Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды.
«Aerial Solutions» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық аясында ашылған ғылыми-инновациялық орталықта отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының моделін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім мен сертификаттау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Орталықтың ашылуына ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев, «Aerial Solutions» ЖШС Авиациялық оқу орталығының бас директоры Перизат Құдайбергенова, Қорғаныс министрлігі Ұшқышсыз ұшу жүйелерін дамыту және қолдану департаментінің басшысы Иса Теймуразұлы, Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшылығы бас орталығының басшысы Сәкен Рүстемов, Ұлттық қауіпсіздік академиясының кафедра меңгерушісі Артур Имашев, Қазақстан авиация әкімшілігі Лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов, белгілі ғалымдар мен оқытушылар қатысты.
Жиынды ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев ашып, орталықтың іске қосылуы еліміздің технологиялық даму жолында ерекше маңызы бар екенін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында «Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз бен егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға тікелей байланысты.
Әр маман цифрлық дағдыларды жетік меңгеріп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін жұмыс барысында тиімді қолдана білуі қажет» деп атап өткен болатын.
Сондай-ақ үш жыл ішінде елімізді толық цифрландыруға байланысты стратегиялық мақсат қойды.