Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың аяқ асты қызметінен кетуі біраз дау туғызды.
Бокс федерациясының (ҚБФ) өкілдері ол денсаулығына байланысты өз орнын босатты десе, майталман маманның отбасы мүшелері жоғарыдағы әңгімені жоққа шығарды.
Қайрат Тұрсынқанұлы еңбек жолын Абай облысының Аякөз қаласында қарапайым бапкерліктен бастады.
Сол жақта жүріп, дарынды жастарға жұдырықтасу өнерінің қыр-сырын үйретті. Кейіннен облыстың аға жаттықтырушысы болды.
Сол кезде Семей өңірінен көптеген жақсы боксшылар шықты. Оның еңбекқорлығы мен жұмыс істеу стилі ҚФБ басшыларының көңілінен шықса керек, көп
Бұл ретте де несібесіз болған жоқ. Қайраттың командасы әлем, Азия біріншіліктерінде үнемі алдыңғы лектен көрінді.
2021 жылы Токио Олимпиадасында еліміздің құрамасы сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін республикамыздың бас командасының тізгінін Сәтжанов ұстады.