Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Құрылтайда Қазақстандағы Яндекс Go жұмысындағы ақау мәселесі көтерілді. Депутат Ләззат Жылқыбаева 11 қазанда сервистің істен шығуынан кейін дербес деректерді трансшекаралық тасымалдаудың заңдылығын тексеруді талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандықтардың деректері қайда кетеді?"
11 қазанда қазақстандықтар Яндекс Go-дың кейбір сервистерін пайдалана алмағаны белгілі. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылым ақауымен түсіндірді.
Дербес деректер ашық жарияланып жатыр"Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Азаматтардың телефон нөмірлері, мекенжайлары, жүріп-тұру бағыттары мен төлем мәліметтерін өңдейтін сервис шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректер нақты қай елде және қандай құқықтық режим аясында өңделетінін ашық анықтауды талап етеді", – деді депутат.
Жылқыбаева көтерген тағы бір мәселе – азаматтардың жеке мәліметтерінің ашық жариялануы.
Оның айтуынша, жақында Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеті білім беру ұйымы мемлекеттік сатып алу порталында 529 қызметкердің дербес деректерін жариялап жіберген. Семейде де кәмелетке толмаған 344 баланың деректері ашық қолжетімділікте болған.
"Бұл деректерді алу үшін ақпараттық жүйені бұзудың қажеті болмаған. Оларды қорғауға тиіс ұйымдардың өздері ашық жариялаған", – деп атап өтті депутат.
Ол азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу, банкке жүгіну, емханаға тіркелу немесе баланы мектепке беру кезінде өздерінің дербес деректерін беретінін айтты.
Депутат не ұсынды?"Бірақ одан кейін не болады? Деректерімізді кім қарайды? Қандай мақсатта пайдаланады? Біз мұны қалай бақылай аламыз?", – деп сұрақ қойды Жылқыбаева.
Бас прокурор мен премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Ләззат Жылқыбаева Яндекс Go-дағы іркілістен кейін дербес деректерді трансшекаралық тасымалдаудың заңдылығын, сондай-ақ Қазақстандағы жеке ақпаратты қорғау талаптарының сақталуын тексеруді ұсынды.
Сондай-ақ депутат ұйымдардың ашық жариялауға болмайтын дербес деректерді бүркемелеу талаптарын сақтауын тексеруді, дербес деректерді қорғау жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыруды және жергілікті атқарушы органдар үшін тексерулердің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді ұсынды.
Яндекс Go-да не болды?11 қазанда Қазақстанда такси мен курьерлерге арналған "Яндекс" сервистері жұмыс істемей қалды. БАҚ мәліметінше, бұған Ресейдегі компанияның дата-орталықтары инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы себеп болған.
Тағы оқыңыз: Ақша есептен шығарылды, бірақ сапар жасалған жоқ: қазақстандық Яндекс Go-дағы ақауға шағымданды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу