Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
БАҚ-та Ресейдегі Wildberries нысандарына жасалған жаңа шабуылдар туралы хабар тараған соң, қазақстандық сатып алушылар мен сатушылар тарапынан маркетплейс жұмысына қатысты сұрақтар туындады. Tengrinews.kz бұл жағдайдың тапсырыстарға әсері мен компанияның қазақстандық сатушыларды қалай қолдайтынын білу үшін Wildberries-ке хабарласты.
Не болды?
18 шілдеде ұшқышсыз ұшу аппараттары Электросталь мен Котовскідегі Wildberries қоймаларына шабуыл жасады. Сол кезде сегіз адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
Екі күннен кейін кейбір Telegram-арналар компанияның Мәскеу түбіндегі логистикалық кешеніне тағы шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Желіде Колединодағы қоймада өрт шыққаны және қызметкерлер эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады.
Wildberries бізге эвакуация расында жүргізілгенін, алайда оның қауіпсіздік шараларына байланысты болғанын хабарлады.
Қазақстандықтардың тапсырыстары не болмақ?"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Колединодағы қойма кешенінде эвакуация жүргізілді, қазір жұмысшылар орындарына оралды. Wildberries-тің "Коледино" логистикалық кешені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Компанияның негізгі барлық процесі іркіліссіз жүзеге асырылып жатыр, ал БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке компания баспасөз қызметі.
Wildberries Tengrinews.kz-ке шабуылдар сатып алушыларға, соның ішінде Қазақстаннан тапсырыс берушілерге арналған сервис жұмысына әсер етпегенін айтты.
Бұл туралы Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким де жазды. Оның айтуынша, компания логистиканы қайта құрып үлгерген, сондықтан пайдаланушылар тапсырысты әдеттегідей рәсімдей алады.
Қазақстандық сатушылардың жағдайы не болмақ?"Біз командамен бірге сіздер үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз және тауарларды дәл уақытында жеткіземіз. WB сөресінде бар нәрсенің бәріне тапсырыс беруге болады, зардап шеккен қоймалардағы тауарлар жасырылды. Логистикалық инфрақұрылымымыз Wildberries-ті бұрынғыдай оңай әрі ыңғайлы пайдалану үшін процестерді қайта құруға мүмкіндік берді", – деп жазды Татьяна Ким өз Telegram-арнасында.
Компания сатушыларға, соның ішінде қазақстандықтарға қолдау шараларын іске қоса бастағанын хабарлады.
Олардың қатарында тауарларды жеткізгеннен кейін 45 күн ішінде жекелеген қоймаларда сақтауға берілетін жеңілдіктер мен өңірлік қоймаларға транзиттік жеткізілімдер үшін ақыны толық алып тастау шаралары бар.
Қазақстанның Сауда министрлігі не дейді?"Бұл барлық сатушыға қатысты. Қазақстандық сатушылар бойынша, басқалары сияқты, қазір бағалау жүргізіліп жатыр. Нақтырақ бағалауды 30 күн ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Қазақстандағы селлерлерге арналған барлық ақпарат сатушылар порталында және техникалық қолдау қызметінде бар. Қолдау шаралары іске қосылып жатыр", – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Wildberries баспасөз қызметі.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Ресейдегі Wildberries қоймаларындағы кейінгі оқиғаларға байланысты қазақстандық кәсіпкерлерден ешқандай өтініш түспегенін хабарлады.
"400 дрон": мән-жайы"Ол жерде біздің бизнесмендеріміз іс жүзінде болған жоқ. Біз Wildberries өкілдігімен үнемі байланыстамыз. Әзірге ешқандай шағым түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин 20 шілдеге қараған түні сағат 20:30-дан таңғы 05:00-ге дейін Мәскеуге 400-ден астам ұшқышсыз ұшу аппараты ұшқанын хабарлаған.
"Көп бөлігі алыста Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерімен бейтараптандырылды. 85 ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеуге жақындаған кезде жойылды", – деп хабарлады Собянин.
Оның айтуынша, сынықтар құлаған жерлерде шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қоймадағы өрт - БАҚ"Осторожно, новости" Telegram-арнасы Подольск тұрғындары дрондар құлағаннан кейін логистикалық орталық зақымдалғаны туралы айтқанын хабарлады. Олардың сөзінше, кәсіпорын қызметкерлері жаппай эвакуацияланған. Сонымен қатар куәгерлер Климовск ауданында шамамен екі сағатқа созылған қатты түтін туралы хабарлады.
Сондай-ақ тұрғындар ASTRA Telegram-арнасына Wildberries қоймасы мен мұнай базасындағы өрт туралы хабарлаған.
"Подольскідегі Wildberries Коледино логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды жергілікті тұрғындар. Кадрларға қойма үстінен ұшып бара жатқан дрон түсіп қалған", - делінген арна жазбасында.
Кейін БАҚ RWB компаниясына сілтеме жасап, дрон шабуылы кезінде Колединодағы Wildberries логистикалық кешенінің қызметкерлері уақытша эвакуацияланғанын хабарлады.
Компания эвакуация аяқталғаннан кейін қызметкерлер жұмыс орындарына оралғанын, ал қойма штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын нақтылады.
Еске сала кетейік, 18 шілдеге қараған түні дрондар Электростальдағы Wildberries қоймасына соққы жасаған. Бір адам қаза тауып, 50-ден астамы зардап шекті. Ауруханаларда жарланған 40 адам жатыр. Сол уақытта Тамбов облысындағы Котовск қоймасы да соққыға ұшырады. Онда түнгі ауысымдағы жеті қызметкер қаза тауып, тағы 24 адам жарақат алды.
Тағы оқыңыз: Дрондар Мәскеуге тағы шабуыл жасады: МӨЗ өртеніп жатыр, әуежайларда шектеу енгізілді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу