Зейнетақы қорындағы ақша: бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?

11.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бес жылдан бері ел азаматтары зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан ақшасының игілігін көріп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы жинақ қаржысының артық бөлігін «шаршы метрлерге» айналдырып, көп азаматтың денсау­лығын қалыпқа келтіруге көмектесті.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Өзгеріс пен сұраныс

Жинақтан ақша алу тәртібіне былтырдан енгізілген өзгерістер осы мүмкіндіктің тиімсіз тұстары болғанын да жоққа шығармайды. Біз зейнетақы тәжірибесінің бесжылдық қорытын­дысын талдап, талаптардың неліктен қатаңдағанын анықтауға тырыстық.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жүргіз­ген талдауға жүгінсек, 2021 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде біржолғы зейнет­ақы төлеміне арналған жалпы сомасы 5,55 трлн теңгені құрайтын 4,2 млн өтініш орындалған. Алын­ған ақшаның көп бөлігі (4,56 трлн теңге) тұрғын үй жағ­дай­ларын жақсартуға бағытталған. Ал емделуге мақұл­данған қаражат көлемі 984,93 млрд теңгені құраған.

Қаражат ең көп жұмсалған бағыт­тарға мыналар жатады: үй алу – 2,17 трлн теңге, үйге арналған жи­нақты толықтыру – 592,92 млрд теңге, стоматологиялық қызметтер – 654,25 млрд теңге. Байқағанымыздай, аз қаражат емес. Алайда мұндай тәжірибе азаматтарға қаншалықты пайдалы болды? Ел экономикасына әсері қандай? Экономист Досым Бесбайдың пікірінше, қаражаттың негізгі бөлігінің тұрғын үйге бағытталуын оң аспекті деуге болады. Ал зейнетақы жинағын үй сатып алуға пайдалану – саналы қадам.

«Қазіргі мүмкіндік болашақ жинақтардың көлемін қысқартқаны­мен, қаражат тұтынуға емес, салым­шылардың инвестициясына жұмса­лып жатыр. Бұл жинақтаушы зейнет­ақы қорының мақсаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар экономикаға да оң әсер етеді. Өйткені зейнетақы жинағын үй алуға белсенді пайдалану жылжымайтын мүлік нарығы мен құрылыс секторының дамуына серпін береді», дейді сарапшы.

Биыл зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды. Сондай-ақ ең төменгі жеткілікті шек те көтерілді. Еске салайық, бұ­дан бұрын жеткілікті шек тек 2023 жылы ғана өскен. Орта есеппен қазіргі жеткілікті шек өсімі 10%-ды құрап отыр. Мысал келтірсек, 20 жастағы отандастарымыздың шо­тын­да ақша алынғаннан кейін қалуы ке­рек ең төменгі сома – 3,72 млн теңге (был­тырғы меже 3,26 млн теңге болған), ал 30 жастағы азаматтар үшін – 4,58 млн-нан 5 120 млн тең­геге дейін өскен. 60-62 жастағы ел тұр­ғындары биыл жинақтан ақша алу үшін БЖЗҚ шотына 10,7 млн тең­геден астам қаражат жинауы керек.

Сәйкесінше, жыл басында тұр­ғын үй жағдайын жақсарту үшін зей­нетақы жинақтарын алу белсенділігі кейінгі бір жарым жылдағы минималды деңгейге дейін төмендеді. Қаңтарда ел азаматтары осы мақсатта зейнетақы жинақтарын пайдалануға 38,6 мың өтінім рәсімдеген. DATA HUB сараптамалық арнасы бұл көрсеткішті тым төмен деуге болмайтынын айтады. Өйткені ол белсенділік толқыны басталған 2024 жылғы шілде-қыркүйектегі деңгеймен сәйкес келеді.

«Жыл басындағы өтініштер саны 2025 жыл­ғы қаңтармен салыстырған­да үштен бірге қысқарған. Ал 2025 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен шамамен 10 есе төмендеді. Алайда желтоқсандағы көрсеткіш шамадан тыс жоғары. Бұл үрдіске негізінен, азаматтардың ең төменгі жеткілікті шек көтерілгенге дейін қаражатты алу мүмкіндігін пайдаланып қалу­ға деген ұмтылысы ықпал етті. Ақ­шалай көрініске келсек, қарқын бұрынғыдай емес. Қаңтарда тұрғын үй алу мақсатындағы орындалған өтініштердің жалпы құны 50,9 млрд тең­ге болды. Желтоқсанға қарағанда көр­сеткіш 77%-ға төмендеген. Жинақты пайдалануды баяулататын тағы бір фактор – ипотекалық қарыздарды мерзімінен бұрын жабу ережесіндегі өзгерістер. Қаңтардың соңында белгілі болғандай, азаматтар зейнетақы ақшасы есебінен ипотеканы ішінара немесе толықтай жабатын кезде қаражатты тек не­гізгі қарызға бағыттай алады. Енді біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы пайыздарды қоса алғанда, айлық төлемді толық жабуға болмайды. Оған жеке қаражатты тарту талап етіледі», дейді сарапшылар.

Сарапшылар емделу үшін зейнет­ақы жинағын пайдалану жағ­дайына да көңіл бөлді. Күрт толқу­лардан кейін қаңтар айының жар­ты­сында мұндай операциялар бар­лық санат бойынша тоқтатылды. Бұл қысқа кезеңде жалпы сомасы 0,6 млрд теңгені құрайтын 0,6 мың өті­ніш орындалған. Қаражаттың ра­диохирургиялық емдеу тәсілдерін төлеуге жұмсалғаны хабарланды. 

Алаяқтықтың ақыры

«Tengenomica» арнасы сарапшы­лары­ның пікірінше, бұған дейін болған үрдістерді кездейсоқ деуге кел­мейді. Зейнетақы жинағын алу та­­рихы кейінгі айларда бір-біріне ұқ­сас сце­нарийде жалғасты. Алды­мен­ сто­матология, содан соң оф­таль­мо­логия, кейін пластикалық опе­ра­­ция тоқ­таты­лып, белсенділік тол­қыны бірінен соң біріне ауып отырған.

«Схемалармен күрестен кейін халық үшін шынайы мүмкіндіктер де қысқарып жатыр. Шынымен емге мұқтаж адам өзгенің теріс әре­кеті салдарынан емге зейнетақы қар­жысын пайдалана алмайтын болды. Қаржыландыру арнасы зиянды болғандықтан емес, оны біреу өте тиімді пайдалануды үйренгендік­тен жабылды. Мүмкін барлық ты­йымды қайтарып, бұрынғыдай тек жинақтауды қалдыру оңай болар», дейді сарапшылар.

Жыл басында «ауыр дертті па­циент­тердің» белсенділігі тым жо­­­ға­ры­лағаннан кейін Отбасы банкі Денсаулық сақтау министр­лі­гіне сұрау салды. Ведомство радио­хи­рур­гиялық емді тек тиісті лицензиясы, радиациялық қауіпсіздік жүйесі, арнайы жабдығы, дайын мамандары бар медициналық ұйымдардан алуға болатынын айтқан. Кейін банк сарапшылары радиохирургияға арналған өтініштерді талдап, олардың көп­ бөлігі Шымкент қаласында орналас­қан екі медициналық ұйымға бағыт­талғанын анықтады. Бұл ұйымдарды тексерген соң олардың мұндай қыз­метті көрсетуге лицензиясы, қажетті жабдығы, тиісті орны жоқ екені белгілі болды. Алматы облысындағы та­ғы бір клиника келісімшартта көрсетілген мекенжайда мүлдем болмай шықты. Осыдан соң Отба­сы банк пен Денсаулық сақтау министрлігі 12 қаңтардан бастап емделуге арналған барлық өтініш түрін қабылдауды тоқтатты.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Зейнетақы қаражаты есебінен емделу ақысын төлеу мүмкіндігі қайта қалпына келе ме?» деген сұраққа Отбасы банк «Біз Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, біржолғы зейнетақы төлемі есебінен медициналық қызметтерді алудың талаптарын қайта пысық­тауды, зейнетақы жинақтарын мақ­сатсыз пайдалануға жол бермеу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын күшейтуді жоспарлап отырмыз» деп жауап берді. Алайда мұның нақты қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Жинақтағы артық ақшаны пайдалану мүмкіндігі елде БЖЗҚ-дан жаппай ақша алуға ұласып кетті. Оның ішінде ақшаны мақсатсыз пайдалану фактілері де жоқ емес. Билік ережелерді жылдам өзгертіп, аталған мүмкіндікті төмендете бас­та­ды. Енді бұл қаражатты тек тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақса­тында ғана шешіп алуға болады.

Экономист Мағбат Спановтың пайымдауынша, БЖЗҚ – ел эконо­ми­касының дамуына көмекте­сетін қаржылық ресурстың бірі. Сол себепті бұл қаражатты пайдалан­ғысы келетіндер көп. «Мен мұны артық ақша деп айтпас едім. Әрине, экономикада бірнеше триллион тең­генің қозғалыссыз жатқаны дұрыс емес. Қордағы ақшаның азамат­тар арқылы айналымға енгені әлде­қайда тиімді. Сондықтан менің көзқарасымда  қаржыны шығарып алуға толық не ішінара тыйым салу орынсыз. Не дегенмен адамдар өз бетінше ақша тауып, қорға аударып жатыр. Сол себепті олар нормативтен асатын қаражатты пайдалануға құқылы», дейді М.Спанов.

Сарапшының айтуынша, артық ақшаны мақсатсыз пайдалану ақша шешу тетігінен емес, үдерісті бақы­лаудан туып отыр. Демек теріс әре­кеттерге жол бермеу үшін заңнама талабын күшейту қажет.

«Шешіп алынған ақша көлеңкелі секторға кетсе, бұл экономикалық реформаларды қабылдауда да, зейнет­ақы жүйесінде де жағымсыз көрі­ніске әкеледі. Мұның бәрі эконо­микаға кері әсерін тигізеді. Мен БЖЗҚ-дан ақша алуды жаппай сипат алды демес едім. Қазір қордан ақша алудың жеткілікті шегі жоғары, оған жету үшін көбірек жұмыс істеп, табысты молайту керек», дейді ол. 

Халықаралық үлгі

Салық заңгері Айдар Масатбаев­тың айтуынша, әлем елдерінің зей­нетақы жинақтаушы жүйесінде де тарқатылмаған түйін бар. Бір жағы­нан адамдарға ақша дәл қазір ке­рек, екінші жағынан зейнетақы қоры қарт­тыққа дейін қолжетімсіз болуға тиіс.

«Әлемде зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын ақша алудың бірнеше танымал үлгісі бар. Олардың қатаңдық деңгейі мен бақылау шаралары әртүрлі. Мысалы, соның бірі зейнетақы жинақтарын орынды пайдалану мен қаражаттың сақ­талуын қатаң қадағалайды. Тек ерекше жағдайларда ғана ақшаны ме­ди­циналық, әлеуметтік мақсатқа жұм­сауға болады», дейді А.Масатбаев.

Мәселен, Аустралияда тек меди­ци­налық көрсеткіштері бойынша азаматтарды емдеу немесе та­сы­малдау кезінде жинаққа ерте қол жет­кізуге болады. Сон­дай-ақ кейбір күрделі өмір жағдай­ла­рын­­да рұқсат етіледі. Бұл ретте қажет­­тілік пен қаражаттың қол­да­ны­луы белгілі бір формалды кри­терий­лер мен тексерістен өтеді. Яғни мемлекет өмірді жақсарту саясатын ұстанбайды, керісінше ауыр жағдайларға тап болғандарға ерекше шешім ретінде көмек көр­сетеді. Жаңа Зеландияның тәр­тібі де осыған ұқсас. Бірақ онда зей­нет­ақы қаржысының бір бөлігін ал­ғашқы тұрғын үйді сатып алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар. Син­гапурде қаржыны пайдалану жас шегі мен төмендетуге болмайтын қалдыққа тәуелді. Жүйенің өзі көп­мақсатты қор (зейнетақы + тұрғын үй + медицина) ретінде құрылған. Осы үлгі азаматтарға жинақтың пайдасын сезінуге көмектеседі. Алайда мұнда адамның өзіне қатаң тәртіп керек. Яғни ол шығындарын нақты қадағалап, жинақтың белгілі бөлігі уақытынан бұрын жұмсалуына жол бермеуге тиіс. Ал Малайзия­да жи­нақтың зейнетақы бөлігі мен өмірлік мақсаттарға бағыттал­ған бөлігі сақ­талуы заңды. АҚШ үлгісінде азамат «өзінен-өзі» қарыз алып, оны салық төлеу арқылы қай­таруға міндетті.

Осы тәжірибелер көрсетіп отыр­ғандай, ел азаматтарының жи­нақ­қа қол жеткізе алуы да, зей­нет­ақы резервін сарқып алмауы да маңызды. 

Соңғы жаңалықтар

Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды

Білім • Бүгін, 23:42

Жүйелі де сапалы шаралар керек

Пікір • Бүгін, 08:10

Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды

Саясат • Бүгін, 08:05

Ел мүддесін қорғау үшін түбегейлі жаңару мен экономиканы нығайту маңызды

Саясат • Бүгін, 08:00

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

Елорда • Бүгін, 00:06

Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Мұқағали мұрасы дәріптелді

Әдебиет • Кеше

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады

Президент • Кеше

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Президент • Кеше

«Таза Қазақстан»: Абай университетінің студенттері Іле-Алатау паркімен экологиялық жобаларды іске асырады

«Таза Қазақстан» • Кеше

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Күрес • Кеше

Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Олимпиада • Кеше

Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты

Оқиға • Кеше

Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?

Олимпиада • Кеше

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью