КҚК құбырына жасалған шабуылдан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сурет: kbv.kzЭнергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайының экспорттық жолдарын қайта қарауға кірісті, деп жазады ҚазАқпарат.
Министрлік мәліметіне қарағанда, шабуылдар экспортты толық тоқтатпаған. Қауіпсіздік талаптары күшейтілген жағдайда порттың қолданыстағы инфрақұрылымы арқылы мұнай жөнелту жалғасып жатыр.
Ведомство қазіргі уақытта жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу шараларын қолға алған. Соның нәтижесінде Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды.
Энергетика министрлігі жағдай тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Бүгін, 14:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:101
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 15:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















