Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Яндекс Go ақауы: депутат Бас прокурорға жүгінді

Яндекс Go ақауы: депутат Бас прокурорға жүгінді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құрылтайда Қазақстандағы Яндекс Go жұмысындағы ақау мәселесі көтерілді. Депутат Ләззат Жылқыбаева 11 қазанда сервистің істен шығуынан кейін дербес деректерді трансшекаралық тасымалдаудың заңдылығын тексеруді талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтардың деректері қайда кетеді?"

11 қазанда қазақстандықтар Яндекс Go-дың кейбір сервистерін пайдалана алмағаны белгілі. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылым ақауымен түсіндірді.

"Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Азаматтардың телефон нөмірлері, мекенжайлары, жүріп-тұру бағыттары мен төлем мәліметтерін өңдейтін сервис шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректер нақты қай елде және қандай құқықтық режим аясында өңделетінін ашық анықтауды талап етеді", – деді депутат.

Дербес деректер ашық жарияланып жатыр

Жылқыбаева көтерген тағы бір мәселе – азаматтардың жеке мәліметтерінің ашық жариялануы.

Оның айтуынша, жақында Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеті білім беру ұйымы мемлекеттік сатып алу порталында 529 қызметкердің дербес деректерін жариялап жіберген. Семейде де кәмелетке толмаған 344 баланың деректері ашық қолжетімділікте болған.

"Бұл деректерді алу үшін ақпараттық жүйені бұзудың қажеті болмаған. Оларды қорғауға тиіс ұйымдардың өздері ашық жариялаған", – деп атап өтті депутат.

Ол азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу, банкке жүгіну, емханаға тіркелу немесе баланы мектепке беру кезінде өздерінің дербес деректерін беретінін айтты.

"Бірақ одан кейін не болады? Деректерімізді кім қарайды? Қандай мақсатта пайдаланады? Біз мұны қалай бақылай аламыз?", – деп сұрақ қойды Жылқыбаева.

Депутат не ұсынды?

Бас прокурор мен премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Ләззат Жылқыбаева Яндекс Go-дағы іркілістен кейін дербес деректерді трансшекаралық тасымалдаудың заңдылығын, сондай-ақ Қазақстандағы жеке ақпаратты қорғау талаптарының сақталуын тексеруді ұсынды.

Сондай-ақ депутат ұйымдардың ашық жариялауға болмайтын дербес деректерді бүркемелеу талаптарын сақтауын тексеруді, дербес деректерді қорғау жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыруды және жергілікті атқарушы органдар үшін тексерулердің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді ұсынды.

Яндекс Go-да не болды?

11 қазанда Қазақстанда такси мен курьерлерге арналған "Яндекс" сервистері жұмыс істемей қалды. БАҚ мәліметінше, бұған Ресейдегі компанияның дата-орталықтары инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы себеп болған.

Тағы оқыңыз: Ақша есептен шығарылды, бірақ сапар жасалған жоқ: қазақстандық Яндекс Go-дағы ақауға шағымданды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see110

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see109

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see108

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see108

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары