Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алматыда Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды

Алматыда Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

 Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөзх қызметінің хабарлауынша, аталған орталық ҚазҰУ мен «Aerial Solutions» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық аясында іске қосылды.

Жаңа ғылыми-инновациялық орталықта отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) модельдерін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім беру және сертификаттау бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, студенттер мен оқытушылардың қатысуымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттары дайындалады.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сонымен қатар орталық аясында дрондар мен сервистерді ішкі және халықаралық нарыққа шығару, инновациялық стартаптарды қолдау және коммерцияландыру көзделген. Жобаның іске асырылуы елдің цифрлық инфрақұрылымын нығайтып, Қазақстанның азаматтық ұшқышсыз авиация саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға елеулі серпін береді.

Ашылу салтанатына ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Түймебаев, «Aerial Solutions» ЖШС Авиациялық оқу орталығының бас директоры Перизат Құдайбергенова, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұшқышсыз ұшу жүйелерін дамыту және қолдану департаментінің басшысы Иса Теймуразұлы, Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшылығының бас орталығының басшысы Сәкен Рүстемов, Ұлттық қауіпсіздік академиясының кафедра меңгерушісі Артур Имашев, Қазақстан авиация әкімшілігінің Лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов, белігілі ғалымдар, оқытушы-профессорлық құрам қатысты.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жиынды ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев ашып, орталықтың іске қосылуы Қазақстанның технологиялық дамуы үшін ерекше маңызы бар тарихи оқиға екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында «Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз бен егемендігіміз осы технологияны қалай пайдаланатынымызға тікелей байланысты. Әр маман цифрлық дағдыларды жетік меңгеріп, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін жұмыс барысында тиімді қолдана білуі қажет» деп атап өткен болатын. Орталық ауқымды ғылыми жобаларды іске асыруға, заманауи дрондарды жасап, құрастыруға, білікті мамандарды даярлауға және студенттердің тағылымдамадан өтуіне кең мүмкіндік береді. Мұнда жасалған дрондар экономиканың түрлі саласында тиімді қолданылатын болады, – деді ректор.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Өз кезегінде «Aerial Solutions» ЖШС Авиациялық оқу орталығының бас директоры Перизат Құдайбергенова:

- ҚазҰУ базасында ашылған Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ғылымды, білім беруді және заманауи ұшқышсыз технологияларды біріктіріп, халықаралық стандарттарға сәйкес мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Күшті академиялық база арқасында университет сапалы практикалық оқытуды қамтамасыз етіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және цифрлық мониторинг салаларының дамуына үлес қосады. Бұл бастама жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, отандық авиациялық жобаларды әлемдік деңгейге шығаруға маңызды үлес қосады, – деп жаңа орталықтың маңыздылығына тоқталды.

Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғаныс күштері бас басқармасының жетекшісі Сәкен Рүстемов жаңа орталықтың алдағы жұмысына табыс тіледі.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

- Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы мен Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің жемісті ынтымақтастығына үміттенеміз. Бұл ауа қозғалысы саласының дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Жобаларыңыздың өркендеуі мен барлық жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілеймін», – деді құрметті қонақ.

Шара соңында қатысушыларға орталықтағы заманауи құрылғылар мен аппараттар көрсетіліп, негізгі атқаратын жұмысы туралы ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 17:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары