттарын, құнды­лықтары мен бағытын бекіту туралы» құжаттың құндылығы сарапталып, рухани салаға қатысты өткір пікір, ұтқыр ұсыныстар ортаға салынды.

Бүгінгі Қазақстан әлем назарын аударып қана қоймай, алты құрлықтың ерекше қызығу­шылығын тудырған саяси-эко­номикалық реформалар дәуі­рінде өмір сүріп жатыр. Ал реформа – ескіні жоққа шығару емес, халық игілігі жолындағы ізгі істі жүйелі түрде жалғастыру. Еліміздің тарихи сапары дұрыс жолды таңдап, игілікті меже бағытын ұстанғанына Ұлттық құрылтайдың осы отырысында тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Құрылтай отырысына төр ұсын­ған Сыр елінің даму көр­сет­кіштеріне шолу жасап, кіші Арал проблемасынан бас­тап, алдымыздағы конс­титу­ция­­лық реформа болжамына дейін тоқталған Қасым-Жомарт Кемел­ұлының әр сөзі тарихи ақиқат негізінде өрілді. Сон­дай-ақ Құрылтайда көтерілген әр ұсыныстың ескерусіз қалмай­тынына көзіміз анық жетті.

Рухани саладан бастап, өнді­ріс­тік сала мүмкіндіктері, әр аза­маттың талап-тілегі егжей-тег­жейлі сараланды. Мемлекет бас­шысының «Қазақстан – жауап­кершілігі жоғары «орта держава» және жер көлемі бойынша ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет. Біз баршаға түсінікті, яғни ақылға қонымды және әділ саясатты жақтаймыз, осы ұстанымды әрдайым сақтаймыз. Сыртқы саясаттағы іс-әрекетіміздің бәрі бір ғана мақсатты көздейді. Ең бастысы, мемлект жерінің тұтастығын, қауіпсіздігі мен еге­мен­дігін қамтамасыз етуіміз керек. Қазақ мемлекетінің бас­шысы ретінде мен үшін тәуел­сіздік – бәрінен қымбат! Бұл – мерейтой кезіндегі ұран емес, қазіргі дүрбелеңге толы заманда ұлттық стратегиямыздың не­­гіз­гі қағидасы. Мен «Тәуел­сіз­­дік дегеніміз – ең алдымен, жал­­пы­ұлттық бірлік пен келі­сім» екенін үнемі айтып жүр­мін», деген тебіреніске толы сөзі Құ­рылтай түйініндей әсер қалдырды.

Президент еліміздің логис­тикалық мүмкіндіктеріне тоқта­ла келіп, «Қарағанды – Жезқаз­ған» бағытындағы жолдың құры­л­ысы басталатынын жеткізген кезде қуаныштан жүрегім жарылардай күй кештім. Өйткені бұл жоба Қарағанды өңірінің экономикасын еңселендіруде жетекші рөл атқаратын күретамыр екені бесенеден белгілі еді.

Айтып-айтпай не керек, Ұлт­тық құрылтайдың бесінші отырысы берекелі байлам, байыпты бастамалармен дараланды, Елімізде реформалар жалғасын табады. Әр азаматтың құқығы заң шең­берінде қорғалады. Консти­туциямызға енгізілмек өзгеріс­тер тәуелсіздігіміздің кепіліне айналмақ. Ішкі саясатымызда ір­кіліс, сыртқы саясатымызда сын-қатер болмайды. Бесінші мәрте тарихымызды да, бүгінгі-ертеңгі тағдырымызды да таразылаған Ұлттық құрылтай түйіні осындай игілікті межені игеруге деген ұмтылысымен ерекшеленді.

Бұл ұмтылыс – ұлы мұраттың жолы. Біз оны Қызылорда құрыл­тайында тағы бір мәрте пысықтап алдық.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

«Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары