Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиалында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақырыбында ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңірлердің атқарар қызметі кеңінен талқыланды.
Жиынға мемлекеттік органдар өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастық мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституцияның елдің қоғамдық-саяси дамуына ықпалы туралы пікір алмасып, оның өңірлік саясатты жетілдірудегі рөлін талқылады.
Жиында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа Конституция еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа кезеңнің бастауына айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық реформаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып қана қоймай, өңірлердің ел дамуына қосатын үлесін арттыру.
– Жаңа Конституцияның басты қағидаты – адамға бағдарлану. Яғни мемлекет саясатының өзегінде адам және оның қажеттіліктері тұрады. Бұл, ең алдымен, атқарушы билікке, соның ішінде өңірлік әкімдіктерге қойылатын нақты талап. Индустриялық-технологиялық өңір саналатын Қарағанды облысы үшін негізгі заң жобасында көрініс тапқан жаңа идеологиялық ұстанымдардың маңызы ерекше. Еңбекқорлық, прогресс, білім құндылықтары мен жоғары экологиялық мәдениет – қоғам дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Жаңа Конституция жұмыспен қамту, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау және адам капиталын дамытуға бағытталған ұзақмерзімді бағдарламаларды тұрақты қолдаудың берік құқықтық негізін қалыптастырады, – деді өңір басшысы.
Конституциялық реформаның негізгі міндеттерінің бірі – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту. Осы тұрғыда Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов сот жүйесін жаңғырту мен оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
Ол жаңа Конституцияның қолданыстағы Конституциядан айырмашылығы, не себепті дәл қазір жаңа Конституция қабылдау қажет екенін, бұл өзгерістер сот пен құқық қорғау жүйесіне қалай әсер ететінін түсіндірді.
Оның айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция тәуелсіздігін енді алған жас мемлекеттің қалыптасуына қызмет етті. Ал жаңа Конституция еліміздің мыңжылдық тарихы бар мемлекет екенін, Ұлы дала өркениетінің мұрагері екенін айқындап, тәуелсіздік пен жер тұтастығын өзгермейтін басты құндылық ретінде бекітеді.
– Егер Конституция заман талабынан қалып қойса, бұл мемлекет үшін ең қауіпті жағдайға айналады. Конституция – дәуірдің тілі, қоғамның айнасы. Айна ескірсе, бүгінгі шындықты көру қиын. Ал шындықты көрмеген мемлекет ертең дұрыс шешім қабылдай алмайды, – деді сенатор.
Оның айтуынша, жаңа құжат қазіргі геосаяси жағдайды, қоғамдағы өзгерістерді және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып әзірленген. Сонымен бірге азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар маңызды нормалар енгізілген. Атап айтқанда, адамды тек өз мойындауы негізінде соттауға тыйым салу, ұсталған сәттен бастап адвокат көмегін алу құқығын қамтамасыз ету, судьялардың тәуелсіздігін нығайту және құқықтық кепілдіктерді арттыру қарастырылған.
Жиында сөз алған Қарағанды индустриялық университетінің басқарма төрағасы – ректор Бақыт Жәутіков ғылыми қауымдастықтың жаңа саяси жүйені қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Оның пікірінше, академиялық орта азаматтық мәдениетті дамытуда, сараптамалық талдау жүргізуде және жаңа қоғамдық-саяси институттар үшін кәсіби кадрлар даярлауда маңызды қызмет атқарады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов еңбек құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, еңбек заңнамасын жаңғырту әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін айтты.
Экологиялық тұрақтылық мәселелері де жиын барысында кеңінен сөз болды. «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Елдос Абақанов табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен энергия үнемдеу саясатының қазіргі мемлекеттік басқарудағы маңызды бағыттардың біріне айналғанын атап өтті.
Ал «Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков жаңартылған саяси архитектура жағдайында партиялық жүйені дамыту мәселесіне тоқталса, Гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Айжан Қиясова жаңа Конституцияның отбасы институтын нығайтудағы рөлін айтып өтті. Ол отбасылық құндылықтарды қолдау мен әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі екенін айтты.
Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Закиров жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігіне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құру жолында жас буынның бастамалары мен идеялары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Жастар – кез келген мемлекеттің болашағы. Сондықтан олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, ел дамуына өз үлесін қосуы аса маңызды. Жаңа реформалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық, – деді ол.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конституциялық реформаның маңызын жан-жақты талқылап, қоғамдық диалогті дамыту мен сарапшылық пікір алмасуды күшейтудің қажеттігін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, өңірлердің бастамалары мен ұсыныстары елдің жаңа институционалдық архитектурасын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Жиын соңында қатысушылар конституциялық реформаны сарапшылық тұрғыдан қолдау, қоғамдық диалогті нығайту және жаңа қоғамдық-саяси жүйені қалыптастыру үдерісіне өңірлердің белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті. Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ортақ пайымынша, жаңа Конституция Қазақстанның демократиялық даму жолын нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға және өңірлердің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Пікір • Бүгін, 09:00
Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?
Ата заң • Бүгін, 08:55
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Әлем • Бүгін, 08:50
Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы
Әдебиет • Бүгін, 08:45
Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу
Жәдігер • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:35
Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін
Экономика • Бүгін, 08:30
Ертіс-Баяндағы «Ғашықтар хикаясы»
Театр • Бүгін, 08:25
Мәселе • Бүгін, 08:20
Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?
Шаруашылық • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:15
Кәсіпкер • Бүгін, 08:12
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Сатира • Бүгін, 08:07
Спорт • Бүгін, 08:05