Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2026 жылғы 12–15 қаңтар аралығында өткен Венадағы Түркі апталығы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) айтулы іс-шараларының бірі болып, Ұйымның көпжақты деңгейдегі көрінімділігін және халықаралық деңгейдегі көпжақты өзара ықпалдастығын едәуір нығайтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ТМҰ-ға мүше елдер, Венадағы халықаралық ұйымдарды, дипломатиялық миссиялар, сарапшылар, мәдениет қайраткерлері мен түркі диаспорасының өкілдерін бір арнаға тоғыстырған Түркі апталығы Түркі әлемінің ортақ мұрасын, стратегиялық бағыт-бағдарын және ынтымақтастығын кешенді түрде танытты.
Көрменің ашылу салтанаты: Түркі әлемінің өркениеттер арасындағы рөлі Венада дәріптелді Венадағы Түркі апталығы бір апталық бағдарлама басталмас бұрын ТМҰ мен Венадағы дипломатиялық миссия өкілдерінің басын қосқан жұмыс кездесуінен басталды.
Түркі апталығының алғашқы іс-шарасы ретінде ТМҰ мен Түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы бойындағы Түркі әлемі» тақырыбында өткен фотокөрмесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы бөлімшесінде (UNOV) ашылды.
Ашылу салтанатына Венадағы халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары, дипломатиялық миссия басшылары мен мәртебелі қонақтар қатысты.Аталмыш жиында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) операциялар жөніндегі директордың міндетін атқарушы өкілі Бо Матиасен, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев, Әзербайжанның ТМҰ-ға төрағалығы аясында Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов, БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы (UNIDO) Бас директорының орынбасары Фату Хайдара және БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігі жөніндегі істер басқармасы (UNOOSA) директорының орынбасары Дрисс Эль-Хадани, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директордың міндетін атқарушысы Луис Лонгория сөз сөйледі.
Сөз тізгінін алған қонақтар Түркі әлемінің ұлаң-ғайыр кеңістікте өркениеттерді байланыстырған тарихи рөліне тоқталып, Жібек жолын жаһандық байланыстылықтың мәңгілік символы ретінде бағалады.
Көрме Түркі әлемінің тарихи тереңдігін, мәдени әралуандығын және өркениеттік мұраға қосқан үлесін Венадағы зиялы қауымға баян етті.