Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ұшқышсыз авиация орталығы

Ұшқышсыз авиация орталығы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды. «Aerial Solutions» ЖШС арасындағы өзара ынтымақ­тас­тық аясында ашылған ғылыми-инновациялық орталықта отан­дық ұшқышсыз ұшу аппа­рат­тарының моделін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім мен серти­фи­каттау бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Орталықтың ашылуына ҚазҰУ басқарма төрағасы-рек­тор Жансейіт Түймебаев, «Aerial Solutions» ЖШС Авиациялық оқу орталығының бас директоры Перизат Құдайбергенова, Қорғаныс министрлігі Ұш­қыш­сыз ұшу жүйелерін дамыту және қолдану депар­та­­ментінің басшысы Иса Теймуразұлы, Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшылығы бас орталығының басшысы Сәкен Рүстемов, Ұлттық қауіпсіздік академиясының кафедра мең­ге­рушісі Артур Имашев, Қазақ­стан авиация әкімшілігі Лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов, белгілі ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

Жиынды ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев ашып, орталықтың іске қосылуы еліміз­дің технологиялық даму жолында ерекше маңызы бар екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жө­нін­­дегі кеңестің алғашқы оты­ры­сында «Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз бен егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға тікелей байланысты. Әр маман цифр­лық дағдыларды жетік меңгеріп, жасанды интел­лек­тінің мүмкіндіктерін жұмыс барысында тиімді қолда­на білуі қажет» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ үш жыл ішінде елімізді толық цифрландыруға байла­нысты стра­тегиялық мақсат қойды. Осы міндетті жү­зе­ге асыруда ғылыми қауым­дас­тық пен бірлестіктерге зор жауап­кершілік жүктелді. ҚазҰУ-да Ұшқыш­сыз авиация­ны дамыту инновациялық орталығы ашылуы – ауқымды ғылыми жобаларды іске асы­ру­ға, заманауи дрондарды жасап, құрас­тыруға, білікті маман­­дарды даярлауға, студент­тер­дің тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді. Мұнда жасалған дрондар экономи­ка­ның түрлі саласында тиімді қол­данылатын болады. Бір­лес­кен орталық өндіріс пен университет арасындағы маңыз­ды серіктестіктің нақты нәти­жесін көрсетеді. Жобаның іске асуы еліміздегі цифрлық инфрақұрылымның дамуына, азаматтық ұшқышсыз авиация саласындағы мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруға елеулі серпін береді», деді ректор.

Ал «Aerial Solutions» ЖШС Авиациялық оқу орталығының бас директоры П.Құдайбер­генова Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің базасында ашылған Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ғылымды, білімді және заманауи ұшқышсыз технологияларды біріктіріп, халықаралық стандарттарға сәйкес мамандар даярлауға жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, университеттегі академиялық база сапалы тәжірибелік білімді қамтамасыз етіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және цифрлық мониторинг салаларының дамуына ықпал етпек. Орталық жас мамандарға ашылған жаңа мүмкіндік, еліміздегі авиа­ция­лық жобаларды әлемдік дең­гей­ге шығаруға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ Қорғаныс министр­лігі Әуе қорғаныс күштері бас басқармасының жетекшісі Сәкен Рүстемов ұлттық университетпен бұл саладағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталып, еліміздегі әуе қозғалысы саласының дамуы­на елеулі үлес қосатын инно­­ва­циялық жобалардың дамуы ұшқышсыз авиация саласының жаңа деңгейге көте­рілуі­не оң ықпал ететінін баян­дады. Сонымен бірге «Aerial Solutions» компаниясы авиация­лық оқу орталығының басшысы Мәулен Мұстафаев мұнда заманауи кадр­лар даярланатынын жеткізді.

Оның айтуынша, орталық базасында азаматтық және мем­лекеттік авиация саласына мамандар даярлауда қысқа курс­тар өтеді. Соның барысында инженерлер, құрастырушылар біліктілігін арттырып, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысады. Мұнымен қоса ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, биыл жаңа оқу жылынан бас­тап жоғары білімді кадрлар даяр­ланбақ. Бакалаврда оқитын мамандар ұшқышсыз техно­логияларды құрастыру, бас­қару бағытында білім алады. Орталықтың ашылуы – әскер­де азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздарға да үлкен мүмкіндік. Олар Отан алдындағы борышын 1 жыл өтегеннен кейін 2 жыл жаңа оқу жылынан бастап осы бағытта білім алады. Осы орайда «Сарбаз+» жобасымен ынтымақтастық көзделіп отыр. Инновациялық орталықта дрондар мен сервистерді ішкі және халықаралық нарыққа шығару, инновациялық стартаптарды қолдау, коммерцияландыру іске асады.

Бүгінде Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің аумағында 2 мың шаршы метр аумақта дрон құрастыру өндірісі орналасқан. Енді аз уақытта білікті инженерлер еліміздегі дрон өндірісін қолға алып, қорғаныс саласы мен ауыл шаруашылығына арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын болады.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары