Вице президент институты Қазақстанға не береді | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды.. Вице-президент қандай функция атқарады?
Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедтің айтуынша, вице-президент лауазымын енгізу арқылы Мемлекет басшысы басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтпек.
– Ең алдымен, вице-президент басқару тұрақтылығының кепілі ретінде көрінеді.
Ол қызметін Президент айқындайтын мандат шеңберінде жүзеге асырады.
Бұл басқару жүйесінің икемділігін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді ол.
Сарапшының пікірінше, вице-президенттің негізгі функцияларының бірі – Президент пен Парламент арасындағы институционалдық байланысты күшейту.
– Парламенттің рөлі күшейген жағдайда заң шығарушы мен президенттік биліктің өзара әрекеті шешуші мәнге ие болады.
Вице-президент осы байланыста жүйелі диалогты қамтамасыз етеді, – дейді Бөріхан Нұрмұхамед.
Читать полностью
Читать новость