Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
2026 жылдан бастап жаңа оңайлатылған режимге қалай өтініш беруге болады?
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны келесі тәсілдермен беруге болады:
Салық төлеушінің кабинетi арқылы (СӘИЖ АЖ жүйесінде "Құжаттарды тапсыру" → "Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама");"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы ("Сервис" бөлімі → "ДК салық режимін өзгерту");Қағаз түрінде орналасқан жері бойынша МКБ-на;Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (Kaspi Bank және Halyk Bank).Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама тапсырдым, бірақ бас тарту келді. Неліктен?
Бас тарту себебі хабарламаны өңдеу нәтижесінде әрдайым көрсетіледі.
Оны Құжаттар → Менің құжаттарым → Салық өтініші → Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама → Қабылдау немесе бас тарту туралы электрондық хабарлама бөлімінен тексеріңіз.
Онда хабарламаның не себепті қабылданбағаны көрсетіледі.
Оңайлатылған режимге көшу туралы хабарлама тапсырдым. Нәтижесін қайдан көруге болады?
Нәтижені Құжаттар → Менің құжаттарым → Салық өтініші → Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама → Электрондық хабарлама бөлімінен көруге болады. Сондай-ақ Профиль бөліміндегі "Салық салу режимі" бөлімінен де қарауға болады.
Хабарлама берген кезде келесідей бас тарту шығады:" ЭҚЖЖ рұқсат етілген тізімге кірмейді", бірақ тыйым салынған тізімде жоқ. Неліктен?
Көбінесе бас тартудың себебі — көрсетілген ЭҚЖЖ коды ескірген, өзгертілген немесе жіктеуіштен алынып тасталған болуы мүмкін.
Мысалы, 86900 ЭҚЖЖ күші жойылып, оның орнына 86901 және 86909 енгізілген; 62022 ЭҚЖЖ жіктеуіштен толықтай алынып тасталған.
Не істеу керек? Экономикалық қызмет түрін тіркеу деректерінде жаңарту қажет:
ДК - тіркеу деректеріне өзгеріс енгізу туралы хабарлама тапсыру; Заңды тұлғалар - тіркеуші органдар арқылы немесе "Е-статистика" жүйесінде өзгерістер енгізу.Деректер жаңартылғаннан кейін және барлық талаптар сақталған жағдайда, қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны қайта тапсыру қажет.
Дара кәсіпкерді (ДК) жаба алмай отырмын: өтініш толтырылған, бірақ "Қол қою және жіберу" батырмасы белсенді емес.
Салық төлеушінің кабинетi арқылы өтініш берген кезде Салық кодексінің 74-бабы тармақтарының жанында тұрған қызыл белгіге назар аударыңыз. Оны бассаңыз, жүйе нені түзету қажет екенін көрсетеді.
Жиі кездесетін себептер:
таратылу (жабу) бойынша салықтық есептілік тапсырылмаған;бақылау-касса машинасы (БКМ) есептен алынбаған;басқа да аяқталмаған міндеттемелер бар.Себептер жойылғаннан кейін батырма белсенді болады.
Бұған дейін салықтық есептілік нысанын кері қайтарып алу, шегерімдер, ЖК есептілік нысандары жайлы нені білу керектігін жазғанбыз.