Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдан кейін қазақстандықтардың тапсырыстары не болмақ компания жауабы

Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдан кейін қазақстандықтардың тапсырыстары не болмақ компания жауабы

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

БАҚ-та Ресейдегі Wildberries нысандарына жасалған жаңа шабуылдар туралы хабар тараған соң, қазақстандық сатып алушылар мен сатушылар тарапынан маркетплейс жұмысына қатысты сұрақтар туындады. Tengrinews.kz бұл жағдайдың тапсырыстарға әсері мен компанияның қазақстандық сатушыларды қалай қолдайтынын білу үшін Wildberries-ке хабарласты.

Не болды?

18 шілдеде ұшқышсыз ұшу аппараттары Электросталь мен Котовскідегі Wildberries қоймаларына шабуыл жасады. Сол кезде сегіз адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Екі күннен кейін кейбір Telegram-арналар компанияның Мәскеу түбіндегі логистикалық кешеніне тағы шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Желіде Колединодағы қоймада өрт шыққаны және қызметкерлер эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады.

Wildberries бізге эвакуация расында жүргізілгенін, алайда оның қауіпсіздік шараларына байланысты болғанын хабарлады.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Колединодағы қойма кешенінде эвакуация жүргізілді, қазір жұмысшылар орындарына оралды. Wildberries-тің "Коледино" логистикалық кешені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Компанияның негізгі барлық процесі іркіліссіз жүзеге асырылып жатыр, ал БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке компания баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың тапсырыстары не болмақ?

Wildberries Tengrinews.kz-ке шабуылдар сатып алушыларға, соның ішінде Қазақстаннан тапсырыс берушілерге арналған сервис жұмысына әсер етпегенін айтты.

Бұл туралы Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким де жазды. Оның айтуынша, компания логистиканы қайта құрып үлгерген, сондықтан пайдаланушылар тапсырысты әдеттегідей рәсімдей алады.

"Біз командамен бірге сіздер үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз және тауарларды дәл уақытында жеткіземіз. WB сөресінде бар нәрсенің бәріне тапсырыс беруге болады, зардап шеккен қоймалардағы тауарлар жасырылды. Логистикалық инфрақұрылымымыз Wildberries-ті бұрынғыдай оңай әрі ыңғайлы пайдалану үшін процестерді қайта құруға мүмкіндік берді", – деп жазды Татьяна Ким өз Telegram-арнасында.

Қазақстандық сатушылардың жағдайы не болмақ?

Компания сатушыларға, соның ішінде қазақстандықтарға қолдау шараларын іске қоса бастағанын хабарлады.

Олардың қатарында тауарларды жеткізгеннен кейін 45 күн ішінде жекелеген қоймаларда сақтауға берілетін жеңілдіктер мен өңірлік қоймаларға транзиттік жеткізілімдер үшін ақыны толық алып тастау шаралары бар.

"Бұл барлық сатушыға қатысты. Қазақстандық сатушылар бойынша, басқалары сияқты, қазір бағалау жүргізіліп жатыр. Нақтырақ бағалауды 30 күн ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Қазақстандағы селлерлерге арналған барлық ақпарат сатушылар порталында және техникалық қолдау қызметінде бар. Қолдау шаралары іске қосылып жатыр", – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Wildberries баспасөз қызметі.

Қазақстанның Сауда министрлігі не дейді?

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Ресейдегі Wildberries қоймаларындағы кейінгі оқиғаларға байланысты қазақстандық кәсіпкерлерден ешқандай өтініш түспегенін хабарлады.

"Ол жерде біздің бизнесмендеріміз іс жүзінде болған жоқ. Біз Wildberries өкілдігімен үнемі байланыстамыз. Әзірге ешқандай шағым түскен жоқ", – деп хабарлады ведомство.

"400 дрон": мән-жайы

Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин 20 шілдеге қараған түні сағат 20:30-дан таңғы 05:00-ге дейін Мәскеуге 400-ден астам ұшқышсыз ұшу аппараты ұшқанын хабарлаған.

"Көп бөлігі алыста Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерімен бейтараптандырылды. 85 ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеуге жақындаған кезде жойылды", – деп хабарлады Собянин.

Оның айтуынша, сынықтар құлаған жерлерде шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қоймадағы өрт - БАҚ

"Осторожно, новости" Telegram-арнасы Подольск тұрғындары дрондар құлағаннан кейін логистикалық орталық зақымдалғаны туралы айтқанын хабарлады. Олардың сөзінше, кәсіпорын қызметкерлері жаппай эвакуацияланған. Сонымен қатар куәгерлер Климовск ауданында шамамен екі сағатқа созылған қатты түтін туралы хабарлады.

Сондай-ақ тұрғындар ASTRA Telegram-арнасына Wildberries қоймасы мен мұнай базасындағы өрт туралы хабарлаған.

"Подольскідегі Wildberries Коледино логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды жергілікті тұрғындар. Кадрларға қойма үстінен ұшып бара жатқан дрон түсіп қалған", - делінген арна жазбасында.

Кейін БАҚ RWB компаниясына сілтеме жасап, дрон шабуылы кезінде Колединодағы Wildberries логистикалық кешенінің қызметкерлері уақытша эвакуацияланғанын хабарлады.

Компания эвакуация аяқталғаннан кейін қызметкерлер жұмыс орындарына оралғанын, ал қойма штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын нақтылады.

Еске сала кетейік, 18 шілдеге қараған түні дрондар Электростальдағы Wildberries қоймасына соққы жасаған. Бір адам қаза тауып, 50-ден астамы зардап шекті. Ауруханаларда жарланған 40 адам жатыр. Сол уақытта Тамбов облысындағы Котовск қоймасы да соққыға ұшырады. Онда түнгі ауысымдағы жеті қызметкер қаза тауып, тағы 24 адам жарақат алды.

Тағы оқыңыз: Дрондар Мәскеуге тағы шабуыл жасады: МӨЗ өртеніп жатыр, әуежайларда шектеу енгізілді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 15:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары