Янукович тағы 15 жылға сотталды: Украинаның экс президентіне жаңа үкім шықты | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке тағы бір сырттай үкім шығарылды.
Ол жер телімдерін заңсыз иемденгені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2007 жылы премьер-министр болған Виктор Янукович Киев облысындағы Днепр-Тетерев орман-аңшылық шаруашылығына қарасты орман қоры жерін иемдену мақсатында жер мәселесіне қатысты шешімдердің қабылдануына бастамашы болған.
«Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін бұрынғы президенттің сыбайластары өздеріне жақын адамдарды тартқан.
Олар Киев облыстық мемлекеттік әкімдігіне көлемі 1 гектарға дейінгі жер телімдерін беру туралы бірнеше өтініш тапсырған, кейін олардың нысаналы мақсатын өзгертуге қол жеткізген.
Бұл өз кезегінде жерді бұрынғы президенттің бақылауындағы компанияға кедергісіз беруге мүмкіндік берді», деп хабарлады ВАКС.
Читать полностью
Читать новость