24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қыркүйек айындағы VIII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі кезінде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі АҚШ Конгресі ғимаратында таныстырылды.
Қазақстан тарапының шақыруымен арнайы келген мамандар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларындағы түрлі діни топтармен бетпе-бет кездесіп, тәуелсіз сұхбат жүргізген.
Зерттеу тобы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тыңдаушы мемлекет” тұжырымдамасының нәтижесінде пайда болған диалог алаңдарының тиімділігін тілге тиек еткен.
Сол арқылы түрлі діни топтар қауіп ошағы емес, онымен күрестегі әріптестер ретінде жаңа деңгейге көтерілген.
Сондай-ақ “Жусан” операциясы, Діндер съезі, лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық пен мемлекеттің көп векторлы сыртқы саясатына да ерекше көңіл бөлінген.
Уэйд Кюсак, Love Your Neighbor Community президенті әрі негізін қалаушы: - Белгілі бір елдегі діни бостандық деңгейін бағалағанда сол қауымды құдды бір вакуум ішінде өмір сүріп жатқандай қабылдап, ішкі-сыртқы әсерлерді ұмыт қалдырып жатады.
Өзге елдердің негізінде жасалған “халықаралық стандарттармен” салыстырып шешім шығару - қынжылтатын әрекет.