ҰҚК: Шымкентте Экономикалық тергеп тексеру департаменті қызметкеріне қатысты тергеу басталды

11.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2 наурыз күні әлеуметтік желілерде ер адамның жол жиегінде тұрған автокөлік жанында арнайы қызмет өкілдері тарапынан ұсталған сәті түсірілген фото жарияланды.

Желі қолданушыларының жазуынша, ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкентте қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстаған болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, пара көлемі шамамен 300 мың теңгені құраған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Открывай Шымкент (@open.shymkent)

Осыған байланысты Kazinform редакциясы аталған дерекке қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдап, департамент қызметкерінің шынымен ұсталған-ұсталмағанын, пара сомасы туралы ақпараттың қаншалықты рас екенін, сондай-ақ күдіктінің процессуалдық мәртебесі мен ақшаның берілу жағдайын нақтылауды сұрады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК ресми сауалға берген жауабында.

Бұған дейін СҚО-да түзеу мекемесінің бастығы ұсталғанын ҰҚК растады.

Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі 60 млн теңгелік темекі контрабандасының жолын кесті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью