Ыстамбұлдағы көпқабатты үйдің құлау сәті видеоға түсіп қалды

08.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ыстамбұлда жеті қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Үйінді астында адамдар қалып қойған, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Haberler.com.

Үш қабаты опырылған

Төтенше жағдай 8 қазан күні таңертең Малтепе ауданында болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40 шамасында жеті қабатты үйдің үш қабаты құлаған. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, AFAD, полиция, медицина қызметкерлері және басқа да жедел қызмет өкілдері жетті. Ғимарат ішінде қамалып қалған жоғарғы қабат тұрғындарын құтқарушылар эвакуациялады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінді астында 12 адам қалуы мүмкін. Құтқарушылар үйінді арасынан бірнеше зардап шегушіні алып шықты. 8 қазан таңғы жағдай бойынша іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

Ғимарат толығымен құлап кетуі мүмкін

Билік ғимараттың қалған бөлігі де опырылып түсуі мүмкін екенін ескертті. Үйдің айналасы қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ыстамбұл провинциясының губернаторы Давут Гюль үйдің 1987 жылы салынғанын мәлімдеді. Оның дерегінше, ғимаратта 12 пәтер болып, онда 33 адам тіркелген. Бірінші қабатта тоқыма цехы жұмыс істеген. Губернатордың айтуынша, құтқарушылар үйінді астынан бес адамды шығара алған. Тағы жеті адам қирандылар астында қалып отыр, олардың төртеуімен байланыс орнатылды.

Үйдің опырылуына байланысты Ыстамбұл прокуратурасы тергеу амалдарын бастады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью